"Қырғыз Республикасымен электр энергиясының тауар айналымы жөніндегі мәміленің бағасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 839 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1044 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2019 жылғы 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қырғыз Республикасымен электр энергиясының тауар айналымы жөніндегі мәміленің бағасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қазандағы № 839 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қырғыз Республикасымен және Тәжікстан Республикасымен электр энергиясының тауар айналымы жөніндегі мәміленің бағасын белгілеу туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қырғыз Республикасымен және Тәжікстан Республикасымен электр энергиясының сыртқы сауда тауар айналымы мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастық, және Қазақстанның оңтүстік өңірлерін электрмен жабдықтаудағы орнықсыз жұмыс тәуекелін азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бір күнтізбелік жыл шеңберінде баламалы көлемде электр энергиясымен өзара алмасу шарттарын сақтаған кезде Қырғыз Республикасы тарапынан "Электр станциялары" ашық акционерлік қоғамымен Қазақстан Республикасының тарапынан "Алматыэнергосбыт", "Samga Development" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, Тәжікстан Республикасының тарапынан "Барки Точик" ашық акционерлік холдингтік компаниясымен Қазақстан Республикасының тарапынан "Энергопоток" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында жасалатын Қырғыз Республикасымен және Тәжікстан Республикасымен электр энергиясының тауар айналымы мәмілесінің бағасы 1 (бір) киловатт/сағат үшін 0,0000001 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленсін.".

      2. Осы қаулы 2019 жылғы 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады