"Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 985 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

"Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 2-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесі Басшысының орынбасарлары.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілдері, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол Бастығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Протокол Бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімінің меңгерушісі.";

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:

      "31-1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне дипломатиялық поштаны жеткізуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің қызметкерлері.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры және оның орынбасарлары.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады