Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |
ЖОБА |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21 -құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және жылжыту, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы, № 77, (28954), ҚР Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 8, 45-құжат):
1) мазмұнындағы 66, 67, 68, 82 және 83-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
2) мазмұнындағы 14-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы және өзара жауапкершілік";
3) 3-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы және өзара жауапкершілік;";
4) 14-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы және өзара жауапкершілік";
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілері өз міндеттерін орындаған немесе өздеріне заң бойынша берілген құқықтарды іске асырған кезде олардың әрекеттерінің адалдығы көзделеді.
Кәсіпкерлік субъектісі сонымен қатар, егер құқықтарын, заңды мүдделерін іске асыру және (немесе) міндеттерін орындау кезінде ол мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған бекітіліп берілген кұзыреті шегінде берген ресми түсіндірулерін басшылыққа алса, оның ішінде, егер мұндай түсіндіру кейіннен кері қайтарылып алынса, қате деп танылса немесе жаңа, мағынасы бойынша өзге түсінік берілсе, адал деп есептеледі.
Мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін актісін шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өтелуге жатады.
4. Кәсіпкерлік субъектісі жол берген Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы тексеру жүргізу барысында сипатталуы тиіс. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзу фактісі туралы куәландыратын дәлелдердің негіздемесі мен мән-жайлардың ашылуы мемлекеттік органдарға жүктеледі.
Кәсіпкерлік субъектілері ұсынған, мемлекеттік орган қарайтын мән-жайлар туралы нақты деректер сот немесе мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес керісінше белгілегенге дейін дәйекті болып есептеледі.
Барлық белгісіздіктер және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде реттелмеген мәселелер кәсіпкерлік субъектісінің пайдасына түсіндіріледі.";
5) 62-баптың екінші бөлігіндегі "осы Кодекстің 83" деген сөздер "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-2" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 64-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Аккредиттеуді өткізу тәртібін, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудің күшін жоюдың негіздері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";
7) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"65-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";
8) 66, 67 және 68-баптар алып тасталсын;
9) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"69-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын халықаралық шарттар жасасудың ерекшеліктері
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеу кезінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көзделген тәртіп қолданылады.";
10) 82 және 83-баптар алып тасталсын;
11) 107-баптың 2-тармағындағы "осы Кодекстің 83" деген сөздер "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-2" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 109-баптың 2-тармағындағы "осы Кодекстің 83" деген сөздер "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-2" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 129-баптың 10-тармағындағы "осы Кодекстің 83" деген сөздер "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-2" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; № 63 (28940); 2019 ж., № 7 (2782), 37-құжат):
1) 3-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын үйлестіру, сондай-ақ жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу, ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттің реттеуші саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;";
2) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді, реттеуші саясатты іске асыруға жәрдемдеседі.";
3) 15-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшаларымен толықтырылсын:
"1-1) орталық мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмыстарын үйлестіру;";
"2-1) заң жобасы бойынша оның тұжырымдамасы және оны іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса тіркелуге тиіс ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
2-2) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы мен ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасы бойынша заң сараптамасының нәтижелерін қамтитын заң жобасы бойынша қорытынды беру;
2-3) өз құзыреті шегінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Реттеуші саясаттың консультативтік құжатын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау рәсімдерін жүргізуді үйлестіру;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) құқықтық ақпараттандыруды, "Е-заңнама" ақпараттық жүйесін жүргізуді, Қазақстанда бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесін жүргізуді қамтамасыз ету;";
4) 19-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) эталондық заңнамалық актілерді және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, ақпараттық және анықтамалық-әдістемелік материалдарды шарт негізінде, оның ішінде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесін пайдалана отырып беру;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленетін заң жобаларын және қабылданған заңнамалық актілерді ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен келісу.";
5) 23-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өз қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын, оның ішінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін талдап, қорыту және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу;".
3. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1,2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аграрлық өнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы, "Егемен Қазақстан" 27.11.2019 ж., № 230 (29709); "Казахстанская правда" 27.11.2019 ж., № 230 (29107); ҚР НҚА Электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі):
1) 18-бапта:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне" деген сөздер "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Рұқсат алу тәртібін регламенттейтін, рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын және (немесе) өтініш берушілердің осындай талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күндік мерзім өткенге дейін қолданысқа енгізіле алмайды.".
4. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 10, 35-құжат; 2007 ж., № 4, 34-құжат; 2010 ж., № 17-18, 109-құжат; 2011 ж., № 7, 54-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат; № 23, 138-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2019 ж., № 2, (2777) 6-құжат):
1) 4-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша ғылыми сараптама жүргізуді "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым қамтамасыз етеді.
Халықаралық шарттың жобасын дайындауға немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шартты жасасуға бастамашылық жасауға қатысқан сарапшының (сарапшылардың) ғылыми сараптама жүргізуіне жол берілмейді.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) ратификациялауға жататын халықаралық шарттарды жасасуға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін айқындау;";
3) 4-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін, халықаралық шарттар
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және сараптама кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындысын алу міндетті.";
4) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдары халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныс енгізу кезінде бір мезгілде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Егер халықаралық шартты іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет болса, халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсынысқа заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса беріледі.
Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда осы мемлекеттік орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын әзірлеуші органға ұсынады.".
5. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат, 16; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9; 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37- құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 ж., № 8, 46-құжат):
134-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
"7-3) ғылыми құқықтық сараптама жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;".
6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 8, 46-құжат ):
1) 5-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Реттеуші саясаттың консультативтік құжаттарын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;";
2) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы тетенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Реттеуші саясаттың консультативтік құжаттарына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер жобаларына міндетті сараптаманы жүзеге асырады;".
7. "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-I, 120-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 39-құжат; № 127 (29004):
1) 5-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "өзге де" деген сөздер алып тасталсын;
2) 20-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер бойынша да қоғамдық мониторинг жүргізіледі.".
8. "Өзін-өзі реттеу туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-I, 127-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; ҚР НҚА электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкі, 11.10.2018 ж., "Егемен Қазақстан", № 193 (29424), 10.10.2018, "Казахстанская правда", № 193 (28822), 10.10.2018, Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 19, 62-құжат):
1) 3-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне" деген сөздер "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 29-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне" деген сөздер "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын.".
9. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 138-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; ҚР НҚА Электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 06.01.2017):
1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы - нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және жария талқылау рәсімін өткізу үшін қажетті ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдасы;";
2) 16-бапта:
3-тармақтың 5) тармақшасының төртінші абзацындағы "ақпарат иеленуші әзірлейтін" деген сөздерден кейін "Реттеуші саясаттың консультативтік құжаттарын және заңдардың жобалары тұжырымдамаларының жобаларын," деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құқықтары және міндеттері туралы ақпаратты;";
3) 17-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге жібергенге дейін Реттеуші саясаттың консультативтік құжаттарын, заңдардың жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) жария талқылау үшін орналастырады. Жария талқылау нәтижелері бойынша есептер де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
10. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар; № 19, 62-құжат: 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 127 (29004)):
1) 1-бапта:
6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) заң жобасының тұжырымдамасы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесін, оны қабылдау мақсатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де ережелерді қамтитын, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдаған құжат;";
"8) заң сараптамасы - нормативтік құқықтық актінің жобасын не қабылданған нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына, заң техникасына сәйкестігі тұрғысынан тексеру;";
20) тармақшада "жай-күйі және" деген сөздерден кейін "заңнаманы бағалау және оның тиімділігін болжау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында" деген сөздермен толықтырылсын;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"25) нормативтік құқықтық акт - республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті орган қабылдаған, құқық нормаларын белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, толықтыратын, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;";
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 2-1), 19-I), 32-1), 32-2), 32-3), 32-4), 32-5) және 32-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) ғылыми құқықтық сараптама - ғылыми құқықтық сараптама объектілерінің сапасын, негізділігін, ғылыми пысықталуын бағалау, оны қабылдаудың ықтимал теріс әлеуметтік және құқықтық салдарларын айқындау, ұсынылатын нормалардың құқық жүйесі мен заңнама жүйесіне сәйкестігі бөлігінде тәуелсіз кәсіби сараптамалық талдау;
1-2) ғылыми-құқықтық сараптамалардың тізілімі - нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге тартылатын ғылыми-құқықтық сарапшылар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
1-3) ғылыми-құқықтық сарапшы - Ғылыми-құқықтық сарапшылар тізілімінде тұрған жеке тұлға;
2-1) Е-заңнама - заңнамаға талдау (мониторинг) жүргізуге, сондай-ақ норма шығарудың жекелеген процестерін автоматтандыруға арналған бірыңғай құқықтық жүйе;
19-I) Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесі - Эталондық бақылау банкіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жүйеленген дерекқорына орталықтандырылған қол жеткізу жүйесі;
32-1) пилоттық жоба - енгізілетін реттеудің оң нәтижесін анықтау мақсатында әзірлеуші орган жүргізетін рәсім;
32-2) реттеуші саясат - Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері арқылы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу;
32-3) реттеу субъектілері - нормативтік құқықтық актілердің қолданысы таралатын жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен ұйымдар;
32-4) реттеуші жүктеме - уақыт пен адам ресурстарының шығындарын қоса алғанда, орындау үшін міндетті талаптардың заңнамада белгіленуіне байланысты реттеу субъектілерінің қаржылық ауыртпалығы;
32-5) Реттеуші саясаттың консультативтік құжаты (бұдан әрі - Консультативтік құжат) - нақты саладағы мемлекеттік реттеудің қазіргі проблемаларына жүргізілген құқықтық мониторинг пен жария талқылаудың нәтижелерін қамтитын белгіленген нысандағы құжат;
32-6) заң жобасы тұжырымдамасының жобасы - қоғамдық талқылау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес пысықталған, мемлекеттік органның нақты саладағы мемлекеттік реттеу проблемаларын шешу жөніндегі пайымын қамтитын Консультативтік құжат;";
2) 2-бапта:
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) осы Заңның 19-бабын қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, толықтыру және тоқтату тәртібін;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген стандарттау жөніндегі құжаттарды жоспарлау, әзірлеу, бекіту, тіркеу, есепке алу, жариялау, мониторингілеу және жаңартып отыру тәртібін;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сатып алуды жүзеге асырудың тәртібін реттемейді.";
3) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Заңның 19-бабын қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, толықтыру және тоқтату тәртібі арнайы заңмен айқындалады.";
4) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
"9-1-бап. Заңдарды және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың негізі
1. Заңдар Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көзделген аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу үшін қабылданады.
2. Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт заңдарды және нормативтік құқықтық актілерді іске асыру орайында қабылданатын болса, онда кіріспесінде олардың қандай нормативтік құқықтық актінің негізінде қабылданғаны көрсетіледі.";
5) 12-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Нормативтік құқықтық актілердегі құқық нормаларының қайшылықтары";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бір нормативтік құқықтық актінің немесе бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кешірек енгізілген акт нормалары немесе қолданысқа кешірек енгізілген актіге сәйкес келетін норма қолданылады.";
6) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен және 14-1, 14-2, 14-3 және 14-4-баптармен толықтырылсын:
"3-1-тарау. Реттеуші саясат
14-1-бап. Реттеуші саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз егу
Реттеуші саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету:
1) мемлекеттік реттеудің қазіргі проблемаларын талдауды және қоғамдық талқылауды;
2) қоғамдық талқылау нәтижелерін, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, қазіргі проблема бойынша шоғырландырылған шешім әзірлеуді;
3) қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық актіні қабылдау арқылы реттеуді енгізуді;
4) реттеуші жүктемесін ескере отырып, жаңа реттеуге дайындау үшін реттеу субъектілеріне қажетті мерзімдерді беруді;
5) қабылданған нормативтік құқықтық актілердің тиімділігін бағалауды қамтиды.
14-2-бап. Реттеуші саясаттың міндеттері
Нормативтік құқықтық актілер арқылы мемлекеттік реттеу адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың заңды мүдделерін, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында енгізіледі.
Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау, егер мұндай шектеу заңды түрде негізделген мақсаттарға барабар негізделген және әділдік талаптарына сай келсе, конституциялық маңызы бар құндылықтарды қорғау үшін демократиялық мемлекетте пропорционалды, мөлшерлес және қажетті болып табылса, құқықтар мен бостандықтарды шектеуге негіз бола алады.
14-3-бап. Құқықтық жүйенің тұрақтылығы
Норманы немесе оның жекелеген бөлігін ол өзгергеннен және (немесе) толықтырғаннан кейін бір жылдан бұрын өзгертуге және (немесе) толықтыруға тек ерекше жағдайларда неғұрлым жоғары деңгейдегі заң талаптары, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімдерін іске асыру мақсатында ғана жол беріледі.
14-4-бап. Заңнамалық реттеу қағидаттары
1. Заң нақты қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеу негізінде жүзеге асырылатын қағидаттарды белгілеуге тиіс.
2. Заңнамалық реттеу қағидаттары заңдарда іске асырудың нақты тетіктерін ашып көрсету арқылы айқындалуға тиіс.
3. Заңдардың нормалары оларда белгіленген қағидаттарға қайшы келмеуге, ал қағидаттарға қайшы келген жағдайда, соларға сәйкес келтірілуге тиіс.
4. Заң нормаларын түсіндіру оларда орныққан заңнамалық реттеу қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.";
7) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарларын жасаған кезде мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардың, оның ішінде ғылыми ұйымдардың, Парламент депутаттарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де мүдделі тұлғалардың ұсыныстары, құқықтық және қоғамдық мониторинг нәтижелері, Консультативтік құжаттарды, заңдардың жобалары тұжырымдамаларының жобаларын талқылау нәтижелері, сондай-ақ "Е-Заңнама" ақпараттық жүйесі арқылы алынған ұсынымдар ескеріледі.";
8) 16-балта:
1,2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Заң жобаларын дайындауды перспективалық жоспарлау Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті сайланымы кезеңіне қабылданады және Қазақстан Республикасы Парламентінің сессиялары бөлінісінде заң жобаларын дайындау солардың шеңберінде болжанатын заңнама салаларын (аясын) көрсетеді.";
7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) заң жобасын әзірлеуге жауапты органдар, ұйымдарды және лауазымды тұлғаларды қамтуға тиіс.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңдардың жобаларын дайындауға қолданылмайды.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Мемлекеттік және өзге де органдар Әділет министрлігіне құқықтық мониторинг нәтижелері негізінде Заң жобалау жұмыстарының жоспарына ұсыныстар жібереді.";
9) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Заңдардың жобаларын әзірлеушілер
1. Президент Әкімшілігі, Үкімет, өзге де мемлекеттік органдар - Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы немесе Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына негізделген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша, олармен келісу бойынша - ұйымдар мен азаматтар Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңдар жобаларының әзірлеушілері бола алады.
2. Парламент депутаттары Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заңдар жобаларының әзірлеушілері болып табылады.
3. Орталық мемлекеттік органдар Қазакстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заңдар жобаларының әзірлеушілері болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңдардың жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына оның Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы және өкілді органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар енгізе алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобасын әзірлеу тапсырылған Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше мерзім белгілемесе, заң жобасын әзірлеуді бір ай мерзімде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалған заңдардың жобалары Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасының Мәжілісіне енгізілетін заңдардың жобаларының келісілу мерзімі, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзге, неғұрлым қысқа мерзім белгілемесе, он жұмыс күнінен аспауы керек.";
10) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
"17-1-бап. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы құқығын іске асыру тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары заң жобасына бастамашылық жасау үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың, ғылыми мекемелердің өкілдерін, сондай-ақ мамандар мен ғалымдарды тарта отырып, заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары түрлі бейіндегі мамандарды сарапшылар ретінде жұмысқа тартуға, сондай-ақ олардың қызметі үшін қажетті материалдар мен құжаттарды мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан сұратуға, лауазымды адамдарды жұмыс топтарына шақыруға және тыңдауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті ұйымға іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары заң жобасын әзірлеу кезінде Үкіметке ғылыми сараптама жүргізу үшін өтінішпен жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздемейтін заң жобасына бастамашылық жасаған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары заң жобасын қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберуге құқылы.
5. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болғанда ғана енгізілуі мүмкін.
6. Депутат бастамашылық жасаған заң жобасы Мәжіліске осы Заңға сәйкес енгізіледі.";
11) мынадай мазмұндағы 17-2-баппен толықтырылсын:
"17-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы құқығын іске асыру тәртібі
1. Орталық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заңдардың жобаларын әзірлеушілер болып табылады.
2. Өзге органдар, ұйымдар мен азаматтар заңдардың жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге немесе осындай бастамашылық жобаларды орталық мемлекеттік органдардың қарауына беруге құқылы.
Орталық мемлекеттік органдар оларды өздері әзірлейтін заңдардың жобалары үшін негіз ретінде қабылдауы немесе олардың одан әрі әзірленуін және жобалардың қабылдануын орынсыз деп тануы мүмкін.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орталық мемлекеттік орган заң жобасын дайындауды өзіне ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе бөлінген бюджет қаражаты мен гранттарды осы мақсаттарға пайдалана отырып, оны дайындауды шарттық негізде мамандарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға және ұжымдарға, оның ішінде шетелдіктерге, тиісті салалардағы сарапшыларға тапсыра алады.
4. Орталық мемлекеттік орган заң жобасын әзірлеу басталғанға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес реттелетін сала бойынша Консультативтік құжатты және заң жобасы тұжырымдамасының жобасын жариялау және талқылау рәсімін қамтамасыз етуге тиіс.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Консультативтік құжат Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылған сараптама кеңестерімен міндетті түрде талқылауға жатады.
Консультативтік құжатты жұртшылықпен талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастыруды, сондай-ақ жария тыңдаулар мен дебаттарды қамтиды,
Қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты талқылаулар жоғарыда көрсетілген бір немесе бірнеше тәсілдерді пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін.
Заң жобасы тұжырымдамасының жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылады.
Заңдардың жобалары түсіндірме жазбаларымен және оларға салыстырма кестелерімен (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына жария талқылау үшін орналастырылады.
Консультативтік құжаттар мен заңдардың жобалары тұжырымдамаларының жобаларын, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларымен айқындалады.
5. Егер заң жобасында ұсынылатын, белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормасы алдын ала сынақтан өткізуді талап еткен жағдайда, онда осы құқық нормасы, өзі қамтылатын заңмен, оның қолданылуы белгіленген мерзімдермен шектеледі және пилоттық жоба жүргізіледі.
6. Уәкілетті орган пилоттық жоба шеңберінде сынақтан өткізілетін құқық нормасының қолданылу практикасына талдау жүргізеді, оның барысында оң және теріс салдарлар, осындай реттеуді қолдануға әсер еткен әлеуметгік және өзге де факторлар, пилоттық жобаны жүргізуге байланысты өндірілген шығыстар мен алынған кірістер айқындалады.
Сынақтан өткізілетін құқық нормасының қолданылу мерзімі бойынша шектеу сынақтан өткізілетін құқық нормасына жүргізілген талдау нәтижелері негізінде алып тасталуы мүмкін.
Пилоттық жобаларды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында белгіленеді.
7. Заң жобаларын әзірлеу ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылатын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында белгіленген тәртіппен ғана қайта қаралуға жататын тұжырымдамаларының негізінде және оларға қатаң сәйкестікте ғана жүзеге асырылады.
Заң жобасына Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және ратификацияланған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты заңдардың жобалары жария талқылау үшін олар қабылданғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 күн мерзімде уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылады.
8. Консультативтік құжатты және тұжырымдаманың жобасын әзірлеу жөніндегі талап республикалық бюджет туралы заң жобасына және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жобаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдарға қолданылмайды.
9. Әзірлеуші орган заң жобасын әзірлеу кезінде оны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе мұндай дайындықты өз бөлімшелеріне тапсырады.
Заңдардың жобаларын әзірлеуге заң жобасын дайындауға жауапты әзірлеуші органның заң бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуы міндетті.
Осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңдардың жобаларын әзірлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуы міндетті.
10. Заңдардың жобаларын дайындауға әртүрлі білім салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен өзге де ұйымдар, ғылыми қызметкерлер, коммерциялық емес және өзге де ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.
Әзірлеуші орган заңдардың жобаларын әзірлеген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті ұйым жүргізген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін және басқа да материалдарды пайдалануға құқылы.
11. Дайындалған заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберіледі.
Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобасына қаржы-экономикалық есеп-қисаптар қоса беріледі.
Егер заң жобасында қамтылған құқық нормаларын іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылдау қажет болса (егер ондай қажеттілік болмаса, онда ол ілеспе хатта көрсетіледі), Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленген заң жобаларын қоспағанда, заң жобасына заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса беріледі. Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда осы мемлекеттік орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын әзірлеуші органға ұсынады.
Заң жобасын әзірлеу кезінде әзірлеуші органдар міндетті түрде ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын әзірлейді.
12. Келісу кезінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес заң жобасының жан-жақты пысықталу және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы мен ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасы бойынша реттеу нысанасының ашылуы фактісін белгілеуді қамтитын заң жобасы бойынша қорытынды береді.
13. Заң жобасы келісуге жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, егер Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше белгілемесе, оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде заң жобасы бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқ екендігі туралы заң жобасын әзірлеген әзірлеуші органға хабарлауға тиіс.
Мемлекеттік органның заң жобасы бойынша ескертулері жазбаша нысанда ұсынылады және кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды қамтуға, негізделген және толық болуға тиіс.
Алынған ескертулер бойынша заң жобасы пысықталады және кабылданған және қабылданбаған ескертулер, ескертулерді қабылдамау уәждері туралы анықтама жасалады.
14. Жұмыс тобын құрған әзірлеуші орган заң жобасына жұмыс тобымен талқылануға тиіс өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізе алады.
15. Үкімет енгізген заң жобасын Парламентте қарау барысында орталық мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдары оған Үкімет басшылығымен алдын ала келісілгеннен кейін ғана өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастама жасауы мүмкін.";
12) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу тәртібі
1. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 7-2-бабында көзделген тәртіп қолданылады.
Бұл ретте заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде тұжырымдама әзірленбейді.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық каулыларының және басқа да уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға әртүрлі білім салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен өзге де ұйымдар, ғылыми қызметкерлер, коммерциялық емес және өзге де ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
3. Уәкілетті органдардың бір деңгейдегі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын бірнеше уәкілетті орган әзірлеуі, ал қажет болғанда - қабылдауы мүмкін.
Бірнеше уәкілетті органның заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын олар осы Заңда көзделген тәртіппен бірлесіп әзірлейді және уәкілетті органдардың басшылары қол қоятын бірлескен нормативтік құқықтық актілер түрінде қабылдайды.
Бірлескен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері заңға тәуелді туынды нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті органдардың негізгі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері арқылы бекітіліп, онда туынды актіні қабылдауға арқау болған негізгі нормативтік құқықтық актілер көрсетіледі.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік органдар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыретіне сәйкес, өз бастамасы бойынша немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың тапсырмасы бойынша әзірлейді.
Егер Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулысының дайындалып жатқан жобасының құқық нормаларын іске асыру үшін бір деңгейдегі немесе төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болса, онда негізгі түрдегі нормативтік құқықтық актінің жобасымен бір мезгілде көрсетілген өзгерістері және (немесе) толықтырулары бар актілердің жобалары дайындалуға немесе тиісті органдарға осындай актілерді дайындау туралы тапсырмалар берілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Кеңсесі, Президент Әкімшілігі әзірлеген Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық актілерінің жобаларын, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобаларын қоспағанда, әзірленген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары түсіндірме жазбалармен және оларға салыстырма кестелерімен (нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады.
5. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің дайындалған жобасы, ал қажет болған жағдайда оны іске асыру мақсатында қабылданатын заңға тәуелді басқа нормативтік құқықтық актінің жобасы мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға келісуге жіберіледі.";
12) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
1. Әзірлеуші органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылатын сараптама кеңестеріне Консультативтік құжаттың немесе кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, оның ішінде оларды мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде орналастыру туралы хабарлама жібереді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылатын сараптама кеңестері ашық нормативтік кұқықтық актілердің интернет-порталында Консультативтік құжатқа немесе нормативтік құқықтық актінің жобасына өзінің сараптамалық қорытындыларын орналастырады.
Сараптама қорытындылар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін әзірлеуші органдар белгілейтін мерзім Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылатын сараптама кеңестеріне хабарлама келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен, ал заңдардың жобалары бойынша он бес жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылатын сараптама кеңестері белгіленген мерзімде сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жағдайда, Консультативтік құжат немесе нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертулерсіз келісілді деп есептеледі.
Бұл ретте тиісті жобаларды келісу кезінде мемлекеттік органдарға әзірлеуші мемлекеттік органдардан тиісті мемлекеттік орган айқындаған мерзімде өзінің сараптама қорытындысын ұсынбаған Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылатын сараптама кеңестерінен сараптама қорытындысын алуды талап етуге тыйым салынады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелерін қамтуға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сараптама қорытындысын алу жөніндегі талап орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (алып тастау) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.
3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты осы Заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.
4. Әзірлеуші мемлекеггік орган сараптама қорытындымен келіскен кезде нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық палатасының және сараптама кеңес мүшелерінің сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес келіспеу себептерін негіздей отырып, ұстанымды қалыптастырады.
5. Осы бапта көзделген рәсімдер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың міндетті шарттары болып табылады.
6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары оларды сараптама кеңесі және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қарағанға дейін, интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.
7. Сараптама қорытындылары сараптама кеңесі мүшесінің немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жазбаша ұстанымын білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтік құқықтық актінің жобасына ол қабылданғанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде міндетті қосымшалар болып табылады.
8. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген нормативтік құқықтык актілердің жобаларына қолданылмайды.";
14) мынадай мазмұндағы 19-I-баппен толықтырылсын:
"19-I-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдар енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
1. Егер мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құрал енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жоспарлаған жағдайда, мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
Реттегіш құралдардың енгізілуіне немесе пайдаланылуына байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзге де ұлғайту реттеуді қатаңдату болып табылады.
2. Реттеушілік әсерді талдауға реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдату көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары, Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының тұжырымдамалары, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің жобалары жатады.
3. Бұл ретте кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құрал енгізілгенге немесе реттеу қатаңдатылғанға дейін және одан кейін реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талап мыналарға:
1) авариялардың, дүлей зілзалалардың және өзге де төтенше жағдайлардың салдарын еңсеру жөніндегі мәселелерді реттеуге;
2) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымын, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын, есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымын реттеуге;
3) қаржы ұйымдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына;
4) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген жағдайда арнайы валюталық режимді енгізуге;
5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына;
6) тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы, сондай-ақ жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдауға;
7) заңды жауапкершілікті енгізуге;
8) экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша мәселелерді реттеуге;
9) барлау, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметі саласындағы мәселелерді реттеуге қолданылмайды.
3. Жаңа реттегіш құралды енгізу немесе реттеуді қатаңдату кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлдағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында құрылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның негізгі функциялары:
1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау;
2) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті қарау және мақұлдау;
3) сараптама топтарының ұсынымдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына шақыруға және оларды кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тыңдауға;
4) мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
5) уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сараптама топтарын құруға және олардың ережесін бекітуге құқығы бар.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасы заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларында және заңдарының жобаларында реттегіш құралды енгізу немесе реттеуді қатаңдату жағдайларын қоспағанда, өңірлік маңызы бар актілердің жобаларына, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Өңірлік маңызы бар актілер деп Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және жергілікті өкілді және атқарушы органдар, оның ішінде тиісті аумақтың әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер түсініледі.";
15) мынадай мазмұндағы 19-2-баппен толықтырылсын:
"19-2-бап. Реттеушілік әсерді талдау
1. Кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін реттегіш құралдың және онымен байланысты талаптардың пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі реттеушілік әсерді талдау болып табылады.
Белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе анық айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттегіш құралдарды пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру ретгеушілік әсерді талдаудың мақсаты болып табылады.
2. Реттеушілік әсерді талдау реттегіш құрал енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін, оның ішінде өздеріне қатысты бұрын реттеушілік әсерді талдау жүргізілмеген қолданыстағы реттегіш құралдар бойынша жүргізіледі.
Енгізілген реттегіш құралдардың, сондай-ақ қолданыстағы реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдау реттеуші мемлекеттік органдар жыл сайын бекітетін қайта қарау жоспарларына сәйкес, оның ішінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның, Ұлттық палатаның негізделген ұсыныстары ескеріліп жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 80-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген құжаттарға қатысты қайта қарау жоспарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жыл сайын, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлер палатасының негізделген ұсыныстарын ескеріп бекітеді.
Қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарау бойынша жоспарларды мемлекеттік органдардың орындамауы туралы ақпарат кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылады.
3. Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша реттегіш құралды қолдану тиімділігіне қарай реттегіш құралдың күші жойылуы немесе өзгеше түрде қайта қаралуы мүмкін.
Реттегіш құралды енгізу кезінде мәлімделген кэсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, оның күші жойылуга жатады.
4. Реттеушілік әсерді талдауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 80-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың жобаларына қатысты, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, Ұлттық палата және басқа да мүдделі тұлғалар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
Бұл ретте соларға қатысты реттеушілік әсерді талдауды олардың әзірлеушілері жүргізетін өңірлік маңызы бар актілерді қоспағанда, реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар жүргізеді.
5. Реттеушілік әсерге талдау жүргізу жаңа реттегіш құралды енгізудің немесе реттеуді қатаңдатудың міндетті шарты болып табылады.
6. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын қоспағанда, реттеуші мемлекеттік органдардың, Ұлттық палатаның және басқа да мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді;
2) реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді.
7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы:
1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын әзірлеушілердің, өңірлік палатаның және басқа да мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді;
2) реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді.
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органның қарауына шығарылады, олардың мақұлдануы жаңа реттегіш құралды енгізудің немесе реттеуді қатаңдатудың міндетті шарты болып табылады.
8. Реттеушілік әсерді талдаудың және реттеушілік әсерге баламалы талдаудың нәтижелері жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастырылады.";
16) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
1. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу процесіне коммерциялық емес ұйымдарды, азаматтарды тарту мақсатында "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қоғамдық кеңестер құрылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларымен Консультативтік құжатты және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық кеңестермен жария талқылау тәртібі реттеледі.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты Консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырғаны туралы қоғамдық кеңестерді хабардар етеді.
Әзірлеуші орган республикалық қоғамдық кеңестерді, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық кеңестерін Кодекстер жобаларының ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы міндетті түрде хабардар етеді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдар беру үшін белгіленетін мерзім қоғамдық кеңес оның ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама алған кезден бастап он жұмыс күнінен, ал заңдардың жобалары бойынша он бес жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынымдарды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында үсынады.
Қоғамдық кеңес ұсынымдарды мемлекеттік орган белгілеген мерзімде ұсынбаған жағдайда, нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертулерсіз келісілген болып есептеледі.
Ұсынымдар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
3. Орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган Қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келіскен кезде нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
4. Орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган ұсынымдармен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес келіспеу себептерін негіздей отырып, ұстанымды қалыптастырады.
Консультативтік құжаттың немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын талқылау қорытындылары бойынша қалыптастырылған есеп ол қабылданғанға дейін нормативтік құқықтық актінің жобасына міндетті қосымша болып табылады.
5. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қолданылмайды.";
16) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
"20-1-бап. Экологиялық қауіпсіздікке әсер ететін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
1. Қабылдау салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобалары міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.
2. Мемлекеттік сараптама жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен айқындалады.";
17) 21-бап алып тасталсын;
18) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
"21-1-бап. Нормативтік құқықтық актілерді дайындаудың оңайлатылған тәртібі
1. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге құқықтық актілердің нормалары заңды күшін жояды, қолдануға жатпайды және олардың күші жойылады.
Оңайлатылған тәртіппен әзірленетін нормативтік құқықтық акт Конституциялық Кеңестің шешімін іске асыруға бағытталған нормаларды ғана қамтуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі күшін жойған реттелетін норма құзыретіне жататын мемлекеттік орган құқықтық актіні Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оңайлатылған тәртіппен әзірлеуі және Үкіметке енгізуі мүмкін.";
20) 23-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау мақсаттарына, негіздеріне және оның алдында тұрған негізгі міндеттерге түсіндірме беру қажет болған жағдайларда, құқық нормаларын жазудың алдынан кіріспе бөлік (кіріспе) беріледі.";
21) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Заңда құқықтық реттеудің негізгі қағидаттары белгіленеді, сондай-ақ оның мәтінінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар, заңнамалық акт күшіне енгеннен кейін өзге нормативтік құқықтық актілердің қолданылу тәртібі мен шарттары белгіленуі мүмкін.
Заңның өтпелі ережелерінде ол қолданысқа енгізілгенге дейін қатынастарды реттеу тәртібі көрсетіледі, жаңа құқық нормаларына ауысу мерзімдері мен тәсілдері белгіленеді.
Заңның қорытынды ережелерінде осы актіні қолданысқа енгізу туралы, бұрын шығарылған актінің күші жойылды деп тану туралы, оның күшін жою туралы нормалар бекітіледі. Осы актіні орындау және дамыту мақсатында қажет болғанда басқа да мемлекеттік органдардың актілерді шығаруы туралы талаптар белгіленеді.";
22) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңнамалық акт жобасының мәтінінде аталған заңнамалық актілердің тақырыбы, қабылданған күні көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өзге де нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткізілген нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.";
23) 27-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Заңнамалық актілердің күші жойылды деп тану туралы заңнамалық акт жобасының мәтінінде аталған заңнамалық актілердің тақырыбы, қабылданған күні көрсетіледі.
Өзге нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы өзге нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.";
24) 29-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) осы Заңның 30-бабына сәйкес ғылыми сараптама қорытындысы және олар болған кезде сараптама кеңесінің мүшелері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өзге де сараптама қорытындылары, қоғамдық кеңестердің ұсынымдары;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі заң шығару бастамасы тәртібімен өздері енгізген заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінен оны қараудың кез келген сатысында кері қайтарып алуға құқылы.";
25) 30-бапта:
1-тармақта "экологиялық," деген сөз алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
26) 31-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Ғылыми құқықтық сараптама объектілеріне ғылыми құқықтық сараптаманы ғылыми құқықтық сарапшы (ғылыми құқықтық сарапшылар) жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Республикалық бюджет туралы заң жобасына және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жобаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдарға ғылыми құқықтык, ғылыми экономикалық және ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізілмейді.";
27) мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын:
"33-1-бап. Заңдар жобаларының ғылыми құқықтық сараптамасы
1. Заң жобасы ғылыми құқықтық сараптаманың объектісі болып табылады, оған оның тұжырымдамасы мен оны іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса берілуге тиіс.
2. Әкімшілік ету бірлігін, ғылыми-құқықтық сараптаманың тәуелсіздігін, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметін жүзеге асыруды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйымға (бұдан әрі - Үйлестіруші) жүктелген.
Ғылыми-құқықтық сарапшылар ретінде Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргізу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келетін тұлғалар тартьшады.
Ғылыми құқықтық сараптама жүргізудің тәртібі, мерзімдері, ғылыми-құқықтық сарапшыларға қойылатын талаптар Заңдардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу қағидаларында айқындалады.
4. Fылыми-құқықтық сараптама республикалық бюджет туралы заң жобасына және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жобаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдарға жүргізілмейді.";
28) мынадай мазмұндағы 33-2-балпен толықтырылсын:
"33-2. Ғылыми-құқықтық сарапшының құқықтары мен міндеттері
1. Ғылыми-құқықтық сарапшы:
1) ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыру үшін, оның ішінде ғылыми сараптама қызметін жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша қорытынды беру үшін қажетті көлемде материалдар алуға;
2) орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға;
3) сараптама қызметін алты айдан аспайтын мерзімге жазбаша өтініш негізінде тоқтата тұруға құқылы.
Сараптама қьізметін тоқтата тұру сарапшыны бұрын берген қорытынды бойынша жоғарыда көрсетілген құқықтарды пайдалану мүмкіндігінен айырмайды.
2. Ғылыми-құқықтық сарапшы:
1) ғылыми құқықтық сараптама процесіне қатыстырылмаған өзге тұлғалармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;
2) ғылыми сараптаманы жүзеге асыруға үшінші тұлғаларды тартуға;
3) ғылыми құқықтық сараптама нысанасын құрайтын материалдарды және ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етуге;
4) ғылыми сараптама жүргізілетін нормативтік құқықтық акт жобасының атауы мен мазмұнын, сондай-ақ Үйлестірушінің ресми интернет-ресурсында ресми жарияланған көзге дейін сараптамалық қорытындының мазмұнын жария етуге құқылы емес.
3. Ғылыми-құқықтық сарапшы:
1) өзіне берілген ақпарат пен материалдар негізінде жан-жақты, толық және объективті ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге, қойылған мәселелер бойынша сараптамалық қорытындыға қойылатын талаптарға сәйкес ғылыми негізделген тәуелсіз және объективті жазбаша қорытынды беруге;
2) Заңдардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу қағидаларында көзделген жағдайларда ғылыми құқықтық сараптама жүргізуден бас тартуға;
3) бұрын берілген қорытындымен байланысты мәселелер бойынша консультациялар мен түсініктемелер беруге;
4) Қазақстан Республикасының Парламентінде бұрын берілген қорытындыны түсіндіру үшін нормативтік құқықтық актінің жобасын талқылауға қатысуға міндетті.
Fылыми-құқықтық сарапшының Қазақстан Республикасының Парламентінде нормативтік құқықтық актінің жобасын талқылауға қатысуы ол орналасқан не тұратын жермен бейнеконференцбайланыс құралдарын пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін. Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану тәртібін Парламент қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.";
29) мынадай мазмұндағы 33-3-баппен толықтырылсын:
"33-3-бап. Ғылыми-құқықтық сарапшыдан бас тарту
1. Ғылыми-құқықтық сарапшының ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатысуын болдырмайтын мән-жайлар болған кезде ғылыми- құқықтық сарапшы ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін материалдар сарапшыға жіберілген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей Үйлестірушіні хабардар ете отырып, оны жүргізуден шеттелуге міндетті.
2. Ғылыми-құқықтық сарапшы, егер:
1) ғылыми құқықтық сараптамаға жіберілген тұжырымдама жобасы мен нормативтік құқықтық актінің жобасын келісу процесіне бұрын қатысса;
2) әзірлеуші органның қызметкері болып табылса;
3) ғылыми құқықтық сараптама жүргізу нысанасы оның ғылыми білімдерінің шегінен тыс немесе оған ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болса, не оның ғылыми кұқықтық сараптаманың объективті және тәуелсіз сараптамалық қорытындысын беруін болдырмайтын өзге де мән-жайлар болса, ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатыса алмайды.
3. Бастапқы ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатысқан ғылыми-құқықтық сарапшыға ғылыми құқықтық сараптаманы қайта жүргізуге жол берілмейді.";
30) мынадай мазмұндағы 33-4-баппен толықтырылсын:
"33-4-бап. Ғылыми құқықтық сараптама үйлестірушісінің құқықтық жағдайы
1. Үйлестіруші:
1) ғылыми-құқықтық сарапшылар тізіліміне енгізілген тұлғалар қатарынан ғылыми-құқықтық сарапшымен жасалған шарт негізінде ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді үйлестіруді қамтамасыз етуге;
2) осы Заңның 33-5-бабында көзделген негіздер болған жағдайда ғылыми-құқықтық сарапшыны ғылыми-құқықтық сарапшылар тізілімінен алып тастауға қатысты мәселені қарау үшін уәкілетті органға дәлелді хат жіберуге;
3) ғылыми құқықтық сараптамаларды үйлестіру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге;
4) ғылыми сараптама жүргізу мерзімінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;
5) ғылыми-құқықтық сарапшымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның құқықтары мен міндеттемелерін айқындайтын шарт жасасуға;
6) сараптама нәтижелері бойынша ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысын үйлестірушінің ресми интернет-ресурсында бір мезгілде жариялай отырып, әзірлеушіге жіберуге;
7) ғылыми-құқықтық сарапшылар туралы мәліметтерді қамтитын, олардың рейтингі негізінде жүргізілетін ғылыми-құқықтық сарапшылардың тізілімін жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.";
31) мынадай мазмұндағы 33-5-баппен толықтырылсын:
"33-5-бап. Ғылыми-құқықтық сарапшыны ғылыми-құкықтық сарапшылар тізілімінен алып тастау
1. Fылыми-құқықтық сарапшылар тізілімінен шығару үшін мыналар:
1) ғылыми-құқықтық сарапшылардың міндеттемелерін бірнеше рет (үш және одан да көп рет) тиісінше орындамау;
2) ғылыми-құқықтық сарапшының Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, Конституциялық Кеңес мүшесінің, мәслихат депутатының өкілеттіктерін орындауы;
3) ғылыми-құқықтық сарапшының өтініші;
4) ғылыми-құқықтық сарапшының қайтыс болуы негіз болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша ғылыми-құқықтық сарапшылар тізілімінен шығарылған ғылыми- құкықтық сарапшылар бір жыл ішінде ғылыми-құқықтық сарапшылар тізіліміне енгізіле алмайды.";
32) 34-бапта:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін де және кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік құқықтық актілері үшін - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен осы органдар туралы заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы органдардың қызметін реттейтін қаулыларында;";
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Осы Заңның 7-бабының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде нормативтік құқықтық актіні әзірлеуші орган қабылданған заңнамалық актіні ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын бекітеді.
Ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы деп азаматтарды заңнамадағы олардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын өзгерістер туралы ақпараттандыру және оларды түсіндіру, сондай-ақ қабылданған заңнамалық актінің тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар тізбесі түсініледі.
Ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару қызметінің қағидаларында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және ақпарат саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісіледі.";
33) 41-бап алып тасталсын.
34) 42-бап:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыруға дайындау үшін реттеу субъектілеріне қажетті мерзімдер негізге алына отырып белгіленуге тиіс.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың жаңа міндеттерін белгілейтін нормативтік құқықтық актілер немесе оның жекелеген нормаларын қолданысқа енгізу мерзімдері міндеттерін жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдер негізге алынып белгіленуге тиіс және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күннен кем емес мерзім өткенге дейін қолданысқа енгізілуі мүмкін емес.
Реттеуші құралдарды енгізуге немесе пайдалануға байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптарды, міндеттерді немесе жүктемені өзге де ұлғайтуды белгілейтін жекелеген нормаларды қолданысқа енгізу мерзімдері, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдарын, міндетті орындауға дайындалу үшін оларға қажетті оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күн мерзімнен бұрын қолданысқа енгізіле алмайды.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің талаптары орталық және жергілікті органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ қаржы ұйымдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне қолданылмайды.
Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу тәртібі мен мерзімдері реттеу субъектілеріне залал келтірмеуі тиіс.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бұрын мұндай жауаптылыққа алып келмеген әрекеттер (әрекетсіздік) үшін заңдық жауаптылықты көздейтін не бұрынғымен салыстырғанда неғұрлым қатаң жауаптылықты белгілейтін заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күн мерзім өткенге дейін қолданысқа енгізіле алмайды.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік немесе рұқсат беру талаптарын және біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ экспорты мен импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлардың тізбелерін бекітетін нормативтік құқықтық актілер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күн мерзім өткенге дейін қолданысқа енгізіле алмайды.";
35) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"43-бап. Нормативтік құқықтық актінің кері күші
1. Нормативтік құқықтық актінің күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды.
2. Заңның немесе оның бір бөлігінің кері күші оның өзінде немесе заңның қолданысқа енгізу туралы актіде көзделген, сондай-ақ құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауаптылықтың заңмен күші жойылған немесе жеңілдетілген жағдайлар осы баптың 1-тармағының қағидаларына кірмейді.
3. Азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңның кері күші болмайды.
4. Жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін заңдардың кері күші болмайды.";
36) 50-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құқықтық мониторинг Қазақстан Республикасы заңнамасындағы қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылған, ескірген және сыбайлас жемқорлықты құқық нормаларын айқындау және қабылданған нормативтік құқықтық актілерді іске асырудың тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында жүзеге асырылады.";
"3. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық мониторинг Қоғамдық және ғылыми ұйымдарды, азаматтарды тарту арқылы жүргізуі мүмкін.";
37) 51-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1 және 3-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Қоғамдық кеңестер азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге Қоғамдық мониторинг жүргізуге құқылы.";
"3. Нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық мониторингін өзге де мүдделі тұлғалар жүргізуі мүмкін.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қоғамдық мониторингтің нәтижелері уәкілетті мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми интернет-ресурсына жыл сайын орналастырылады.";
38) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
39) "53-бап. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік есепке алу
1. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік есебі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
3. Уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оларды жүргізуге жауапты уәкілетті ұйымға нормативтік құқықтық актілердің көшірмелерін қағаз түрінде және осы Заңның 35-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде жібереді.
Осы Заңның 44-бабына сәйкес әділет органдары электрондық түрде тіркеген нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін уәкілетті ұйымға автоматты түрде жіберіледі.
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне нормативтік құқықтық акт осы Заңның 35-бабына сәйкес оған қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз түрінде және (немесе) электрондық түрде енгізіледі.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу тәртібін айқындайды.
5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін құрады, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсетеді.";
39) 59-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мағынасы оларды түсіндіру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық актілерге және заңнамалық реттеу қағидаттарына толық сәйкестікте ашылуға тиіс.".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |