1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2020 жылға арналған жоспары бойынша қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2019 жылғы 30 желтоқсанға дейін қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей Тарапына жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 999 қаулысымен бекітілген |
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2020 жылға арналған жоспары бойынша қорытынды
1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімнің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Тарапы ұсынған (Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы№ 23323/3дснг нотасы) 2016 – 2025 жылдарға арналған Ресейдің Федералдық ғарыштық бағдарламасы, "2012 – 2020 жылдарға арналған ГЛОНАСС жүйесін ұстау, дамыту және пайдалану" федералдық нысаналы бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары мен коммерциялық жобалар шеңберінде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2020 жылға арналған жоспарын келіседі.
Бұл ретте, пайдаланылуы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы халықаралық шарттармен реттелмеген Қостанай және Ақтөбе облыстарының аумақтарында "Союз-2" тасымалдағыш зымырандарынан бөлінетін бөліктер құлайтын жаңа аудандарды пайдалануды көздейтін ғарыш аппараттарын ұшыру тиісті халықаралық шарттарға қол қойылып, олар күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін.