"Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1015 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

"Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 6-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы және Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;

      4) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы;

      5) Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы;

      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасы бекітілсін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      1-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс органы Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға сарапшылық-талдамалық бағалау жүргізу үшін ғылым бағыттары бойынша секциялар құрады. Секциялардың құрамы 9 адамнан аспайтын мүшелердің тақ санынан тұруы тиіс. Секция құрамына ғалымдар мен сарапшыларды іріктеу сараланған тізім негізінде жүргізіледі.

      Секция құрамына сайланатын ғалымдар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары болуы және олардың:

      1) секция бағыты бойынша кемінде 10 (он) жыл ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі;

      2) кандидатура ұсынылған күнге Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларына сәйкес кемінде 3 (үш) Хирш индексі;

      3) Web of Science базасының 1 (бірінші), 2 (екінші) және 3 (үшінші) квартиліне кіретін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар басылымдарда соңғы 5 (бес) жыл ішінде кемінде 2 (екі) мақаласы болуы тиіс.

      Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғалымдарға Хирш индексінің болуы туралы талап қолданылмайды. Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғалымдарға қатысты 4-тармақтың 3) тармақшасында белгіленген талаптың орнына кандидатура ұсынылған күнге соңғы 5 (бес) жыл ішінде Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларында иидекстелетін басылымдарда кемінде 3 (үш) жарияланымның болуы ескеріледі.

      Секциялардың құрамына экономикалық сараптама жүргізу үшін бір сарапшы қосылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Комиссия қызметінің тәртібі және оны ұйымдастыру";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      1-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады және Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу максатында кұрылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Комиссия қызметінің тәртібі және оны ұйымдастыру";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның кұрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының      - төрағаның орынбасары"

      Білім және ғылым министрі

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары - төрағаның орынбасары";

      мына:

      "Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары - төрағаның орынбасары"

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының

      Президенті Әкімшілігі Басшысының

      бірінші орынбасары - төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары" деген жолдан      кейін      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасы осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы
№ Жарлығына
1-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 993 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ЕРЕЖЕ

      1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі - Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық) және Қазақстан Республикасыньщ Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі - Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық) ғылым, техника, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін жоғары тану болып табылады.

      2. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына:

      1) ұлттық және/немесе халықаралық деңгейде әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуға ықпал еткен ғылыми жаңалықтары;

      2) білімнің жаңа салаларын және/немесе білімнің бір саласында жаңа бағытты ашқан монографиялар мен ғылыми жұмыстары;

      3) мемлекеттік саясатта өзгерістерді қамтамасыз еткен ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері;

      4) техниканың, материалдар мен технологиялардың экономикалық және (немесе) әлеуметтік тиімділікті қамтамасыз еткен жаңа түрлерін әзірлегені және өндірісін ұйымдастырғаны, жүргізілген зерттеулер негізінде оларды экономиканың әртүрлі салаларына енгізгені;

      5) экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтер қамтылатын мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процестер әзірлегені және жасағаны;

      6) ғылыми білімдерді коммерциялық өнімдерге, экономикалық және әлеуметтік артықшылықтары бар процестерге немесе көрсетілетін қызметтерге инновациялық түрлендіргені;

      7) басым әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуді және ішкі және сыртқы нарықта Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз еткен технологияларды өндіріске енгізу бойынша инновациялық қызметтің расталған нәтижелері үшін беріледі.

      Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге Қазақстан мәдениетінің дамуына ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.

      3. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті Тәуелсіздік күніне береді.

      Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық 2008-2018 жылдар аралығында берілді, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық 2020 жылдан бастап беріледі.

      Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық 2015 жылдан бастап беріледі.

      Екі жылда бір рет әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы жеті мемлекеттік сыйлық және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы үш мемлекеттік сыйлық беріледі.

      4. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстарды Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия және Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссиялар) қарайды.

      Комиссиялардың құрамы мен олар туралы ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

      Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырады.

      5. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық ақшалай сыйакыдан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломынан және төсбелгісінен тұрады.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының және төсбелгісінің сипаттамасы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

      Комиссиялар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының ақшалай сыйақы мөлшерін олар берілетін жылы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген сомалар шегінде айқындайды.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломдары мен төсбелгілерін дайындауға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қаражаты есебінен қаржыландырылады.

      6. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылатын ғылыми еңбектер жариялануы, ал техниканың жаңа түрлері, материалдар мен технологиялар әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған кезге қарай кемінде екі жыл бойы өндірісте игерілуі тиіс.

      Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейін бес жылдан әрі емес және кемінде бір жыл бұрын кепшілік айналым үшін орындалған бір автордың немесе авторлар ұжымының жұмыстары ұсыныла алады.

      Жұмыс әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға бір рет ұсынылады.

      Бұрын Қазақстан Республикасы сыйлықтарына ие болған жұмыстар әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу конкурсына қатысуға жіберілмейді.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы осы сыйлықтың лауреатына жаңа жетістіктері үшін қайтадан, бірақ ерте дегенде керсетілген сыйлық алдыңғы берілгенінен кейін кемінде бес жылдан соң берілуі мүмкін.

      Бір автор немесе авторлар ұжымы Мемлекеттік сыйлық алуға қатарынан екі рет ұсыныла алмайды. Авторлар кұрамы алдыңғы құрамының 2/3 көбі ауысқан кезде авторлар ұжымы жаңартылған болып саналады.

      7. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықка ұсынылатын ізденушілер ұжымы 8 адамнан аспауға тиіс.

      Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылатын ізденушілер ұжымы 5 адамнан аспауға тиіс.

      Бір ізденушінің кандидатурасы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлыққа және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа екі және одан да көп жұмыстар бойынша ұсыныла алмайды.

      Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылатын ізденушілер ұжымына жұмысты орындау процесінде тек әэкімшілік және/немесе ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырған тұлғаларды қосуға жол берілмейді.

      7-1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беруге жұмыстарды түпкілікті іріктеу қорытындылары бойынша ерекше жағдайларда оны авторлармен қатар шығармашылық ұжымға беруді ұсынуы мүмкін.

      8. Жұмыстарды әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға ұсынуды мемлекеттік органдарының алқалары, ғылыми, оқу ұйымдарының ғылыми, ғылыми-техникалық, ғалымдар кеңестері мен басқа да алқалы органдары, шығармашылық одақтар мен ұжымдар жүргізеді.

      9. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландырулар және оларды ресімдеу жөніндегі талаптар бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

      10. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізіледі.

      11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі:

      1) әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстарды сыйлық берілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап сыйлықтар берілетін жылдың 1 наурызына дейін, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстарды сыйлық берілетін жылдың 1 наурызына дейін қабылдайды;

      2) әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған, келіп түскен жұмыстарды комиссиялардың қарауына ұсынады.

      12. Қазақстан Республикасының Үкіметі әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қарайды және олар берілетін жылдың 1 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді.

      13. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті салтанатты жағдайда тапсырады.

      14. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық авторлар ұжымына берілген кезде оның ақшалай сыйақысы авторлары арасында теңдей бөлінеді.

      Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық авторлармен қатар шығармашылық ұжымға берілген жағдайда, оның ақшалай сыйақысы шығармашылық ұжымға қатысушылардың, оның ішінде авторлардың арасында тең бөлінеді.

      15. Адам мемлекеттік сыйлықтар алуға ұсынылғаннан кейін қайтыс болған жағдайды қоспағанда, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық қайтыс болғаннан кейін берілмейді.

      Бұл жағдайда қайтыс болған лауреаттың дипломы, төсбелгісі мен ақшалай сыйақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұра бойынша беріледі.

 
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы
№ Жарлығына
2-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 993 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы

-

төраға

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

-

төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары

-

төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

-

хатшы

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің менгерушісі

      әдебиет секциясы:

Есдәулетов Ұлықбек Оразбайұлы

 

-

ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты "Қазақстан жазушылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы, секция төрағасы (келісім бойынша)

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы

 

-

Әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Ананьева Светлана Викторовна

-

Әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)

Асқаров Әлібек Асылбайұлы

-

жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Ахетов Амантай Қойшыбайұлы

-

жазушы, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Әбдікұлы Төлен

-

жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Елгезек Ақберен

-

ақын, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Қамзабекұлы Дихан

-

әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлы

-

ақын, аудармашы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша)

Кыдырәлі Дархан Қуандықұлы

-

тарих ғылымдарының докторы, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық Түркі академиясының президенті (келісім бойынша)

Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы

-

Әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

Мұханбетқалиұлы
Қажығали

-

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Негімов
Серік Негімұлы

-

әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

Раушанов
Есенғали Әбдіжапбарұлы

-

ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Сәрсенбай
Қали Қошқарұлы

-

жазушы-публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Алматы ақшамы" газетінің редакторы (келісім бойынша)

Смайыл
Алдан Зейноллаұлы

-

жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Тебегенов
Темірхан Сақаұлы

-

әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

Шашкова Любовь Константиновна

-

ақын, аудармашы, "Простор" журналы редакторының орынбасары (келісім бойынша)

Шаштайұлы Жұмабай

-

жазушы, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты. Казакстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша)

      музыка, театр және кино секциясы:

Мұсақожаева
Айман Қожабекқызы

-

скрипкашы, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры, секция төрағасы (келісім бойынша)

Әбдуәлиев Ақан Жылқышыбайұлы

-

әнші, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры" (келісім бойынша)

Аравин
Юрий Петрович

-

музыкатанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша)

Ахмадиев Мұрат Абдуреимович

-

әнші, Қазақстанның халық әртісі (келісім бойынша)

Ахмедьяров
Ғалым Алғиұлы

-

күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының директоры (келісім бойынша)

Әлпиев
Төлеубек Нығметұлы

-

режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Казақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Әшімов Асанәлі

-

театр және кино актері, режиссері, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақ КСР-інің халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, "Қазақстан театрлары ассоциациясы" заңды тұлғалардың ассоциациясының төрағасы (келісім бойынша)

Жүдебаев Арман Әділханұлы

-

дирижер, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры (келісім бойынша)

Жолжақсынов Досхан Қалиұлы

-

театр және кино актері және режиссері, продюсер, сценарист, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Мұхамеджанов
Төлеген Мұхамеджанұлы

-

композитор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Мұхамедқызы Майра

-

опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Нарымбетов
Сатыбалды Жәлелұлы

-

кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Нүсіпжанова
Бибігүл Нұрғалиқызы

-

педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша)

Обаев
Есмұхан Несіпбайұлы

-

режиссер, Қазақстанның халық әртісі (келісім бойынша)

Сатаев
Ахан Қарғамбайұлы

-

кинорежиссер, актер, продюсер, сценарист, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Тілеухан
Бекболат Қанайұлы

-

әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Тұрсынов
Ермек Кәрімжанұлы

-

сценарист, продюсер, кинорежиссер, "Қазақстан кинематографистер одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Тұтқыбаева
Гүлжан Ұсамбекқызы

-

балетмейстер, Қазақстан Республикасының халық әртісі (келісім бойынша)

      бейнелеу өнері және сәулет секциясы:

Рүстембеков
Ақмырза Исаұлы

 

-

сәулетші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, "Қазақстан сәулетшілер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, секция төрағасы (келісім бойынша)

Ақанаев
Амандос Әтібекұлы

-

суретші, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық сыншылар және өнертанушылар қауымдастығының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Дүзелханов
Ағымсалы

-

суретші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Ерғалиева
Райхан Әбдешқызы

-

өнертану докторы, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық көркемдік сыншылар қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)

Жұмағалиев
Мүслім Садықұлы

-

суретші-дизайнер, "Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазак ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің сән және костюм дизайны кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша)

Зәуірбекова
Бәтима Есмұратқызы

-

суретші-гобеленші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Муллашев
Камиль

-

суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Тәтіғұлов Әбдісағит Шаймұханбетұлы

-

сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "KAZGOR" жобалау академиясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорлар кеңесінің төрағасы, (келісім бойынша)

Твердохлебов
Владимир Сергеевич

-

суретші-монументші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша)

Төлепбай Ерболат Тоғысбайұлы

-

суретші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Шалабаев Сейітқали

-

өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

Шорохов
Павел-Игорь Иванович

-

мүсінші, Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшесі (келісім бойынша)


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы
№ Жарлығына
3-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 993 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатыныц дипломы мен төсбелгісінің
СИПАТТАМАСЫ

      1.Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары лауреатының дипломы:

      1) көлемі 330 х 115 мм қатты мұқабадан;

      2) көлемі 320 х 110 мм жапсырма беттен тұрады.

      Дипломныц мұқабасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес былғарыдан жасалады.

      Дипломның мұқабасында:

      1) үстіңгі жағында - алтын түспен бедерленіп салынған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

      2) Мемлекеттік Елтацбаның төменгі жағында - мемлекеттік тілде:

      Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:

      "Қазақстан Республикасының

      әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы

      мемлекеттік сыйлығы лауреатының

      ДИПЛОМЫ" (Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасына 1-қосымша);

      Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:

      "Қазақстан Республикасының

      Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы

      мемлекеттік сыйлығы лауреатының

      ДИПЛОМЫ" деген (Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасына 2-қосымша)

      алтын түспен бедерленіп жазылған жазу орналасады.

      2. Жапсырма бет баспаханалық тәсілмен қорғау дәрежелері бар, көк түсті арнайы қағазда басылып шығарылады.

      Жапсырма беттің беткі жағында:

      1) үстіңгі жағында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

      2) Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі жағында - мемлекеттік тілде:

      Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:

      "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы

      ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреатының

      ДИПЛОМЫ" (Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы

      лауреатының дипломы мен тесбелгісінің сипаттамасына 3-косымша);

      Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:

      "Қазақстан Республикасының

      Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы

      мемлекеттік сыйлығы лауреатының

      ДИПЛОМЫ" (Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасына 4-косымша)

      деген жазу орналасады.

      Жапсырма беттің ішкі екі жағының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі фон ретінде түсірілген.

      Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары лауреаты дипломының жапсырма бетінің ішкі сол жағында мемлекеттік тілде:

      Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің

      жылғы № Жарлығымен

      "жұмыстың атауы"

      жұмысы үшін

      ғылыми дәрежесі

      ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІН1Ң АТЫ

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ

      АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА

      САЛАСЫНДАҒЫ___ЖЫЛҒЫ

      МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ";

      Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің

      жылғы № Жарлығымен

      "жұмыстың атауы"

      жұмысы үшін

      ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

      АБАЙ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕР

      САЛАСЫНДАҒЫ____ЖЫЛҒЫ

      МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ"

      деген мәтін орналасады.

      Төменде:

      "Қазақстан Республикасының

      Президенті Қ.Тоқаев"

      деген сөздер орналасады.

      Оның төменгі сол жағында дипломның нөмірі көрсетілген.

      Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары лауреаты дипломының жапсырма бетінің ішкі оң жағында орыс тілінде:

      Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:

      "Указом Президента Республики Казахстан

      От года №

      ПРИСУЖДЕНА

      ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРЕМИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

      В ОБЛАСТИ НАУКИ И ТЕХНИКИ ИМЕНИ АЛЬ-ФАРАБИ

      _____ ГОДА

      за работу "наименование работы"

      ФАМИЛИЯ, ИМЯ, ОТЧЕСТВО

      Ученая степень";

      Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:

      "Указом Президента Республики Казахстан

      От года №

      ПРИСУЖДЕНА

      ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРЕМИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

      В ОБЛАСТИ ЛИТЕРАТУРЫ И ИСКУССТВА ИМЕНИ АБАЯ

      _____ ГОДА

      за работу "наименование работы"

      ФАМИЛИЯ, ИМЯ, ОТЧЕСТВО

      деген мәтін орналасады.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының төсбелгісі төртбұрышты планкаға ілмешекпен бекітілген, диаметрі 25 мм, қалыңдығы 2 мм шеңбер түрінде алтын жалатылған жезден жасалған.

      25 мм х 15 мм көлеміндегі планкаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес қатқыл лента, планканың сыртқы жағында - визорлы бекіткіші бар түйреуіш бекітілген.

      Төсбелгінің жылтыр бетінің беткі жағында:

      Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін ортасында - әл-Фарабидің бедерлі бюсті, төменде - ӘЛ-ФАРАБИ деген бедерлі жазу бар;

      Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін ортасында - Абайдың бедерлі бюсті, төменде - АБАЙ деген бедерлі жазу бар.

      Төсбелгінің сыртқы жағында:

      Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:

      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ" деген бедерлі жазу және нөмір орналасқан (Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасына 5-қосымша);

      Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:

      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТ1К СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ" деген бедерлі жазу және нөмір орналасқан (Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасына 6-қосымша).


  Қазақстан Республикасы мемлекеттік
сыйлығы лауреатының дипломы мен
төсбелгісінің сипаттамасына
1-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының
БЕЙНЕСІ (қатты мұқаба)




  Қазақстан Республикасы мемлекеттік
сыйлығы лауреатының дипломы мен
төсбелгісінің сипаттамасына
2-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының БЕЙНЕСІ
(қатты мұқаба)



  Қазақстан Республикасы мемлекеттік
сыйлығы лауреатының дипломы мен
төсбелгісінің сипаттамасына
3-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының БЕЙНЕСІ
(жапсырманың беткі жағы)



  Қазақстан Республикасы мемлекеттік
сыйлығы лауреатының дипломы мен
төсбелгісінің сипаттамасына
4-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының БЕЙНЕСІ
(жапсырма бетінің ішкі жағы)



Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты дипломының
БЕЙНЕСІ (жапсырма бетінің ішкі жағы)




Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты дипломының
БЕЙНЕСІ
(жапсырма бетінің ішкі жағы)



  Қазақстан Республикасы мемлекеттік
сыйлығы лауреатының дипломы мен
төсбелгісінің сипаттамасына
5-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты төсбелгісінің
ГРАФИКАЛЫҚ БЕЙНЕСІ



  Қазақстан Республикасы мемлекеттік
сыйлығы лауреатының дипломы мен
төсбелгісінің сипаттамасына
6-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты төсбелгісінің
ГРАФИКАЛЫҚ БЕЙНЕСІ



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады