"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1020 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап.      Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат):

      1) 18-баптың 2-тармағында:

      2-6) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-9) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-9) мемлекеттік архивтер өндіретін және (немесе) еткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;";

      2) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Мемлекеттік архивтерді қаржыландыру

      Мемлекеттік архивтерді қаржыландыру:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты;

      2) ақылы қызметтерді ұсынудан алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.".

      2. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж, № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 19-II, 105-құжат; № 22-1, 140- құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 46-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжат; № 7, 36-құжат):

      1) 1-бапта:

      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) басылымның міндетті тегін данасы - редакциялық-баспа өңдеуінен өткен, шығарылым деректері бар және осы Заңда айқындалатын мәдениет ұйымдарына өтеусіз негізде берілуге жататын баспа және электрондық нысандағы басылым (мәтіндік, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымы) данасы;";

      мынадай мазмұндағы 1-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-5) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогы - Қазақстан Республикасы кітапханаларының кітап қорлары туралы библиографиялық мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;";

      2) 7-бапта:

      9-1), 9-2) және 9-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетті белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      9-2) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетті белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді, оларды іріктеу өлшемшартгарын белгілейді;

      9-3) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетті белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) басып шығару жөніндегі сараптама комиссиясын құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;";

      15-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-2) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өндіретін және (немесе) сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілейді;";

      20-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-2) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының қорын қалыптастыру, есепке алу және оған қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 35-8) және 35-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "35-8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау және сату, сондай-ақ сатылған билеттер бойынша есеп беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35-9) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      3) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-2) өңірлік көркемдік кеңестер құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;";

      4) 9-1-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, зорлық-зомбылықты, порнографияны, зиянды әдеттерді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған, сондай-ақ жалпыға бірдей қабылданған мораль мен имандылық нормаларына қайшы келетін контентті пайдаланбауға;

      6) іс-шара өткізгенге дейін және оны өткізу уақытында әртістердің көрермендермен қарым-қатынасы кезінде тиісті мінез-құлқын қамтамасыз етуге, оның ішінде олардың аморальды, әдепсіз мінез-құлқын көрсететін бейәдеп сөз (дөрекі жаргон, былапыт сөздерді, нормативтік емес лексика) қолдануға, ұрысуға, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын пайдалануға жол бермеуге;

      7) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен көрерменді ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде музыкалық туындыларды орындаушылардың фонограммаларды пайдалануы туралы хабардар етуге міндетті.";

      5) 16-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Шығармашылық одақтарды қаржыландыру мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы заңнамаға сәйкес, сондай-ақ филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет есебінен жүзеге асырылады.";

      6) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      "17-1-бап. Шығармашылық бастамаларды қолдауға арналған қорлар

      1. Мәдениет және өнер саласындағы шығармашылық одақтарды, шығармашылық қызметкерлерді, жас таланттар мен дарындарды қолдау және ілгерілету мақсатында шығармашылық бастамаларды қолдауға арналған қорлар құрылуы мүмкін.

      2. Қорларды қаржыландыру мемлекеттік бюджет қаражатын қоспағанда Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған қаражат есебінен жүзеге асырылады.";

      7) 19-I-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-I-бап. Салалық көркемдік кеңестер

      1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында уәкілетті орган консультативтік-кеңесші органдарды - театр, музыка қызметі және концерттік қызмет, цирк өнері, кітапхана ісі, музей ісі және археология, бейнелеу өнері, сәулет және дизайн, әдебиет және кітап басып шығару жөніндегі салалық көркемдік кеңестерді құрады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары музей-кітапхана, театр-цирк өнері, музыкалық-концерт қызметі жөніндегі өңірлік көркемдік кеңестерді құрады.

      Салалық және көркемдік кеңестер құрамына мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер, ғалымдар, мамандар, шығармашылық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

      2. Уәкілетті орган құрған салалық көркемдік кеңестердің негізгі функциясы мәдениет пен өнердің жоғары көркем туындыларын - бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасау мақсатында мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.

      Өңірлік көркемдік кеңестердің негізгі функциясы мемлекеттік коммуналдық театрлардың, цирктердің, музейлердің, кітапханалардың және концерттік ұйымдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      Өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгі ережені уәкілетті орган бекітеді.".

      8) 19-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-2-бап. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу және басып шығару

      1. Уәкілетті органның жанынан мемлекеттік кітапханаларга және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетті белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) басып шығару бойынша ұсыныстар мен шешімдер әзірлеу мақсатында консультативтік-кеңесші орган - Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетті белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) басып шығару жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады.

      2. Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетті белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) басып шығару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ережесі мен құрамын уәкілетті орган бекітеді.

      3. Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетті белгілі бір мерзімге сатып алуға авторлық сыйақы мөлшерін уәкілетті орган белгілейді.

      4. Мемлекеттік кітапханаларға және өәзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын шарттармен айқындалады.";

      9) 21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік мәдениет ұйымдары және мемлекет жүз пайыз қатысатын мәдениет ұйымдары иеліктен шығаруға жатпайды.";

      10) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар ақысы міндетті сипатта болмайтын және жеке немесе заңды тұлғамен келісу бойынша айқындалатын, өздерінің негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуге құқылы. Мұндай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.";

      11) 24-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-2-бап. Басылымның міндетті тегін даналары

      Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында баспа нысанында басылымның міндетті тегін даналарын дайындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жібереді және электрондық нысанда үш жұмыс күні ішінде бірінші партиясы дайындалған күннен бастап басып шығарушы Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жібереді.";

      12) мынадай мазмұндағы 24-3-баппен толықтырылсын:

      "24-3-бап. Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы

      1. Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау, қоғамның рухани-білім беру және зияткерлік-мәдени әлеуетін арттыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету және бірыңғай электрондық білім кеңістігін қалыптастыру мақсатында құрылады.

      2. Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхананың міндеттері:

      Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана объектілерінің құрамына енгізу үшін құжаттарды іріктеп алу;

      кітапханалар қорларында бар Қазақстандық ұлттық электрондық кітапханасы объектілерінің жиынтығын қалыптастыру;

      пайдаланушылардың Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Қазақстандық ұлттық электрондык кітапханасы қорының объектілері авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз ететін келісімшарт негізінде жасалған басылымдардың электрондық нысандағы:

      мерзімді басылымдардың міндетті тегін даналарын қоспағанда баспа өнімінің;

      сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың, айрықша құндылығы бар (тарихи, көркем, ғылыми, әдеби) жеке және топтамадағы құжаттар мен басылымдардың;

      мемлекеттік бағдарламалар аясында шығарылған қоғамдық маңызы бар әдебиеттер мен басылымдардың;

      басылымдардың міндетті тегін даналарының;

      ғылыми-зерттеу жұмыстары есебінің, авторефераттардың, диссертациялардың;

      өлкетану әдебиеттерінің;

      зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы басылымдардың;

      биллинг жүйесін қолдану арқылы авторлық құқық туралы заңнамамен қорғалатын құжаттардың көшірмелері болып табылады.

      4. Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхананың қорларына қолжетімділік электрондық каталог көмегімен авторлық құқық туралы заңнамамен қорғалатын құжаттарға биллингтік жүйені қолдану және бірыңғай электрондық оқырман билеті арқылы қамтамасыз етіледі.";

      13) 25-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құкықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын, ақы төлеу міндетті сипатта болмайтын және жеке және заңнды тұлғалармен келісу бойынша айқындалатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге құқылы.

      Мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пай даланылады.";

      14) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-бап. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың гастрольдік қызметі

      1. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі, соның ішінде гастрольдік қызметі шарт негізінде жүзеге асырылады.

      2. Шетелдік гастрольдерді шығармашылық ұжымдар мен жекелеген орындаушылар авторлық құқық пен сабақтас кұқықтардың сақталуын қамтамасыз ететін шарттар негізінде өткізеді.

      3. Мәдени-бұқаралық және басқа да концерттік іс-шараларды өткізу кезінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер осы Заңның 9-1-бабының 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін сақтауға міндетті.".

      3. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжаг; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-1, 124-құжат; № 21-11, 130-құжат; № 21-ИІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-П, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-1, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-1, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар):

      1) 161-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Білім беру, дене шынықтыру және спорт, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу және бағалау, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар және мемлекеттік архивтер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.";

      2) 214-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкін мүлікті Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" және "Мәдениет туралы" заңдарына сәйкес құрылатын тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнаулы комиссиясы және ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі жөніндегі сарапшы комиссия қарайды.".

      2- бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады