"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1023 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат, 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар):

      1) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Жер заңнамасының міндеттері

      Қазақстан Республикасы жер заңнамасының міндеттері: жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн; жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу; жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; климаттың өзгеруіне бейімделу; шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлiк рыногын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады".

      2) 48-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған жалпы пайдаланылатын объектілерге (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылыстары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған инфрақұрылым), сондай-ақ осы Кодекстің 107-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес арнайы мақсаттағы объектілерге.";

      3) 49-2-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Белгіленген тәртіппен бекітілген аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары, автомобиль жолдары мен темір жолдар өтуінің жобалары (схемалары), қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындылар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары жерді резервте қалдыру үшін негіздер болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қоршаған ортаға әсер етуді бағалауды жүргізу кезінде жерді резервте қалдыру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген қоршаған ортаға әсерді бағалауды қамту саласын айқындау туралы қорытындысымен көзделіп отырған қызметтің бастамашысы жүгінген жағдайда үш жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.";

      4) 93-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жер учаскесін немесе оның бөлігін пайдаланған кезде, ауыл шаруашылығы жері құнарлылығының елеулі төмендеуіне немесе экологиялық залалға әкеп соққан жағдайларда, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес залалды жоюға міндетті".

      5) 109-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жалпы пайдаланылатын жерден жер учаскелері азаматтар мен заңды тұлғаларға жеңілдетілген үлгідегі құрылыстарды (сауда шатырларын (павильондарды), қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлік алаңдарды және қайталама шикізатты қабылдау пункттерін, дүңгіршектерді, жарнамалық құрылыстарды және басқа да сервис объектілерін) орналастыруға уақытша жер пайдалануға жалпы пайдалануға залал келтірмей берілуі мүмкін. Бұл ретте жалпы пайдаланудағы жер құрамынан, оның iшiнде сауда базарларын, ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) орналастыру үшін, Алматы қаласының ерекше мәртебесі және Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы заңнамалық актілерге сәйкес республикалық маңызы бар қала, астана көшелерінің бойындағы оқшауланған белдеулерде орналасқан ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) қоспағанда, жол (көше, өтпелi жолдар) жиегiнен учаскелер беруге жол берiлмейдi.";

      6) 142-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жердің жай-күйіне теріс әсер етуді және оларды қорғау жөніндегі көзделген іс-шаралардың тиімділігін бағалау мемлекеттік сараптамалардың нәтижелері бойынша жүргізіледі, олардың оң қорытындысы болмайынша жаңа техника мен технологияларды енгізуге, жерді мелиорациялау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және басқа да объектілерді салуды (қайта жаңартуды) қаржыландыруға тыйым салынады.".

      2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2,3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат):

      1) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18-49), 18-50), 18-51), 18-52) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18-49) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды ұйымдастырады;

      18-50) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі басымдықтар мен шараларды айқындайды;

      18-51) өз құзыреті шеңберінде климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;

      18-52) өз құзыреті шегінде әзірленген және жүзеге асырылған климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторингті және бағалауды жүзеге асырады және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзетеді;";

      2) 27-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жекеше орман иеленушілер:

      1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтай отырып, өздерінің меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы мен орман пайдалануды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген тәсілдермен және әдістермен жүргізуге;";

      3) 38-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) сүрек дайындау кезінде экологиялық рұқсатқа сәйкес техника мен технологияларды пайдалана отырып, орманды табиғи молықтыру үшін оңтайлы жағдайларды сақтау жөніндегі талаптарды сақтауға;";

      4) 53-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ормандардың жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілерді салу орындары міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізе отырып, уәкілетті органмен келісіледі.";

      5) 54-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргізу, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау, егер бұл үшін мемлекеттік орман қорының жерін жердің басқа санаттарына ауыстыру және (немесе) оларды алып қою талап етілмесе, тиісті экологиялық рұқсат болған кезде уәкілетті органмен келісім бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде жүзеге асырылады.";

      6) 62-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) климаттың өзгеруіне бейімдеу және климаттың өзгеруіне осалдықты азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу;";

      7) 72-бапта:

      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "72-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандардың ресурстық әлеуетін арттыру";

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу ормандардың ресурстық әлеуетiн арттыруды қамтамасыз етуге тиiс.

      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық әлеуетiн арттыру ағаш кесудiң ғылыми негiзделген жүйесiн iске асыру, ормандарды молықтыру, олардың тұқымдық құрамын жақсарту, селекциялық-генетикалық негiзде тұрақты тұқым базасын жасау мен оны тиiмдi пайдалану, су-орман мелиорациясы, күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу мен санитариялық мақсатта ағаш кесудi қоса алғанда, орманды күтiп-баптау, орман шаруашылығы мақсатындағы жол салу, басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын өткiзу нәтижесiнде жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық әлеуетiн көтеру жөнiндегi iс-шараларды орман мекемелерi мен орман пайдаланушылар орман орналастыру жобаларына сәйкес жүргiзедi.";

      8) 93-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Кодекстің 44-бабы 2-тармағының 1)-6) тармақшаларында санамаланған мемлекеттік орман қоры санаттарының ормандарында өзге де кесу, сондай-ақ құндылығы төмен және қорғаныштық, су қорғау және басқа да экологиялық функцияларын жоғалтатын екпелерді реконструкциялауға байланысты ағаш кесу уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғана жүргізіледі.";

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілген ағаш кесу уәкілетті органның рұқсатымен және тиісті экологиялық рұқсат болған кезде жүргізіледі.".

      3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 жылғы 23 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 35-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сумен жабдықтау, су бұру және суды қорғау саласындағы, оның ішінде климаттың өзгеруіне бейімдеу мақсатында технологияларды жетілдірудің негізгі бағыттарын әзірлеу;";

      2) 37-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2), 1-3), 1-4), 1-5) және 20-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-2) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды жүргізеді;

      1-3) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі басымдықтар мен шараларды айқындайды;

      1-4) өз құзыреті шеңберінде климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;

      1-5) өз құзыреті шеңберінде әзірленген және жүзеге асырылған климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторингті және бағалауды жүзеге асырады және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзетеді;";

      "20-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;";

      3) 39-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3), 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды жүргізеді;

      5-2) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі басымдықтар мен шараларды айқындайды;

      5-3) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;

      5-4) өз құзыреті шегінде әзірленген және жүзеге асырылған климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторингті және бағалауды жүзеге асырады және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзетеді;";

      4) 40-баптың 2-тармағы 7) тармақшасының алтыншы абзацындағы "жоспарларын келісу." деген сөздер "жоспарларын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жаңа жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жиынтық экологиялық пайданы талдау тәсілінде айқындалатын мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін келісу;";

      5) 66-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар онда айқындалған мақсаттар үшін ғана рұқсат негізінде жүзеге асырады және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және экологиялық залал келтірмеуге тиіс.";

      6) 70-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Арнайы су пайдалану мерзімдері ресурстық әлеуетке және су объектісінің ластану деңгейіне байланысты.";

      7) 71-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) су объектiлерiн пайдаланудың өзiне тиесiлi құқығын өз қалауына қарай жүзеге асыруға, бұл ретте, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына, су объектiлерi мен экологиялық залал келтiруге жол бермеуге;";

      8) 72-баптың 8) тармақшасында "белгіленген нормативтерден" деген сөздердің алдынан "мұнайдың авариялық төгілуін жою әдістерін қолдану нәтижесінде эмиссияларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 121-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шағын су объектілерінің су ресурстарын арнайы су пайдалану тәртібімен пайдалану уәкілетті орган осындай су пайдаланудың олардың жай-күйіне салдарын зерделегеннен кейін және тиісті экологиялық рұқсат болған кезде мүмкін болады.";

      10) 130-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) міндетті санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасыз шаруашылық қызмет және аумақта жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүргізу.".

      4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, № 7, 39-құжат):

      1) 50-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы;";

      2) 51-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы;";

      3) 53-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының он сегізінші және он тоғызыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;

      I санат объектілеріне экологиялық рұқсаттарды беру;";

      4) 54-бапта:

      1-тармақта:

      8) тармақшада:

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;";

      он үшінші абзац алып тасталсын;

      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ІІ санат объектілеріне экологиялық рұқсаттарды беру;";

      5) 55-бапта:

      1-тармақта:

      8) тармақшада:

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;";

      он бірінші абзац алып тасталсын;

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ІІ санат объектілері үшін экологиялық рұқсаттарды беру;".

      5. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; №14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) мазмұнында 343-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "343-бап. Экологиялық залалды ремедиациялау (жою) жөнінде шаралар қолданбау";

      2) 3-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) айтарлықтай залал және айтарлықтай мөлшер - 198 және 199-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын залал мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілері даналарының немесе өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетiстiктер немесе интегралдық микросхемалар топологиялары қамтылған тауарлардың құны; 202-бапта – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал; 214-бапта – құны екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарлар саны; 233-бапта – айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал; 325, 326 және 328-баптарда – экологиялық зиянды жою үшін қажетті шығындардың бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі құндық көрінісі; 335, 337 және 342-баптарда табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі құндық көрінісі; өзге баптарда – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал мөлшері; 366 және 367-баптарда – елуден үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) аса ірі залал және аса ірі мөлшер – 188, 191 және 192-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын мүлік құны немесе залал мөлшері; 189, 190, 194, 197, 202 және 204-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен төрт мың есе асатын мүлік құны немесе залал мөлшері; 214-бапта – сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кіріс; 216-бапта – азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен бес мың есе асатын сомада келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен елу мың есе асатын сомада келтiрiлген залал; 217-бапта – сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кіріс; 229, 230-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен жиырма мың есе асатын сомадағы залал; 234-бапта – жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, алып өткізілген тауарлардың құны; 245-бапта – жетпіс бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы; 253-бапта – екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; 307-бапта – сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кіріс; 324, 325, 326, 328, 329, 330, 332 және 333-баптарда – экологиялық зиянды жою үшін қажетті шығындардың отыз мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі; 334, 337 және 343-баптарда – табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі; 365-бапта – азаматқа айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомада келтірілген залал; 366 және 367-баптарда – он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; өзге баптарда – айлық есептік көрсеткіштен төрт мың есе асатын сомадағы залал мөлшері;";

      38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "38) iрi залал және ірі мөлшер – 185, 186 және 458-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомадағы залал; 188, 191 және 192-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын мүлік құны немесе залал мөлшері; 189, 190, 194, 195, 196, 197, 200, 202 және
204-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын мүлік құны немесе залал мөлшері; 198 және 199-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын залал мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілері даналарының немесе өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер, селекциялық жетiстiктер немесе интегралдық микросхемалар топологиялары қамтылған тауарлардың құны; 214-бапта – сомасы он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кіріс; 214, 221, 237, 238 (бірінші бөлігі), 239 (бірінші және екінші бөліктері), 240, 242, 243 және 250 (екінші бөлігі) -баптарда – азаматқа айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомада келтірілген залал; 216-бапта – азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен екі мың есе асатын сомада келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен жиырма мың есе асатын сомада келтiрiлген залал; 217-бапта – сомасы бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кіріс; 218-бапта – жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға қылмыстық жолмен алынған ақша және (немесе) өзге де мүлік; 219, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228 және 241-баптарда – азаматқа айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын сомада келтірілген залал; 220, 229, 230-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомадағы залал; 221-бапта – сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кіріс; 231-бапта – қолдан жасалған банкноттардың, монеталардың, бағалы қағаздардың, шетел валютасының айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын құны; 234-бапта – алып өткізілген тауарлардың он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны; 235-бапта – қырық бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, ұлттық валютада және (немесе) шетел валютасында қайтарылмаған қаражат сомасы; 236-бапта – төленбеген кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны; 238 (екінші бөлігі) және 239 (үшінші бөлігі)-баптарда – орта кәсіпкерлік субъектісіне айлық есептік көрсеткіштен жиырма мың есе асатын сомада не ірі кәсіпкерлік субъектісіне айлық есептік көрсеткіштен қырық мың есе асатын сомада келтiрiлген залал; 244-бапта – жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы; 245-бапта – елу мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы; 247-бапта – үш жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын, адам алған сома немесе оған көрсетілген қызметтер құны; 253-бапта – бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; 258-бапта - бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, мүліктің, мүліктік сипаттағы пайданың, көрсетілген қызметтердің құны; 274-бапта – азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен екі мың есе асатын сомада келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен он мың есе асатын сомада келтiрiлген залал; 292-бапта – жеке тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштен бір мың есе асатын сомада келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен екі мың есе асатын сомада келтiрiлген залал; 307-бапта – сомасы бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кіріс; 323-бапта – жалған жасалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны; 324, 325, 326, 328, 329, 330, 332 және 333-баптарда – экологиялық зиянды жою үшін қажетті шығындардың он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі; 334, 335, 337, 338, 340, 341 және 343-баптарда – табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі; 344-бапта – екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын залал мөлшері; 350, 354, 355 және 356-баптарда – азаматқа айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын мөлшерде келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын мөлшерде келтірілген залал; 365-бапта – азаматқа айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын сомада келтірілген залал; 366 және 367-баптарда – үш мыңнан асатын және он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; 399-бапта – арнайы техникалық құралдардың бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны; өзге баптарда – айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомадағы залал мөлшері;

      3) 324-баптағы "қоршаған ортаға ірі залал" деген сөздер "ірі экологиялық залал" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 325-баптағы "қоршаған ортаға айтарлықтай залал" деген сөздер "айтарлықтай экологиялық залал" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 326-баптағы "қоршаған ортаға айтарлықтай залал" деген сөздер "айтарлықтай экологиялық залал" деген сөздермен ауыстырылсын";

      6) 328-баптағы "қоршаған ортаға айтарлықтай залал" деген сөздер "айтарлықтай экологиялық залал" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 329-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "қоршаған ортаға ірі залал келтіруге" деген сөздер "ірі экологиялық залал келтіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге" деген сөздер "аса ірі экологиялық залал келтіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 330-баптағы "қоршаған ортаға ірі залал" деген сөздер "ірі экологиялық залал" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 332-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "сол сияқты" деген сөздерден кейін "пестицидтерді," деген сөзбен толықтырылсын;

      "қоршаған ортаға ірі залал" деген сөздер "ірі экологиялық залал" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте "қоршаған ортаға аса ірі залал" деген сөздер "аса ірі экологиялық залал" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 333-баптағы "қоршаған ортаға ірі залал" деген сөздер "ірі экологиялық залал" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 343-бапта:

      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "343-бап. Экологиялық залалды ремедиациялау (жою) жөніндегі шаралар қолданбау";

      бірінші бөлік алып тасталсын;

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Экологиялық залалды ремедиациялау (жою) міндеті жүктелген тұлғалардың мұндай іс-шараларды жүргізуден жалтаруы немесе тиісінше жүргізбеуі, –

      жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.".

      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына не аса ірі залал келтіруге әкеп соққан әрекеттер, –

      үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар, № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 23 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      325-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      326-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "326-бап. Экологиялық рұқсаттың шарттарын орындамау

      327-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 327-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "327-1-бап. Экологиялық заңнамада көзделген міндетті мәліметтерді беру туралы талаптарды бұзу

      мынадай мазмұндағы 327-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "327-2-бап. Экологиялық залалды өткізбеу немесе ремедиациялаудан (жоюдан) жалтару";

      328, 331, 334-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: "328-бап. Қоршаған ортаға антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу";

      "331-бап. Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу";

      "334-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден (техникалық нормативтерден) асып кететін автомотокөлік және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану";

      335-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      336-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "336-бап. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау";

      мынадай мазмұндағы 343-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "343-1-бап. Қазақстан Республикасының метеорологиялық мониторинг саласындағы заңнамасын бұзу;

      344-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      344-бап. Қалдықтармен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды бұзу;

      351-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      397-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      399-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      399-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды, қызметтер көрсету кезіндегі бұзушылықтар";

      2) 32-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттеріндегі режимдi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы туралы заңнамасын, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын, жол жүру қағидаларын, қызмет орнынан тыс жердегі кеден қағидаларын, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының бюджет және салық заңнамасын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын, аң аулау, балық аулау қағидаларын, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың экологиялық заңнаманың басқа да қағидалары мен нормаларын бұзғаны үшiн осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдар жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Аталған адамдарға атыс және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкімшілік қамаққа алу түрiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға болмайды.";

      3) 44-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем ставкаларының сомасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан алынған экономикалық пайда сомасы;";

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жер қойнауының ресурстарына мемлекеттік меншік құқығын бұзу нәтижесінде келтірілген залалдың сомалары;";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген айыппұл осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген айыппұлдардың белгіленген мөлшерінен асатын немесе одан аз мөлшерде белгіленуі мүмкін.";

      4) 57-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Кодекстің 61-бабында көзделген мерзім ішінде тұлға әкімшілік жазаға тартылған адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты қайталап жасауы;";

      5) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған адам әкімшілік жазаны орындау аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері жасаған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша үш жыл ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі.";

      6) 62-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа, адам – әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын бұзғаны үшін оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, қоршаған ортаны қорғау, бәсекелестікті қорғау саласында, кеден ісі саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы, мемлекеттік құпиялар туралы, табиғи монополиялар туралы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасы саласында, сондай-ақ жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн – оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу, қоршаған ортаны қорғау, бәсекелестікті қорғау саласындағы, кеден ісі саласындағы, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, табиғи монополиялар туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылығы үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.";

      7) 139-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау –

      келтірілген залалдың жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттары тәркiлене отырып, келтірілген залалдың екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе.

      1. Осы бапта көзделген әкімшілік құқық бұзуды жасау нәтижесінде мемлекетке келтірілген нұқсан деп заңсыз алынған жер қойнауы ресурстарының нарықтық құны танылады.";

      8) 324-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың нормаларын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу, –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      9) 325-бап алып тасталсын:

      10) 326-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "326-бап. Экологиялық рұқсаттың шарттарын орындамау

      "1. Экологиялық рұқсат шарттарын орындамау, –

      лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері-әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін үш жыл ішінде, –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, экологиялық залал келтірумен ұштасқан әрекеттер, –

      экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата отырып немесе оны болдырмай, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;

      4. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы, –

      экологиялық рұқсаттан айыруға әкеп соғады.

      Ескертпе.

      1. Осы бапта көзделген экологиялық рұқсат шарттарын бұзғаны үшін жауаптылық, экологиялық рұқсаттың жекелеген шарттарын бұзғаны үшін осы тараудың басқа баптарында әкімшілік жауаптылық көзделмеген жағдайларда туындайды.

      2. Егер экологиялық рұқсат бірнеше объектіге берілсе, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген рұқсаттың қолданылуы бұзушылық жойылмаған объекті бойынша тоқтатылады.";

      11) 327-бап алып тасталсын:

      12) мынадай мазмұндағы 327-1-баппен толықтырылсын:

      "327-1-бап. Экологиялық заңнамада көзделген міндетті мәліметтерді ұсыну туралы талаптарды бұзу

      1. Қазақстан Республикасының Экологиялық заңнамасында көзделген есептілікті немесе өзге міндетті мәліметтерді және ақпаратты ұсынбау, толық емес немесе уақтылы ұсынбау, -

      жеке тұлғаларға жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, нақ сол есептілікке қатысты қайталап жасалған немесе әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде ақпарат беруге міндетті, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін үш жыл ішінде қайталап жасалған не қоршаған ортаға ластаушы заттардың өндірістік нормативтен тыс эмиссиялары мен қалдықтарды жинақтау немесе көму лимиттерінің артуымен және қоршаған ортаға басқа да зиянды әсерлермен байланысты әрекеттер, –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген дұрыс емес есептілікті немесе міндетті мәліметтер мен ақпаратты қасақана ұсыну, –

      жеке тұлғаларға жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, бір жыл ішінде қайталап, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін үш жыл ішінде қайталап жасалған не экологиялық рұқсатты бұзумен немесе қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндетті іс – шараларды орындамаумен байланысты әрекеттер, –

      жеке тұлғаларға екі жүз мөлшерінде, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –алты жүз мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне мың жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      13) мынадай мазмұндағы 327-2 баппен толықтырылсын:

      "327-2-бап. Экологиялық залалды ремедиациялаудан (жоюдан) өткізбеу немесе жалтару,

      Келтірілген экологиялық залалды ремедиациялаудан (жоюдан) өткізбеу, тиісті түрде өткізбеу немесе жалтару, –

      тиісті экологиялық рұқсаттың немесе қызметтін тоқтату арқылы, бұзушылықтан алынған экономикалық пайданың жүз пайыз көлеміндегі айыппұл салуға әкеп соғады.";

      14) 328-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "328-бап. Қоршаған ортаға рұқсат етілген антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу";

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шығарындылардың технологиялық нормативтерінің, төгінділердің технологиялық нормативтерінің, эмиссиялардың технологиялық үлестік нормативтерінің немесе қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің асып кетуі, экологиялық рұқсатта көрсетілмеген көздерден эмиссияларды жүзеге асыру, сол сияқты қоршаған ортаға зиянды әсер ететін жұмыс істеп тұрған объектіге жаңадан берілген экологиялық рұқсат болмаған кезде эмиссияларды жүзеге асыру –

      жеке тұлғаларға – жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға ластаушы заттардың асып кеткен мөлшеріне қатысты қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемнің тиісті мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы екінші - оныншы бөліктермен толықтырылсын:

      "2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, эмиссиялардың сол көзінде бір жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін үш жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –

      қоршаған ортаға ластаушы заттар эмиссиясының тиісті көзін немесе өндірістік учаскені пайдалануға экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға ластаушы заттардың асып кеткен мөлшеріне қатысты қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемнің тиісті мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін тиісті объект үшін оны алу міндетті болған кезде қоршаған ортаға антропогендік әсер етуді жүзеге асыру, экологиялық рұқсат болмаған кезде жүзеге асыру не қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсынбау – үш жылға дейінгі мерзімге қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бұзушылықтан алынған экономикалық пайда сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Қоршаған ортаға әсер ету туралы дұрыс емес декларация беру, –

      қызметті тоқтата отырып, жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Қалдықтарды жинақтау немесе көму лимиттерін бұзу, –

      белгіленген лимиттен жоғары жинақталған немесе көмілген қалдықтар санына қатысты қалдықтарды көму үшін төлемақы мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, қалдықтарды жинақтау немесе көму объектісінде бір жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –

      экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, белгіленген лимиттен жоғары жинақталған немесе көмілген қалдықтар санына қатысты қалдықтарды көму үшін төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Қалдықтардың жинақталу мерзімдерін бұзу, –

      Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген мерзімнен тыс әрбір күн үшін жинақталған қалдықтардың мөлшеріне қатысты қалдықтарды көму үшін төлемақы мөлшерлемесінің жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Көмірсутектерді барлау және өндіруді жүргізу кезінде пайда болатын, күкірт карталарындағы ашық түрдегі күкіртті орналастыру лимиттерін бұзу, –

      белгіленген лимиттен асып кеткен ашық түрде орналастырылған күкірт массасына қатысты төлем мөлшерлемесінің он мың пайыз мөлшеріндегі айыппұлға әкеп соғады.

      9. Экологиялық рұқсатсыз, көмірсутектерге барлау және өндіру жүргізу кезінде пайда болатын, күкірт карталарында ашық түрде күкіртті орналастыру, -

      экологиялық рұқсат жоқ кезде, ашық түрде орналастырылған күкірт массасына қатысты төлем мөлшерлемесінің жиырма мың пайыз мөлшеріндегі айыппұлға әкеп соғады.

      10. Табиғи ортаға шекті рұқсат етілген нормативтерді бұзу, -

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе.

      Осы баптың бірінші және екінші бөлігінің мақсаттары үшін салық заңнамасында тиісті төлемақы мөлшерлемесі белгіленбеген ластаушы заттардың шығарындылары немесе төгінділері бойынша әкімшілік өндіріп алу сомасын айқындау кезінде ластаушы заттардың шығарындылары кезінде бір тонна үшін елу айлық есептік көрсеткішке және ластаушы заттардың төгінділері кезінде бір тонна үшін екі жүз айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерлемесі танылады.";

      15) 331-бапта:

      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "331-бап. Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу";

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын және сарқынды сулардың төгілуін тазалау және бақылау үшін құрылыстарды немесе жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзу, ақаулы құрылыстарды немесе жабдықтарды пайдалану немесе пайдаланбау –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, сол құрылысқа, жабдыққа немесе эмиссия көзіне қатысты бір жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін үш жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –

      қоршаған ортаға ластаушы заттар эмиссиясының көзіне немесе өндірістік учаскеге қатысты экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бұзушылықтан алынған экономикалық пайда сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Сарқынды суларды осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген жерден тыс төгу, оның ішінде сарқынды сулардың төгінді коллектордың (каналдың, суағардың) бүлінуі немесе бүтіндігінің бұзылуы нәтижесінде авариялық төгінділер, –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылықтан алынған экономикалық пайда сомасының жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      16) 332-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті түрде жүргізу туралы заңнама немесе мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтпеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру талаптарын орындамау, –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "2. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында қамтылған талаптарды орындамау, –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      17) 334-бапта:

      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "334-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден (техникалық нормативтерден) асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану;

      бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке тұлғалардың шығарындыларда ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалануы –

      жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері-әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін үш жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

      жеке тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      18) 335-бап алып тасталсын;

      19) 336-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "336-бап. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау немесе өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау

      Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қоймалау қағидаларын бұзу, көрсетілген қалдықтарды жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      20) 337-бапта:

      бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Топырақтың құнарлы қабатының біржола жоғалуын болдырмау үшін мұндай алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, оны басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын жою немесе заңсыз алу, –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Жерді сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезінде агрохимикаттармен, пестицидтермен, тыңайтқыштармен, өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштармен және өзге де қауіпті биологиялық және радиоактивті заттармен ластау немесе өзге де бүлдіру, сол сияқты жердің тозуына немесе адамның денсаулығына зиян келтірмей топырақ құнарлылығының нашарлауына әкеп соққан бактериялық-паразиттік немесе тән зиянды организмдерді жұқтыру, –

      жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";  

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "3. Жерді экологиялық залал келтіруге әкеп соқпаған қауіпті химиялық заттармен ластау немесе өзге де бүлдіру, –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Жерді экологиялық залал келтіруге әкеп соққан қауіпті химиялық заттармен ластау, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      21) мынадай мазмұндағы 343-1 баппен толықтырылсын:

      "343-1-бап. Қазақстан Республикасының метеорологиялық мониторинг саласындағы заңнамасын бұзу

      1. Мына:

      1) алынған метеорологиялық ақпаратты белгіленген тәртіппен Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке ұсынбау;

      2) Метеорологиялық ақпаратты өндірушілердің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін хабарламаны жіберу кезінде ұсынылған қандай да бір деректердің өзгерістері туралы хабарламау не уақтылы хабарламау түріндегі міндетті талаптарды бұза отырып, метеорологиялық мониторинг саласындағы жұмыстарды жүзеге асыру, –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Метеорологиялық ақпаратты өндірушілердің мемлекеттік тізіліміне енгізу кезінде көрінеу дұрыс емес ақпарат беру –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері-үш жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      22) 344-бапта:

      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "344-бап. Қалдықтармен жұмыс жасауға қойылатын талаптарды бұзу";

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Экологиялық заңнамада көзделген қалдықтардың жекелеген түрлерін көмуге тыйым салуды бұзу, –

      экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып, бұзушылықтан алынған экономикалық пайда сомасының жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы екінші - бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "2. Қалдықтарды жинақтауға немесе көмуге арналмаған арнайы белгіленген орындардан тыс жинақтау, сол сияқты экологиялық рұқсат болмаған кезде қалдықтарды көму, –

      қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бұзушылықтан алынған экономикалық пайда сомасының бір жүз пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қалдықтарды жинақтау, жинау, тасымалдау, есепке алу, қалпына келтіру, жою және залалсыздандыру жөніндегі талаптарды бұзу –

      жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды бұзу, –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін үш жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –

      Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері-әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін үш жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

      қауіпті қалдықтарды қайта өңдеуге, залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға арналған экологиялық рұқсаттың немесе лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе.

      Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларға қойылатын талаптардың жекелеген бұзушылықтары үшін осы баптың өзге бөліктерінде әкімшілік жауаптылық көзделмеген жағдайларда туындайды.";

      23) 347-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің экологиялық нормалары мен қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет экологиялық залал келтіруге әкеп соқпаса, –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл мерзім ішінде қайталап жасалған әрекет, –

      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      24) 351-бап алып тасталсын;

      25) 353-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "2. Салдарын жою "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес қамтамасыз етілмеген пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану және кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүргізу, сол сияқты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуы талап етілетін қамтамасыз етуді белгіленген мерзімде ұсынбай жүргізу –

      тиісті учаскедегі немесе жер қойнауы учаскелеріндегі қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.

      3. Жер қойнауын пайдаланушының осы баптың екінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды тиісті учаскедегі немесе жер қойнауы учаскелеріндегі қызметті тоқтата тұру мерзімі ішінде жоймауы –

      жер қойнауының тиісті учаскесінде немесе учаскелерінде қызметке (жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға) тыйым салуға әкеп соғады.";

      26) 394-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      27) 397-бап алып тасталсын;

      28) 399-бапта:

      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "399-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезіндегі бұзушылықтар";

      бірінші - үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың қызметтер көрсету кезінде дұрыс емес деректерді ұсынуы –

      тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –

      тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, экологиялық залал келтіруге әкеп соққан не үш реттен артық жасалған әрекеттерді жасау, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      29) 684-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 73, 73-1, 73-2, 74, 75 (бірінші, екiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде), 76, 77, 78, 79, 80 (төртiншi бөлiгiнде), 81 (екiншi бөлiгiнде), 82 (екiншi бөлiгiнде), 82-1, 85, 86 (төртiншi бөлiгiнде), 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екiншi бөлiгiнде), 145, 149, 150, 151 (екiншi бөлiгiнде), 153, 154, 156-1, 158, 159, 160 (екiншi бөлiгiнде), 169 (екiншi, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 171, 173, 174 (екiншi бөлiгiнде), 175, 175-1, 176, 182, 183, 185, 187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 189, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 191, 193 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде), 200, 211 (бірiншi бөлiгiнде), 214, 216, 219, 233 (үшiншi бөлiгiнде), 235, 236, 237, 239-1, 245, 246, 247 (алтыншы, 7-1, тоғызыншы, он бірінші бөліктерінде), 251, 252 (екiншi бөлiгiнде), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктерінде), 283, 283-1, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (екінші бөлігінде), 310, 311, 312 (екiншi бөлiгiнде), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгiнде), 317 (төртінші бөлiгiнде), 317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде), 319, 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 326 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 327-1 (төртінші бөлігінде), 327-2, 328 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 333 (екiншi бөлiгiнде), 344 (екінші бөлігінде), 353 (екіншк және үшінші бөліктерінде) 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірiншi бөлiгiнде), 381-1, 382 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екiншi бөлiгiнде), 389, 392 (үшiншi бөлiгiнде), 395 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екiншi бөлiгiнде), 398, 399 (екінші және үшінші бөліктерінде), 400 (екiншi бөлiгiнде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде), 404 (тоғызыншы бөлiгiнде), 407 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 409 (жетінші және 7-1- бөліктерінде), 410-1, 413, 413-1, 414, 415 (екiншi бөлiгiнде), 415-1 (екінші бөлігінде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екiншi бөлiгiнде), 422, 423 (екiншi бөлiгiнде), 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 425 (екiншi бөлiгiнде), 426 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 427, 433 (екiншi бөлiгiнде), 434, 436, 439, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 443 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445, 445-1, 446, 449 (екiншi және үшінші бөліктерінде), 450, 451 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 452 (үшінші және төртiншi бөліктерінде), 453, 456-1, 460-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 461, 462, 463, 464 (екiншi бөлiгiнде), 465, 469 (екiншi бөлiгiнде), 470 (екiншi бөлiгiнде), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 489-1, 490, 495 (екiншi бөлiгiнде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 498, 506, 507, 508, 509, 510 (төртінші бөлігінде), 512 (екiншi бөлiгiнде), 513 (екiншi бөлiгiнде), 514 (екiншi бөлiгiнде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (1-1-бөлігінде), 532 (екiншi бөлiгiнде), 543 (бірінші, 1-1 және үшінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екiншi бөлiгiнде), 549, 550, 552 (екiншi бөлiгiнде), 563 (екiншi бөлiгiнде), 564 (бесiншi бөлiгiнде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 583 (екiншi бөлiгiнде), 590 (төртiншi бөлiгiнде), 596 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 604 (екiншi бөлiгiнде), 605 (екiншi бөлiгiнде), 606 (екiншi бөлiгiнде), 607 (екiншi бөлiгiнде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртiншi бөлiгiнде), 618, 621 (үшiншi бөлiгiнде), 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 638 (екiншi бөлiгiнде), 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды."

      30) 687-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 349, 350, 352, 353 (бірінші бөлігінде), 354, 355, 356 (бірінші бөлігінде), 391-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";

      31) 687-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 346, 349, 353 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";

      32) 688-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде), 281 (жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 345, 348, 349, 350, 353 (бірінші бөлігінде), 356 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және он үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 635 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";

      33) 688-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 345, 346, 349, 350, 353 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";

      34) 697-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 139 (бірінші бөлігінде), 230 (екінші бөлігінде шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 297 (бірінші бөлігінде), 324, 326, 327-1, 327-2, 328 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы), 329, 330, 331, 332, 333 (бірінші бөлігінде), 334, 336, 337 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 343-1, 344 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші), 344-1, 344-2, 346, 347, 352, 353 (бірінші бөлігінде), 356 (екінші бөлігінде), 358, 377 (бірінші бөлігінде), 397 (бірінші, екінші, және үшінші бөлігінде),399 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";

      екінші бөліктің 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан алынған экономикалық пайда сомасынан не жер қойнауына арналған мемлекеттік меншік құқығын бұзу нәтижесінде келтірілген залал сомасынан қоршаған ортаға келтірілген теріс әсер етуі үшін төлем мөлшерлемесінің сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға;

      5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк экологиялық инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан алынған экономикалық пайда сомасынан не жер қойнауына арналған мемлекеттік меншік құқығын бұзу нәтижесінде келтірілген залал сомасынан қоршаған ортаға келтірілген теріс әсер етуі үшін төлем мөлшерлемесінің сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға құқылы.";

      34) 710-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 137, 341, 342, 342-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органы осы Кодекстің 136, 137, 138 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 340-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";

      36) 729-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші бөлігінде көзделген электр энергиясын қоспағанда), 172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде (барлық қуаттардағы қазандықтар, жылу желілері мен жылу энергиясы бөлігінде), 193 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250 (астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу бөлігінде), 300 (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар мен жылу желілері бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттардағы қазандықтар мен жылу желілері бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар мен жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 338, 353 (екінші және үшінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405, 406 (2) тармақшаны (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), бірінші бөліктің 3) және 5) тармақшаларын қоспағанда), жетінші және сегізінші бөліктерінде), 408-1, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 455 (бірінші бөлігінде, екінші бөліктің 1), 2), 4), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында, үшінші және бесінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 488-1, 491-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";

      37) 806-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Осы Кодекстің 139, 327-1, 328 (үшінші бөлігі), 331 (екінші және үшінші бөліктері), 334 (бірінші және екінші бөліктері)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға келтiрiлген залал сомасының мөлшерiн белгiлеу талап етiлетін жағдайларда, экологиялық залал келтіру фактісін, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан алынған экономикалық пайда сомасынан не жер қойнауына арналған мемлекеттік меншік құқығын бұзу нәтижесінде келтірілген залал сомасынан қоршаған ортаға келтірілген теріс әсер етуі үшін төлем мөлшерлемесінің сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл сомасының көлемін анықтау қажет етіледі, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама экологиялық залал келтіру фактісі, жер қойнауына арналған мемлекеттік меншікке келтірген залалдың сомасы не тиісінше алынған экономикалық пайда сомасы анықталған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.".

      7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015ж., № 20-ІІ, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 18 наурыздағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы):

      1) 92-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) қалдықтармен жұмыс істеу.";

      2) 137-баптың 3-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бақылау және қадағалау органы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында, табиғи монополиялар салаларында баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің осы Кодексте белгіленген міндеттерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ I санаттағы объектілерде бұзушылықтар анықталған жағдайда – қоршаған ортаны қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайды.";

      3) 146-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру немесе профилактикалық бақылау мен қадағалау қажеттілігі Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген қоғамдық тәртіпке, экологиялық залал келтіру халықтың денсаулығына, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қатерді дереу жоюды талап ететін, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалдан, сондай-ақ бұзушылықтар жасалған кезде тікелей олардың жолын кесу және дәлелдемелерді бекіту үшін кезек күттірмейтін іс-қимылдар жүргізу қажеттiлігiне қарай тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндерi) жүргiзілген кезде тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiлердi тiркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.

      4) 148-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы сынамаларды зертханалық зерттеу нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда ғана осы баптың 1-тармағында айқындалған мерзімдерге бір рет қана ұзарта алады.";

      5) 284-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте электр және жылу энергиясын алу үшін тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату жөніндегі жұмыс істеп тұрған өндірістерді құру, кеңейту және (немесе) жаңарту мақсаттары үшін инвестициялардың көрсетілген мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі жүз мың еселенген мөлшерін құрайды.";

      6) 286-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) заңды тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (электр және жылу энергиясын өндіру үшін тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату жөніндегі жұмыс істеп тұрған объектілерді салу, кеңейту және (немесе) жаңарту) кемінде екі жүз мың еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асырады.".

      8. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж.; № 22-І, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 18 наурыздағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы;
2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және жылжыту, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы; 2019 жылғы 23 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 19 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы):

      1) мазмұнында:

      69-тараудың 4-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы";

      2) 49-баптың 1-тармағының екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақылар түсініледі.";

      3) 101-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "салықтың, жер учаскелерін пайдаланғаны, жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақының артық төленген (өндіріп алынған) сомасы – осындай салықтар, төлемақылар бойынша салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда оны ұсыну күніне дейін есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайды.";

      4) 102-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) артық төленген сома түзілген – белгілі бір салық түрі, мыналарды: жер учаскелерін пайдаланғаны, жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға теріс әсер еткені, радиожиілік спектрін пайдаланғаны, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – төлемақы) бойынша орындалу мерзімі басталған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салықтық міндеттеменің есебіне;";

      5) 138-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Салық органы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру салықтық тексеру болып табылады.";

      6) 189-баптың 1-тармағының 2) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қоршаған ортаға теріс әсер ету;";

      7) 215-бапта:

      5-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қоршаған ортаға теріс әсер ету;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы бойынша салық міндеттемелерін есепке алу жөніндегі салық тіркелімін қоспағанда, бірыңғай жер салығын төлеушілер осы баптың 5-тармағында көзделген салық тіркелімдерін жүргізуге міндетті.";

      8) 293-бапта:

      1-тармақтың 6) тармақшасындағы "болып табылатын салық төлеушілер қолданады" деген сөздер "болып табылатын" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) тұтыну қалдықтарын Қазақстан Ресупбликасы Үкіметі айқындаған өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып табылатын салық төлеушілер қолданады;";

      мынадай мазмұндағы 4-4-тармақпен толықтырылсын:

      "4-4. Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының қызметі бойынша және басқа да қызмет түрлері бойынша салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының қызметі бойынша осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы 100 пайызға азайтылады.";

      9) 4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы";

      10) 573-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес экологиялық рұқсаттар мен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация негізінде жүзеге асырылатын қоршаған ортаға эмиссия, күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру және көму үшін алынады.";

      11) 574-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. I, II және III санаттағы объектілердің операторлары төлемақы төлеушілер болып табылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоршаған ортаға теріс әсер ету бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.";

      15) 575-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "575-бап. Мыналар:

      есепті кезеңде (І және ІІ санаттағы объектілер үшін – белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде), оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау бойынша мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша белгіленген қоршаған ортаға теріс әсер етудің нақты көлемі (масса, белсенділіктің өлшем бірлігі – радиоактивті қалдықтар үшін) салық салу объектісі болып табылады.:

      1) ластаушы заттардың шығарындылары;

      2) ластаушы заттардың төгінділері;

      3) көмілген қалдықтар;

      4) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін ашық түрде орналастырылған күкірт түріндегі.";

      16) 576-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған АЕК-нің еселенген мөлшерінде айқындалады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:


р/с
Ластаушы заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 2 3 4

1.

Күкірт оксидтері (SOx)

20


2.

Азот оксидтері (NOx)

20


3.

Шаң және күл

10
 


4.

Қорғасын және оның қосылыстары

3 986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртегі монооксиді

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз (а) пирен


996,6

      ";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері:


р/с
Ластаушы заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 2 3

1.

Нитриттер

1 340

2.

Мырыш

2 680

3.

Мыс

26 804

4.

Оттегіні биологиялық тұтыну

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық бетүсті белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54

      ";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын көму үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:


р/с
Қалдықтардың түрлері Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 тонна үшін 1 гигабек керель үшін (Гбк)
1 2 3 4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтағыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін:



1.1.

Қауіптілік қасиеттері ескерілген қалдықтар



1.1.1.

Қауіпті қалдықтар

8,01


1.1.2.

Қауіпсіз қалдықтар

1,06


1.2.

Төлемақыны есептеу кезінде қауіптілік қасиеттерін ескерместен қалдықтардың жекелеген түрлері:



1.2.1.

Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар немесе тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)

0,38


1.2.2.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.2.2.1

аршынды жыныстар

0,004


1.2.2.2

жанас тау жыныстар

0,026


1.2.2.3

байыту қалдықтары

0,02


1.2.2.4

шлактар, шламдар

0,038


1.2.3.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар

0,038


1.2.4.

Күл және күл шлактары

0,66


1.2.5.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде қи, құс саңғырығы

0,002


2

Радиоактивті қалдықтарды көму үшін, гигабеккерельде (Гбк):



2.1.

Трансурандық


0,76

2.2.

Альфа-радиоактивті


0,38

2.3.

Бета-радиоактивті


0,04

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер


0,38

      ";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін ашық түрде күкіртті карталарда орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 3,77 АЕК-ні құрайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жергілікті өкілді органдардың осы баптың 6-тармағының 1.2.1-жолында белгіленген коммуналдық қалдықтарды (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту имараттарының тұнбалары) көму бойынша мөлшерлемелерді көтеруге құқығы бар.";

      14) 577-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Төлемақы сомасы:

      1) 575-бапта көрсетілген салық салу объектілерін және осы бапта көзделген коэффициенттерді қолдана отырып, белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып, I және II санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлеушілер есептейді;

      2) 575-бапта көрсетілген декларацияланған салық салу объектілерін және белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып, ІІІ санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлеушілер есептейді;

      3) салық органдары осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімде ұсынылған мемлекеттік экологиялық немесе салықтық бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша анықталған, 575-бапта айқындалған салық салу объектілерінің белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін және оның ішінде декларацияланбаған бөлігін негізге ала отырып, осы бапта көзделген коэффициенттерді қолдана отырып есептейді.

      Салық органы осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген негіздер бойынша төлемақы сомаларын есептеген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мәліметтері негізінде қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының есептелген сомасы туралы хабарлама шығарады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1 – тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының аумағында ең озық қолжетімді техникаларды енгізу мен қолдануды ынталандыру және қоршаған ортаға зиянды әсер етуді төмендету жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында эмиссия және қалдықтарды көму үшін төлемақыны есептеу кезінде төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:

      0 коэффициенті – қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектіге қатысты кешенді экологиялық рұқсат алған күннен бастап стационарлық көздерден, алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан, ластаушы заттардың төгінділерінен ластаушы заттардың шығарындылары үшін;

      0 коэффициенті – қалдықтарды көму лимиттер шегінде және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын түзу, пайдалану, залалсыздандыру және көму кезінде ұсынылатын есептілікке сәйкес көму объектісіне қатысты кешенді экологиялық рұқсат алған күннен бастап;

      0 коэффициенті – көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде күкірт карталарында ашық түрде лимиттер шегінде күкірт карталарында күкіртті ашық түрде орналастырғаны үшін, осындай күкіртті орналастыру объектісіне қатысты кешенді экологиялық рұқсат алған күннен бастап есептілікке сәйкес.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектіге қатысты кешенді экологиялық рұқсат алынғанға және осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициенттерді қолданғанға дейін мынадай жағдайларда жекелеген төлеушілер қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы есептеген кезде тиісті төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) электр энергиясын өндіру кезінде коммуналдық қызметтер көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын объектілер операторлары және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерін жүзеге асыру және қалдықтарды көму кезінде – коэффициент:

      0,3 – осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,43 – осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,05 – осы Кодестің 576-бабының 6 -тармағының 1.2.4. жолында белгіленген мөлшерлемелерге;

      2) 0,2 коэффициенті – полигондар операторлары коммуналдық қалдықтарды көмуі кезінде осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге;

      3) 8-коэффициентті тиісті операторлар I санат объектілерінен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақыны есептеген кезде осы Кодекстің 576-бабының 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне.

      Егер І санаттағы объект бір мезгілде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) немесе 2) тармақшаларында көзделген объекті болып табылса, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген коэффициент қолданылады.

      Бұл ретте осы тармақта белгіленген коэффициенттер салық төлеушілердің экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ету көлемдеріне қолданылады.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. І және ІІ санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлемақы төлеушілер жиынтық жылдық көлемде 100 АЕК-ге дейінгі төлем көлемдерімен рұқсат беру құжатын беретін орган белгілеген қоршаған ортаға теріс әсер ету нормативтерін немесе лимиттерін сатып алуға құқылы. Нормативтерді немесе лимиттерді сатып алу рұқсат беру құжатын ресімдеу кезінде ағымдағы жыл үшін толық алдын ала төлеммен есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей жүргізіледі.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Төлемақы сомасы қозғалмалы ластанған көздерді қоспағанда, рұқсат құжатында көрсетілген қоршаған ортаға теріс әсер ету көзінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген төлеушілерді қоспағанда, төлеушілер қоршаған ортаға теріс әсер етудің нақты көлемі үшін төлемақының ағымдағы сомасын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей енгізеді.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Төлеуші кешенді экологиялық рұқсаттың экологиялық тиімділігін арттыру бағдарламасының іс-шараларын онда белгіленген мерзімде орындамаған және кешенді экологиялық рұқсатты кері қайтарып алған не Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша кешенді экологиялық рұқсатты кері қайтарып алған жағдайда, осы баптың 1-1 – тармағында көзделген коэффициенттер кешенді экологиялық рұқсат алынған күннен бастап осы баптың 2-тармағында көзделген тиісті коэффициенттердің мәнін алады. Бұл жағдайда пайда болған төлемақы сомасына осы Кодексте айқындалған тәртіппен және мөлшерде төлемақы төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеледі.";

      15) 683-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының жетінші абзацы алып тасталсын;

      16) 705-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша – қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақыны төлеушілер болып табылмайды.".

      9. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-IV, 112-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., №7, 37-құжат;):

      1) 12-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құрылыс және өзге де шаруашылық мақсаттарында табиғи күйінде немесе болмашы өңделумен және тазартыла отырып пайдаланылатын және жер қойнауында кең таралған кендік емес пайдалы қатты қазбалар кең таралған болып танылады. Кең таралған пайдалы қатты қазбаларға мыналар:

      мәрмәрлар, кварциттер, кварцты-далалық шпат жыныстарын қамтитын метаморфтық жыныстар;

      граниттер, сиениттер, диориттер, габбро, риолиттер (липариттер), андезиттер, диабаздар, базальттар, вулкандық туфтар, шлактар, пемзалар, вулкандық шынылар және шыны тектес жыныстарды қамтитын магмалық тау жыныстары;

      ұсақ жұмыр тастар мен қиыршық тастар, қиыршық тас-құм (құмды-қиыршық тас) қоспалар, құмдар және құмдауықтар, саздақ және саздақты жыныстар (суглинкілер, алевролиттер, аргиллиттер, балшықты тақтатастар), ас тұзы, гипстік жыныстар, мергельдер, әктастар, оның ішінде ұлутастар, бор жыныстары, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, кремний жыныстары (трепелдер, опокалар, диатомиттер), табиғи пигменттер, торфтар, емдік балшықтарды қамтитын шөгінді тау жыныстары.";

      2) 13-бапта:

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тау-кен өндіру өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде ғана жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Тау-кен байыту өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде ғана жүзеге асырылады.

      Техногендік минералдық түзілімдердің ресурстық әлеуетін пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі өндіріс қызметі нәтижесінде (тау-кен өндіру, тау-кен байыту, химиялық-металлургиялық өндірістер) бір объектіге орналастыруға, егер мұндай техногендік минералдық түзілімдер біртекті физикалық-химиялық қасиеттерге ие болмаса және мұндай орналастыру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарына сәйкес келмесе, тыйым салынады.";

      3) 40-бапта:

      3-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеу немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгеріс енгізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) иесі және жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны берген немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан мемлекеттік органға бірлескен өтінішпен жүгінеді.";

      үшінші бөліктің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көмірсутектерді өндіруге не уранды өндіруге немесе барлау және өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміттенетін тұлғаларға қойылатын осы Кодекс талаптарына сатып алушының сәйкестігін растайтын құжаттар қоса беріледі.";

      үшінші бөліктің алтыншы абзацындағы "құжаттар қоса беріледі" деген сөздер "құжаттар" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "4) егер жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске) кепілмен ауыртпалық салынған болса, кепіл ұстаушының жазбаша келісімі;

      5) жер қойнауын пайдалану құқығының барлық бірлескен иелерінің жазбаша келісімі қоса беріледі";

      4) 41-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер заңды тұлға немесе ұйым осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды және үлестік қатысулардың басқа да нысандарын бір мезгілде иеленсе, осындай тұлғадағы немесе ұйымдағы акциялар, қатысу үлестері, пайлар және үлестік қатысулардың басқа да құралдары жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер деп танылады. Бұл ретте осы баптың мақсатында заңды тұлғаның немесе өзге де ұйымның жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлға қабылдайтын шешімді тікелей немесе жанама айқындау мүмкіндігін белгілеу үшін осы баптың 2-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылмайтын акциялар, қатысу үлестері, пайлар және үлестік қатысудың басқа да нысандары ескерілмейді.";

      5) 45-бапта:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      4) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру, уранды өндіру жұмыстарын жүргізу үшін осындай жер қойнауын пайдалану құқығын көрсеткен кезде (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) сатып алу ниеті бар тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын алушыларға қойылатын осы Кодекс талаптарына сәйкестігін растайтын оның қаржылық және техникалық мүмкіндіктері туралы мәліметтерді;";

      10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде құқықтардың шоғырлануы деп Қазақстан Республикасымен жасалған келісімшартта жер қойнауын пайдалану құқығының ортақ иелерінің біреуінің осындай қатысушыға келісімшартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қызметі бойынша шешімді айқындауға мүмкіндік беретін үлес шамасы түсініледі.";

      6) 48-баптың 4-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Кодексте тыйым салынбаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) кепілі жер қойнауын пайдалануға осындай құқықты беретін тиісті мемлекеттік органда мемлекеттік тіркеуге жатады.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) кепілін тіркеу құзыретті органмен айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.";

      7) 52-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Экологиялық заңнамада және осы Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге не жер қойнауын пайдалану құқығын тиісті экологиялық рұқсатсыз беруге тыйым салынады.";

      8) 57-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында банктік салым кепіл шарты құзыретті орган бекітетін типтік нысанға сәйкес жасалады.";

      9) 58-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Сақтандыру шарты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша құзыретті орган бекітетін типтік нысанға сәйкес жасалады. Бұл ретте сақтандыру шартының мерзімі:

      1) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия үшін – барлауға арналған лицензияның мерзімі аяқталған күннен бастап есептелетін лицензияның мерзімінен және қосымша екі жылдан кем еместі;

      2) пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия үшін – кемінде үш жылды;

      3) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия үшін – кемінде үш жылды;

      4) тау-кен өндіру және (немесе) тау-кен байыту өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектілерін орналастыру және (немесе) пайдалану мақсатында жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия үшін – кемінде үш жылды;

      5) кен іздеушілікке арналған лицензия үшін – кемінде төрт жылды құрауға тиіс.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Кодексте реттелмеген осы бапта көзделген сақтандыру бойынша қатынастар бөлігінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында реттеледі.";

      10) 79-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының талаптарын немесе жер қойнауындағы мемлекетті меншік құқығын бұзу салдарынан жер қойнауы ресурстарына залал келтірген тұлғалар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген мөлшерде және тәртіпте келтірілген нұқсанды өтеуге міндетті.

      Жер қойнауы ресурстарының залалын экономикалық бағалау әдістемесін қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті орган көмірсутек саласындағы уәкілетті органмен бірге бекітеді.";

      11) 88-бапта:

      3-тармақтың бесінші бөлігі алып тасталсын;

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес осы өзгерістер экологиялық рұқсат алуды талап етсе, геологиялық зерттеу жөніндегі өзгертілген жобалау құжаттары тиісті экологиялық рұқсат негізінде және оны алғаннан кейін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.";

      12) 121-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Елді мекендердің, қала маңындағы аймақтардың, өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінің аумақтарында көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға, егер мұндай пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, экологиялық залал немесе шаруашылық объектілеріне залал келтіруі мүмкін болса Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін.";

      13) 122-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) шикі газды маңызды стратегиялық энергия көздерін не мұнай-химия өнеркәсібі үшін шикізат ресурстарын алу және қоршаған ортаға залалды барынша азайту мақсатында қайта өңдеу арқылы оны барынша пайдалану.";

      14) 139-баптың 1-3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жобалау құжаттарындағы көмірсутектерді барлау жөніндегі операциялар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында және осы Кодекспен көзделген жағдайларда тиісті экологиялық рұқсаты болған кезде жүзеге асырылады.

      2. Ұңғымалардың бұрғылануын және (немесе) сыналуын көздемейтін барлау жұмыстарының жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) құзыретті органға хабарлама тәртібімен жіберіледі.

      3. Ұңғымалардың бұрғылануын және (немесе) сыналуын көздейтін барлау жұмыстарының жобасындағы (оған өзгерістер мен толықтырулар) сынамалап пайдалану жобасындағы (оған өзгерістер мен толықтырулар) және кен орнын әзірлеу жобасындағы (оған өзгерістер мен толықтырулар) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар тиісті экологиялық рұқсат болған кезде жүзеге асырылады. Аталған жобалау құжаттары экологиялық рұқсат алғаннан кейін жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады.";

      15) 154-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы теңізде жүргізілген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған теңіздің ластануы жағдайында жеке және (немесе) заңды тұлғаларға келтірілген экологиялық залал үшін, егер зиянның еңсерілмейтін күштің әсерінен немесе зардап шегушінің жасырын пиғылы салдарынан келтірілгені дәлелденбесе, кінәсінің болу-болмауына қарамастан жауапты болады.";

      16) 155-бапта:

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) объектілік жоспарлар – кемелерді қоспағанда, ұлттық және тиісті облыстардың аумақтық жоспарлары, сондай-ақ мұнайдың төгілу қаупін бағалау және жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерімен келісілетін, мұнайдың төгілу қаупі бар объектілердің меншік иелері әзірлеген теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою жөніндегі әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар;"

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Объектілік жоспарларды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілгеннен кейін мұнайдың төгілу қаупі бар объектілердің меншік иелері бекітеді және бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға хабарлама тәртібімен жіберіледі.";

      17) 156-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою кезінде жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде адамдардың денсаулығын барынша сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған әдістерді таңдауға басымдық беру керек. Жиынтық экологиялық пайданы талдау алдында Қазақстан Республикасының теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау қағидасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      18) 182-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уран өндіру саласындағы жобалау құжаттарында көрсетілген уран өндіру жөніндегі операциялар тиісті экологиялық рұқсаты болған кезде жүзеге асырылады. Аталған жобалау құжаттары өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі сараптамаға жатады.";

      19) 187-бапта:

      5-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) лицензия беруге өтініш берілетін күннің алдындағы отыз күн ішінде үш ай мерзім аралығында сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға қажетті ең төмен шығыстарды өтеу үшін өтініш иесіндегі жеткілікті мөлшерде ақшаның тұрақты болуын (қалдығын) растайтын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен бірге өтініш иесі таза активтерінің мөлшері сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға ең төмен шығыстардың шамасына оның міндеттемесінен асатын лицензия беруге өтініш берілген күннің алдындағы күнтізбелік алты айға немесе күнтізбелік бір жылға дайындалған өтініш иесінің қаржылық есептілігі;";

      20) 188-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құзыретті орган өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және осы Кодекстің 190-бабы 1-тармағының 1)-8) тармақшаларында көзделген, сондай-ақ осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерін есепке ала отырып, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беруден бас тартуға негіздер болмаған кезде осы Кодекстің 198-бабында көзделген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі туралы өтініш иесіне хабарлама жібереді.

      Хабарлама өтініш иесіне жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсына орналастырылуға тиіс.

      Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді өтініш иесі құзыретті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген бір ай мерзімінен кешіктірмей ұсынуға тиіс.

      Құзыретті орган өтініш иесіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны береді.";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер барлауға берілген лицензияда толық емес ішінара блок қамтылса, блоктар санын есептеу мақсаттары үшін аталған блок толық блок болып қарастырылады.";

      21) 189-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аталған өтініштерді қарау кезінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған басқа лицензияға енгізілген блоктарды ғана қамтитын пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беруге өтініштер бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.";

      22) 190-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "тиісінше орындамаса лицензия беруден бас тартады." деген сөздер "тиісінше орындамаса;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) өтініш берушінің осы Кодекстің талаптарына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жоюды қамтамасыз етуін құзыретті органға ұсыну мерзімін сақтамауы.";

      22) 192-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Барлаудың кез келген жылы ішінде барлау учаскесінен бас тартылған кезде ең төмен шығыстар көрсетілген жылдағы барлау мерзімінің әрбір толық айы үшін пропорционалды түрде есептеледі."

      24) 194-бапта:

      7-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінішке құзыретті тұлғаның пайдалы қатты қазбалар ресурстарын бағалау мақсаттары үшін алынатын тау-кен массасы және (немесе) орны ауыстырылатын топырақ көлемінің сұратылып отырған асып кетуінің негізділігін растайтын қорытындысы, сондай-ақ экологиялық заңнамаға сәйкес көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытындысы немесе егер мұндай бағалауды жүргізу экологиялық заңнамаға сәйкес талап етілетін болса, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері туралы қорытындысы қоса беріледі.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға көрсетілген жұмыстардың салдарын жою құнын жабатын қосымша қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда ғана тау жыныстарының массасын және (немесе) топырақты бір мың текше метрден асатын көлемде алуға кірісуге құқылы.";

      25) 196-бапта:

      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес барлау жоспарында мәлімделген қызмет тиісті экологиялық рұқсат алуды талап етсе, барлау жоспарының көшірмесі осындай экологиялық рұқсат алғаннан кейін пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.";

      3-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес аталған өзгерістер Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген тиісті экологиялық рұқсат алуды талап етсе, өзгертілген барлау жоспары осындай экологиялық рұқсат алынғаннан кейін пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.";

      26) 198-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы баптың талаптарына сәйкес салдарын жою пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларға тыйым салынады."

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуі осы Кодексте көзделген кез-келген тәсілдердің үйлесімінде ұсынылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 194-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда барлау бойынша жұмыстардың салдарын жоюды қосымша қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті. Қосымша қамтамасыз ету сомасы осы Кодекстің 219-бабы 3-тармағының қағидалары бойынша осы жағдайда жасалатын жою жоспары негізінде есептеледі.";

      27) 199-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Барлау учаскесінің барлығынан немесе бір бөлігінен бас тарту туралы өтінішке:

      1) барлауға арналған лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына кепілмен ауыртпалық салынған болса кепіл ұстаушының келісімі;

      2) барлау учаскесінен шығарылуға жататын барлау учаскесінің бір бөлігіне барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою актісі не осы Кодекстің 197-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда жасалатын, барлау учаскесінен шығарылуға жататын барлау учаскесінің бір бөлігін зерттеу актісі қоса беріледі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Барлау учаскесінің бір бөлігінен бас тарту барлауға арналған лицензияны қайта ресімдеуге әкеп соғады және мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына тиісті мәліметтерді енгізуге негіз болып табылады.";

      28) 204-бапта:

      3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) егер ерекше құқықтан бөлек өтініш берілетін болса, өтініш иесінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға қаржылық, кәсіптік және техникалық мүмкіндіктерінің барлығын растайтын құжаттар;";

      4-тармақтың 1) – 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын

      "1) лицензия беруге өтініш берілетін күннің алдындағы алты ай шегінде отыз күндік мерзім ішінде сұралатын лицензия қолданысының алғашқы бір жылында өндіруге талап етілетін ең төмен шығыстарды өтеу үшін жеткілікті мөлшерде ақшаның тұрақты болуын (қалдығын) растайтын екінші деңгейдегі банктердің кез келгенінде өтініш иесі ашқан банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме;

      2) қарыздың нысаналы мақсаты ретінде өтініш иесінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі қызметін қаржыландыруды көздейтін, сондай-ақ сұралатын лицензия қолданысының алғашқы бір жылында өндіруге талап етілетін ең төмен шығыстарды өтеу үшін жеткілікті қарыз сомасын (қаржыландыру) растайтын ақша қарызы шартының (алдын ала қарыз шарты), қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен бірге өтініш иесінің таза активтерінің мөлшері сұралатын лицензия қолданысының алғашқы бір жылында өндіруге ең төмен шығыстардың шамасынан оның міндеттемесі асатын лицензия беруге өтініш берілген күннің алдындағы күнтізбелік алты айға немесе күнтізбелік жылға дайындалған өтініш иесінің қаржылық есептілігі.";

      29) 205-бапта:

      3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекаралары жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органмен келісілген жағдайда құзыретті орган өтініш иесіне үш жұмыс күні ішінде тиісінше осы Кодекстің 216 және 217-баптарында көзделген тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операциялар бойынша тиісті экологиялық рұқсат алу, тау-кен жұмыстары жоспарына және оларды жою жоспарына сараптама жүргізу және келісу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді. Хабарлама өтініш иесіне жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

      Өтініш иесі тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсаттың көшірмесін, тиісті келісімдер мен сараптамалардың оң қорытындыларын құзыретті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабарлаған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей ұсынуға тиіс.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құзыретті орган өтініш иесіне пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны қажетті келісімдер, сараптамалардың оң қорытындылары және тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға арналған тиісті экологиялық рұқсаттың көшірмелері ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.";

      30) 215-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өндіру учаскесінде барлау жүргізілген жағдайда, геологиялық есептерді;";

      5) тармақшадағы "есепті ұсынуға міндетті." деген сөздер "есепті;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) ұстап тұру мәртебесі берілген жағдайда, жұмыстар бағдарламасының орындалуы туралы есепті ұсынуға міндетті.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көзделген есептер құзыретті органға өзі бекітетін тәртіппен ұсынылады.";

      31) 216-бапта:

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген тиісті экологиялық рұқсат болған кезде жүзеге асырылады. Тау-кен жұмыстарының жоспары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.";

      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды осы бапқа сәйкес тау-кен жұмыстарының жоспары келісілген және тиісті экологиялық рұқсатты алған жағдайда ғана жүргізуге құқылы.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өндіру бойынша жоспарланатын жұмыстардың түрлері, әдістері және (немесе) тәсілдері, сондай-ақ жұмыстарды жүргізу технологиялары, көлемдері мен мерзімдері өзгертілген, өндірістік объектілердің және инфрақұрылым объектілерінің құрамы өзгертілген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы тау-кен жұмыстарының жоспарына тиісті өзгерістер енгізуге және оны пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Егер көрсетілген өзгерістер өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптама жүргізуді немесе келісуді, қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу мен экологиялық рұқсатты алуды (қайта ресімдеуді) талап ететін болса, өзгерістер енгізілген тау-кен жұмыстарының жоспары пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға аталған сараптамалардан, келісулерден, қоршаған ортаға әсерін бағалау мен экологиялық рұқсатты алғаннан кейін ғана ұсынылады.";

      32) 217-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жою жоспары өндіру учаскесінде орналасқан кенішті және басқа да өндірістік және инфрақұрылымдық объектілерді пайдаланудан шығару, өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде бүлінген жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар, прогрессивті жоюды жүргізу жөніндегі іс-шаралар, өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі өзге де жұмыстар сипаттамасы, сондай-ақ мұндай жою жөніндегі іс-шаралардың болжалды құнын есептеуді қамтитын құжат болып табылады.

      Егер жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия (лицензиялар) бойынша жер қойнауының басқа да учаскесінде (учаскелерінде) орналасқан тау-кен өндіруші немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектілері өндіру учаскесіндегі (өндіру учаскелеріндегі) кенішті пайдалануға тікелей байланысты болса, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауының осы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі барлық жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында бірыңғай жою жоспарын әзірлеуге құқылы.

      Жою жоспары қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензиясы бар адамды тарта отырып жасалады және жер қойнауын пайдаланушымен бекітіледі. Жою жоспары құрамында өнеркәсіптік қапуіпсіздік сараптамасы жүргізілетін кешенді сараптамаға жатады. Кешенді сараптаманы жүргізуді және оның құрамында өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын ұйымдастыруды пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның келісуі бойынша өзі бекітетін тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      33) 218-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстар жобасын әзірлеуді, келісуді, сараптамасын және бекітуді лицензия мерзімі өткенге дейін екі жылдан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өндіру учаскесінің барлығынан немесе бір бөлігінен бас тартылған жағдайда пайдалы қатты қазбаларды өндіру салдарын жою жобасы мұндай бас тартуға дейін әзірленеді, келісіледі, егер осындай салдарды жою қажеттігі осы тармақтың бесінші бөлігі ережелерінен туындамайтын болса, сараптамадан өткізілуге және бекітілуге тиіс.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер жер қойнауын пайдаланушы бас тартқан өндіру учаскесінің бір бөлігін пайдалану өндіруге арналған лицензияда көзделген операцияларды жүзеге асырмай және жер беті қабатын (су айдындарының түбін) бұзбай жүргізілсе, осындай өндіру учаскесінің бір бөлігінде жою жұмыстарын жүргізу талап етілмейді. Мұндай жағдайда жою жұмыстарын жүргізудің қажеттігі жоқ екенін растайтын зерттеу актісі жасалады, оған осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдар қол қояды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өндіру учаскесінде (оның бір бөлігінде) операциялар салдарын жою жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға) және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құратын комиссия және егер жою жеке меншіктегі, тұрақты немесе ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдаланудағы жер учаскесінде жүзеге асырылса немесе жер қойнауын пайдаланушы жою актісіне қол қойғаннан кейін аяқталды деп есептеледі. Комиссияның жою және қызметін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын қабылдау тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар салдарын жою актісіне (зерттеу актісіне) қол қою жер қойнауын пайдалану құқығын өзге адамдарға кейіннен беру үшін мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына тиісті мәліметтерді енгізуге негіз болып табылады.";

      34) 219-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өндіруге арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған кезде пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның келісуімен қамтамасыз ету сомасы жер қойнауы учаскесінде орындалған және осы Кодекстің 218-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен қабылданған жою жұмыстары бөлігінің құнына мөлшерлес азайтылуы мүмкін. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етуді берген тұлғаны қамтамасыз ету сомасын азайту туралы жер қойнауын пайдаланушыдан өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";

      35) 222-баптың 1-тармағында "кендік" деген сөз алып тасталсын;

      36) 223-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Консервациялау жобасы экологиялық рұқсатқа сәйкес әзірленеді және өтініш иесі хабардар етілген күннен бастап төрт айдан кешіктірмей құзыретті органға ұсынылады. Өтініш иесі құзыретті органға көрсетілген мерзімді ұзартуға, мұндай ұзартудың қажеттілігін негіздей отырып, жүгінуге құқылы.";

      37) 226-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Консервациялау жобасы экологиялық рұқсатқа сәйкес әзірленеді және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.";

      38) 227-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      39) 230-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде "аспайтын мерзімде" деген сөздер "кешіктірмей" деген сөзбен ауыстырылсын;

      40) 231-баптың 2-тармағында "212 және 213-баптарын" деген сөздерден кейін ", 215-бабының екінші және үшінші бөліктерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      41) 232-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алуға арналған өтініш облыстың жергілікті атқарушы органына беріледі. Өтінішті қарауды және лицензияны беруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы, осы баптың 4-тармағының талаптарын сақтау мақсатында өтініш берілген жер қойнауы учаскесінде мемлекеттік есепке алынған пайдалы қатты қазбалар ресурстарының жоқ екендігін және кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтынын растайтын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысы өтінішке қоса берілетінін ескере отырып, осы Кодекстің 28-тарауының ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.";

      42) 236-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өндіру учаскесінде барлау жүргізілген жағдайда, геологиялық есептер;";

      43) 32-тарауда "инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган", "инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға", "инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның", "инвестициялар жөніндегі уәкілетті органды" деген сөздер "құзыретті орган", "құзыретті органға", "құзыретті органның", "құзыретті органды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      44) 249-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жер бетінен бес метр төмен тереңдікте орналастырылған мұнай мен газдың, газ бен мұнай өнімдерінің жерасты сақтау қоймаларын орналастыру және пайдалану;";

      45) 257-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісуге және қоршаған ортаға әсер етуді бағалауға жатады. Жер қойнауын пайдаланушы тиісті экологиялық рұқсатты, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысын және жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы немесе тиісінше оның өзгерістері бойынша келісу алған жағдайда ғана жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға құқылы.";

      46) 258-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Егер бұл экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келсе, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде алынатын тау-кен массасының, топырақтың және (немесе) орны ауыстырылатын топырақтың көлемі шектелмейді.

      Алынатын және орны ауыстырылатын тау-кен массасы, топырақ және тау жыныстары тек қана жер қойнауы кеңістігін пайдалануды қамтамасыз ететін құрылыстарды, құрылғыларды және басқа объектілерді салу және пайдалану мақсатында қолданылуы мүмкін.";

      47) 265-бапта:

      3-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) егер өтініш иесі кен іздеушілікке арналған лицензия қолданысының бірінші жылында механикаландыру құралдарын пайдалануға ниетті болса, кен іздеушілік жоспары.";

      48) 273-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Механикаландыру құралдарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушы кен іздеушілік жоспары және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген тиісті экологиялық рұқсаты болған кезде ғана кен іздеушілік жүргізуге құқылы.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      49) 277-баптың 3-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын ауыстыруға арналған рұқсат беруді және осындай жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеуді аталған жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратынын ескере отырып, 5-тарауда;";

      50) 278-бапта:

      4-тармақтың он үшінші бөлігіндегі "5-тармағының" деген сөз "6-тармағының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құзыретті орган келіп түскен өтінішті бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 45-бабына сәйкес құрылатын жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының қарауына шығарады. Бір тарапы өзге мемлекеттік орган болып табылатын келісімшарт бойынша сараптама комиссиясы осындай мемлекеттік органның шешімімен құрылады. Сараптама комиссиясы келісімшартқа өзгерістер мен толықтырлар енгізу мәселелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында құзыретті органның (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органның) жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Сараптама комиссиясы өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оны қарайды және құзыретті органға (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органға) өз ұсынымдарын жібереді.";

      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құзыретті орган (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, осы Кодекске сәйкес әзірленген, келісілген, бекітілген және сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжаттарын және жою жоспарын (жобаны) жұмыс тобының қарауына ұсынуға тиіс. Уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды) барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жұмыс тобы мақұлдаған жұмыс бағдарламасының жобасы құзіретті органмен (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органмен) келісілуге тиіс.";

      14-тармақта:

      бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды барлауға немесе бірлескен барлау мен өндіруге (барлау кезеңіндегі) арналған келісімшартқа оның қолданыс мерзімін (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін) ұзарту мақсатында өзгерістер енгізуге келісімшартта барлауы көзделген пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың минералдануы (көрініс беруі) табылған жағдайда, осындай табуды бағалау үшін жол беріледі.

      Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (өндіру кезеңіндегі бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшартқа оның қолданыс мерзімін (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңін) ұзарту мақсатында өзгерістер енгізуге мұндай ұзарту келісімшартта көзделген жағдайда жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданыс мерзімін ұзарту туралы өтініш келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекетік органға сәйкесінше барлау мерзімі немесе өндіру мерзімі өткенге дейін берілуі мүмкін.";

      төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімін ұзарту туралы өтінішке осы баптың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген мәліметтерден басқа ұзарту кезеңіндегі жүргізілген жұмыстар мен оларға жұмсалған шығыстардың жазбаша негіздемесі қоса беріледі.

      Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау мерзімін ұзарту туралы өтінішке табылған пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың минералдануын (көрініс беруін) бағалау үшін осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, келісімшарттың шарттарында барлауы көзделген осындай табуды растайтын мәліметтер (жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның бағалауды талап ететін минералданудың (көрініс беруі) табылғаны туралы қорытындысы) және табылған кен орнын бағалауды жүзеге асыру болжанатын жер қойнауы учаскесінің географиялық координаттары қоса беріледі. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың минералдануын (көрініс беруін) растау тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.";

      алтыншы бөліктегі "бесінші" деген сөз "алтыншы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      жетінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уранды қоспағанда, табылған минералдануды (көрініс беруін) бағалау үшін, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды барлауға (бірлескен барлауға немесе өндіруге) арналған келісімшарт табылған кен орнын бағалау бойынша жұмыстар жүргізу үшін қажет, тараптар келіссөздер нәтижелері бойынша айқындайтын жұмыс бағдарламасында көзделген мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (өндіру кезеңіндегі бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшарт өндіруге арналған келісімшарттың бастапқы мерзімінен (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндірудің бастапқы кезеңінен) аспайтын, бірақ осы Кодексте белгіленген өндіруге арналған лицензияның барынша ұзақ мерзімінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Уранды қоспағанда, көрсетілген шектеулер ескеріле отырып, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге (бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшартты ұзарту мерзімі жұмыс бағдарламасында көзделген өндіру бойынша жоспарланатын жұмыстар негізінде айқындалады.";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған ірі кен орны бар жер қойнауы учаскесінде, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге (бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшарт он жылдан астам мерзімге ұзартылған жағдайда, құзыретті орган осындай ұзарту шарттарына жер қойнауын пайдаланушының мынадай міндеттемелерінің бірін енгізуді талап етуге құқылы:";

      он бірінші бөліктегі "жетінші" деген сөз "сегізінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, шарттары жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстің қолданысқа енгізілу күніне осындай келісімшарттың мерзімін (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңін) ұзартуға құқығы көзделмеген, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 201-бабына (232-бабына) сәйкес келісімшарттың қолданылу мерзімі және ол өткен соң үш ай мерзім ішінде айрықша құқыққа ие болады. Өндіруге арналған лицензияны алуға өтініш келісімшарттың қолданылу мерзімі өткенге дейін үш жылдан бұрын берілмеуі мүмкін. Егер өтінішті қарау кезеңінде келісімшарттың мерзімі өтіп кетсе, келісімшарт осындай қарау кезеңіне қайта жаңартылды деп есептеледі.";

      16-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауы учаскесінің аумағын кеңейтуге осы Кодекстің қолданысқа енгізілу күніне айқындалған жер қойнауы учаскесінің жартысынан аспайтын мөлшерінде жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты (кең таралған) қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауы учаскесінің шекараларын өзгерту геологиялық және (немесе) тау-кендік телімдерін қайта ресімдеу арқылы жүзеге асырылады. Геологиялық және тау-кендік телімдерін беру және қайта ресімдеу тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.".

      10. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87- құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118- құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96- құжаттар; № 21, 118, 122- құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 21-І, 121, 124, 125- құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 39-құжат):

      1) 6-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары коммуналдық қалдықтарды (қатты тұрмыстық қалдықтарды, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбаларын) көмгені, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін, орманды пайдаланғаны үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы мөлшерлемелерін бекітеді.";

      2) 27-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) өз құзыреті шегінде ІІ санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар береді, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізеді, табиғат пайдалануды реттейді;".

      11. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):

      1) 14-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жаңа автомобиль жолдарын салу немесе бұрыннан барын реконструкциялау және күрделі жөндеу үшін әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге жатады. Жалпы пайдаланылатын бұрыннан бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама бойынша автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен ведомстволық сараптама жүргізіледі.".

      12. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., №10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 43-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "43-1) жануарлар дүниесінің мониторингі – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және биологиялық әртүрлілікті сақтау саласындағы мемлекеттік басқару мақсатында жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі мен серпінін байқау, бағалау және болжау жүйесі.";

      2) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;";

      3) 21-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгілген жағдайларда жануарларға көмек көрсету жиынтық экологиялық пайданы талдау қағидаты негізінде жүзеге асырылады.";

      4) 26-баптың 1-2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 43-1-баптың бірінші бөлігіндегі "мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы" деген сөздер "тиісті экологиялық рұқсаттың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005ж. № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):

      1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 28-1 – 28-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "28-1) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды жүргізу;

      28-2) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі басымдықтар мен шараларды айқындау;

      28-3) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

      28-4) өз құзыреті шегінде әзірленген және жүзеге асырылған климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі шаралардың мониторингін және тиімділігін бағалауды жүзеге асыру және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзету;";

      2) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) - 1-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-2) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды жүргізу;

      1-3) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі басымдықтар мен шараларды айқындау;

      1-4) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

      1-5) өз құзыреті шегінде әзірленген және жүзеге асырылған климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторингті және бағалауды жүзеге асыру және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзету;";

      3) 17-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) климаттың өзгеруіне бейімдеуге бағытталған әзірлемелерді қоса алғанда, ғылыми әзірлемелерді өндіріске тарату және енгізу;";

      14. "Міндетті экологиялық сақтандыру туралы" 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005ж. № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы):

      1)1-бапта:

      1), 2) және 16) тармақшалар алып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) міндетті экологиялық сақтандыру – авария нәтижесінде экологиялық залал келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік басталған кезде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырушылардың) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастар кешені;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) сақтанушы – экологиялық заңнамаға сәйкес I санаттағы объектіні пайдалануды жүзеге асыратын, сақтандырушымен міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) үшінші тұлғалар – міндетті экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсімдерге тартылған құқықтық қатынастар субъектілері;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) І санаттағы объектіні пайдалануды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген азаматтық-құқықтық жауапкершілігі І санаттағы объектіні пайдалануды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды өтеу міндеті;";

      мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-1) I санаттағы объектілер – экологиялық заңнамада көзделген қызмет объектілері;

      16-2) авария – I санаттағы объектіде қолданылатын ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті (зиянды) заттардың шығарылуы.";

      2) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.";

      3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі

      Міндетті экологиялық сақтандыру I санаттағы объектіні пайдалануды жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген аварияның нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды жою міндетіне байланысты мүліктік мүддесі объектісі болып табылады.";

      4) 4-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды жою үшін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.";

      2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "экологиялық залал келтірудің алдын алуды экономикалық ынталандыру.";

      5) 5-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "I санаттағы объектіні пайдалануды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатады.";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      6) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. I санаттағы объектіні пайдалануды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы Заңда белгіленген міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерінің орындалуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      7) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл

      Авария нәтижесінде экологиялық залал келтірілген жағдайлар және оның салдары туралы ақпараты бар уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар аталған ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар жүгінген кезде беруге міндетті.";

      8) 7-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Міндетті экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушы арасында осы Заңға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жасалатын шарттың негізінде жүзеге асырылады.

      I санатты объектінің пайдаланылуын жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес.

      I санатты объектінің пайдаланылуын жүзеге асыратын иесі біреуден көп болған кезде, міндетті экологиялық сақтандыру шарты объектінің барлық иелерін сақтандырылушылар ретінде сақтандыру полисінде міндетті түрде көрсете отырып, олардың кез келген біреуімен жасалады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залал келтіру салдарынан, сақтандырылушының І санатты объектінің пайдаланылуын жүзеге асыруы кезінде туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.";

      9) 7-1-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залалдың мөлшеріне бағалау жүргізу";

      10) 8-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты осы Заңға және экологиялық заңнамаға сәйкес экологиялық залалды жоюға міндетті деп танылған адамдарға қатысты қолданылады.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      11) 11-бапта:

      1-тармақта:

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын;

      "3) авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиация) құнын бағалау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;

      4) сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген экологиялық залалды жою (ремедиация) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есебімен танысуға;";

      2-тармақта:

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) авария кезінде келтірілетін ықтимал экологиялық залалды болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қолдан келетін шаралар қолдануға;

      5) тиісті органдарға олардың құзыретіне орай (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, медициналық жедел жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге, уәкілетті органға) экологиялық залал келтіруге әкеп соққан авария туралы хабарлауға;";

      12) 12-бапта:

      1-тармақтың 2) – 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретіне орай сақтандыру жағдайының басталу фактісін, экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын растайтын құжаттарды сұратуға;

      3) сақтанушы мен сақтандырылушыдан экологиялық залал келтіру тәуекелін бағалау үшін қажет болған сақтандыру жағдайының себептері, мөлшерлері және салдары туралы толық және расталған ақпарат алуға;

      4) сақтандыру жағдайы басталуының себептері мен өзге де мән-жайларын анықтау үшін экологиялық залалды жою (ремедиация) құнына бағалау жүргізуге;

      5) авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды бағалау және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемақысының мөлшерін айқындау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;

      6) сақтанушы не сақтандырылушы жүзеге асыратын қоршаған ортаның сақтандыру жағдайы басталғанға дейінгі және одан кейінгі жай-күйіне және І санатты объектінің пайдаланылу тәртібіне өз зерттеулерін жүргізуге;

      7) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларда экологиялық залал келтіргені үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығын беруге;";

      2-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиация) құнына сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша бағалау жүргізуге, сақтандыру төлемақысы мөлшерінің есебін көрсете отырып, сақтандыру актісін жасауға және оны пайда алушыға танысу үшін беруге;";

      6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1) сақтанушы (пайда алушы) экологиялық залалды жою мақсатында сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиіс төлем мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) сақтанушыға (пайда алушыға) оның сақтандыру жағдайы кезінде авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарды өтеуге;";

      11) және 12) тармақшалардағы "жәбірленушіден," және "жәбірленушінің," деген сөздер алып тасталсын;

      13) 13-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Пайда алушының құқықтары";

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайда алушы:";

      1) – 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сақтанушының I санатты объектіні пайдалануы нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарлауға;

      2) сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажет құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға табыс етуге;

      3) авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын белгілеу үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;

      4) келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиация) құнына сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есептерімен танысуға;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      14) 14-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      15) 15-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      16) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиация) жөніндегі сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.

      2. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ өзіне келтірілген шығындарды дәлелдеу сақтанушыға (пайда алушыға) тиесілі.

      3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтанушы келтірген экологиялық залалды жою (ремедиация) туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен басталды деп есептеледі.

      4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін осы Заңның 7-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, экологиялық залалды жою (ремедиация) құнын негізге ала отырып айқындайды.";

      17) 18-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталған кезде авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын, сондай-ақ оны жою (ремедиация) құнын бағалау үшін экологиялық аудиторлар тартуға құқылы.

      2. Уәкілетті орган сақтандырылушының есебінен ремедиация бағдарламасының нысаналы көрсеткіштеріне қолжетімділікті тексеру үшін экологиялық аудиторлар тартуға құқылы.";

      18) 19-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтанушы немесе пайда алушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажет құжаттарды қоса тіркей отырып, сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты жазбаша нысанда қояды.";

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес бекітілген ремедиация бағдарламасының көшірмесі;";

      3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) сақтандыру жағдайы басталған кезде экологиялық залалды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтанушының шеккен шығыстарын растайтын құжаттар - олар болған кезде;";

      3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Экологиялық залалды, оның ішінде сақтандыру төлемі есебінен де жоюға міндетті сақтанушы немесе өзге адам пайда алушы болып табылады.

      4. Сақтандыру төлемі авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиация) құнынан аспауға тиіс.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сақтандыру төлемі сақтанушының (пайда алушының) жазбаша өтініші немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді көрсеткен (көрсететін) тұлғаға тікелей төленуі мүмкін.";

      19) 20-бапта:

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.";

      20) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтанушының сақтандыру нәтижесінде сақтандырушы жою құнын төлеуді экологиялық залал үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде ауысады"

      21) 22-бапта:

      2-тармақта:

      1), 4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сақтанушының экологиялық залал келтіруге кінәлі адамнан шығыстардың тиісті өтемін алуы;";

      "4) сақтанушының сақтандыру жағдайы бойынша шығыстарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қабылдамауы;

      5) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруіне және оларға келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын, сондай-ақ оны жою құнын анықтауына сақтандырушыға кедергі келтіруі;

      6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға өзінің талап қою құқығынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды оған беруден бас тартуы. Егер сақтандыру төлемі төленіп қойылған болса, сақтандырушы оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы.";

      22) 22-1-баптағы "жәбірленуші,", "жәбірленушіден," деген сөздер алып тасталсын.

      15. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат):

      1-баптың 1-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-4) жаңартылатын энергия көздері – табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: тұтыну қалдықтары, биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын тұтыну қалдықтарынан алынатын өзге де отын;".

      16. "Азаматтық қорғау туралы" 11 сәуірдегі 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-I, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар, 2019 ж., №5-6, 27-құжат):

      1) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 52-2) және 70-38) – 70-40) тармақшалармен толықтырылсын:

      "52-2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;

      "70-38) өз құзыреті шегінде климаттық қауіп-қатерлерден дүлей зілзала тәуекелдерін бағалауды жүргізеді;

      70-39) өз құзыреті шеңберінде және басымдығын ескере отырып, климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі, оның ішінде жаңа тәуекелдерді болғызбауға, бар қауіптілікті төмендетуге және тұрақтылықты нығайтуға бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;

      70-40) өз құзыреті шеңберінде іске асырылатын климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі шаралардың мониторингін, тиімділігін бағалауды жүзеге асырады және осы шараларға түзету енгізеді;";

      2) 41-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) ықтимал төтенше жағдайлардың, оның ішінде климаттың өзгеруінің әсер етулерінен туындаған немесе шиеленіскен, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық салдарларын ғылыми зерттеулер, қауіптерін болжау және бағалау;";

      17. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж. № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және жылжыту, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 23 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-қосымшада:

      84-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

84.

Заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензиясы

1. I санаттағы объектілер үшін табиғат қорғауды жобалау, нормалау.
2. Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою

Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып

      ";

      2) 2-қосымшада:

      47-жол мынадай редакцияда жазылсын:


47 

Әсер етуге экологиялық рұқсат беру 

Әсер етуге экологиялық рұқсат


      92-жол алып тасталсын;

      3) 2-қосымша мынадай мазмұндағы 96-1-тармақпен толықтырылсын:

      "Жиынтық экологиялық пайданы талдау алдында айқындалған оңтайлы әдістерді келісу.";

      4) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 58, 59 және 60-тармақтармен толықтырылсын:

      "58. Метеорологиялық мониторинг бойынша қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.

      59. Қалдықтарды тасымалдау жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.

      60. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация.".

      18. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-III, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 337-құжат):

      1) мынадай мазмұндағы 43-8-баппен толықтырылсын:

      "43-8-бап. Салық кодексінің 576-бабы 2-тармағының қолданысы 2037 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      1) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "2. Жекелеген төлеушілер қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақыны есептеген кезде тиісті төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер:

      1) электр энергиясын өндіру кезінде коммуналдық қызметтер көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын объектілер операторлары және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыруы және қалдықтарды көмуі кезінде – коэффициент:

      0,3 – осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,43 – осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,05 – осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының 1.2.4.-жолында белгіленген мөлшерлемелерге.

      2) 0,2 коэффициенті – полигон операторлары коммуналдық қалдықтарды көму кезінде осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының 1.2.1.-жолында белгіленген мөлшерлемелерге қолданылады";

      2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "2. Мынадай жағдайларда, қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектіге қатысты кешенді экологиялық рұқсат алғанға дейін және осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициенттерді қолданғанға дейін жекелеген, тиісті төлеушілер қоршаған ортаға зиянды әсер еткені үшін төлемақыларды есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) электр энергиясын өндіру кезінде коммуналдық қызметтер көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын объектілер операторлары және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асырған және қалдықтарды көмген кезде – коэффициент:

      0,3 – осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,43 – осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,05 – осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының 1.2.4.-жолында белгіленген мөлшерлемелерге.

      2) 0,2 коэффициенті – полигон операторларының коммуналдық қалдықтарды көмуі кезінде осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының 1.2.1.-жолында белгіленген мөлшерлемелерге;";

      3) 2 коэффициенті – осы Кодекстің 3) тармақшасында көрсетілген І санаттағы объектілерді қоспағанда, І санаттағы объектілер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткеніне тиісті операторлардың төлемақы есептеуі кезінде осы Кодекстің 576-бабы 2, 3, 5, 6 және 7-тармағында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне қолданылады.

      Егер І санаттағы объекті бір мезгілде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) немесе 3) тармақшаларында көзделген объектілерге жататын болса, төлемақы есептеу мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген коэффициент қолданылады.

      Бұл ретте, осы тармақта белгіленген коэффициенттер салық төлеушілердің экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ету көлеміне қолданылады.";

      3) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "2. Мынадай жағдайларда, қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектіге қатысты кешенді экологиялық рұқсат алғанға дейін және осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициенттерді қолданғанға дейін, жекелеген төлеушілер қоршаған ортаға зиянды әсер еткені үшін төлемақыларды есептеу кезінде тиісті төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) электр энергиясын өндіру кезінде коммуналдық қызметтер көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын объектілер операторлары және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асырған және қалдықтарды көмген кезде-коэффициент:

      0,3 – осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,43 – осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,05 – осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының 1.2.4.-жолында белгіленген мөлшерлемелерге.

      2) 0,2 коэффициенті – полигон операторларының коммуналдық қалдықтарды көмуі кезінде осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының 1.2.1.-жолында белгіленген мөлшерлемелерге;

      3) 4 коэффициенті – тиісті операторлар осы бөлімнің 3) тармақшасында көрсетілген І санаттағы объектілерді қоспағанда, объектілер тізіміне енгізілген І санаттағы объектілердің қоршаған ортаға теріс әсер етуінің төлемақысын есептеу кезінде жиынтық эмиссияны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен кемінде елу пайыз құрайтын осы Кодекстің 576 - бабының 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарымен белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне.

      Егер І санаттағы объекті бір мезгілде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) немесе 3) тармақшаларында көзделген объектілерге жататын болса, төлемақы есептеу мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген коэффициент қолданылады.

      Бұл ретте, осы тармақта белгіленген коэффициенттер салық төлеушілердің экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ету көлеміне қолданылады.";

      4) 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "2. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектіге қатысты кешенді экологиялық рұқсат алынғанға және осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициенттерді қолданғанға дейін мынадай жағдайларда жекелеген төлеушілер қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы есептеген кезде тиісті төлемақы мөлшерлемелерінде мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) электр энергиясын өндіру кезінде коммуналдық қызметтер көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын объектілер операторлары және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыруы және қалдықтарды көмуі кезінде – коэффициент:

      0,3 – осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,43 – осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,05 – осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының 1.2.4.-жолында белгіленген мөлшерлемелерге.

      2) 0,2 коэффициенті – полигон операторларының коммуналдық қалдықтарды көмуі кезінде осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының 1.2.1.-жолында белгіленген мөлшерлемелерге;

      3) 8 коэффициенті – Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Қазақстан Республикасындағы олардың ластаушы заттар эмиссиясының жиынтығы елу пайыздан аспайтын объектілер тізбесіне кіретін І санаттағы объектілер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткеніне тиісті операторлардың төлемақы есептеуі кезінде осы Кодекстің 576-бабы 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне;

      4) 2 коэффициенті – осы бөліктің 3) тармақшасында көрсетілген І санаттағы объектілерді қоспағанда, І санаттағы объектілер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткеніне тиісті операторлардың төлемақы есептеуі кезінде осы Кодекстің 576-бабы 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне.

      Егер І санаттағы объекті бір мезгілде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) немесе 2) тармақшаларында көзделген объектілер болып табылса, төлемақы есептеу мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) немесе 4) тармақшаларында көзделген коэффициент қолданылады, аталған объектінің Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Қазақстан Республикасындағы олардың ластаушы заттар эмиссиясының жиынтығы елу пайыздан аспайтын объектілер тізбесінің қатынасына байланысты.

      Бұл ретте, осы тармақта белгіленген коэффициенттер салық төлеушілердің экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ету көлеміне қолданылады.";

      5) 2034 жылғы 1 қаңтардан бастап 2037 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "2. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектіге қатысты кешенді экологиялық рұқсат алынғанға және осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициенттерді қолданғанға дейін мынадай жағдайларда жекелеген төлеушілер қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы есептеген кезде төлемақы ставкаларына мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) электр энергиясын өндіру кезінде коммуналдық қызметтер көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын объектілер операторлары және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыруы және қалдықтарды көмуі кезінде – коэффициент:

      0,3 – осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,43 – осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,05 – осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының 1.2.4.-жолында белгіленген мөлшерлемелерге..

      2) 0,2 коэффициенті – полигон операторларының коммуналдық қалдықтарды көмуі кезінде осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының 1.2.1.-жолында белгіленген мөлшерлемелерге;

      3) 8 коэффициенті – Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Қазақстан Республикасындағы олардың ластаушы заттар эмиссиясының жиынтығы елу пайыздан аспайтын объектілер тізбесіне кіретін І санаттағы объектілер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткеніне тиісті операторлардың төлемақы есептеуі кезінде осы Кодекстің 576-бабы 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне;

      4) 4 коэффициенті – осы бөліктің 3) тармақшасында көрсетілген І санатты объектілерді қоспағанда, І санаттағы объектілер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткеніне тиісті операторлардың төлемақы есептеуі кезінде осы Кодекстің 576-бабы 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне.

      Егер І санаттағы объекті бір мезгілде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) немесе 2) тармақшаларында көзделген объектілер болып табылса, төлемақы есептеу мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) немесе 4) тармақшаларында көзделген коэффициент қолданылады, аталған объектінің Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Қазақстан Республикасындағы олардың ластаушы заттар эмиссиясының жиынтығы елу пайыздан аспайтын объектілер тізбесінің қатынасына байланысты.

      Бұл ретте, осы тармақта белгіленген коэффициенттер салық төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ету көлеміне қолданылады.";

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 18-тармағын;

      2) 2018 жылғы 29 маусымынан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 9-тармағы 3) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары мен 49) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады