Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкіметінің суперкомпьютерді ұсынуы жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 56 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2019 жылғы 11 қыркүйекте Бейжіңде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкіметінің суперкомпьютерді ұсынуы жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Ескерту. Нормативтік құқықтық
актіге қоса тіркелген
халықаралық келісімнің мәтіні
ресми болып табылмайды. ҚР
халықаралық келісімінің
жасасқан тілдердегі ресми
куәландырылған көшірмесін ҚР
халықаралық келісімдерін
тіркеуге, есептеуге және
сақтауға жауапты ҚР Сыртқы
істер министрлігінен алуға
болады
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы14 ақпандағы
№ 56 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкіметінің суперкомпьютерді ұсынуы жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім

      (2021 жылғы 21 наурызда күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2021 ж., N 2, 10-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі,

      2017 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы суперкомпьютерді ұсыну жобасы жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумды негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім бойынша Қазақстан Тарапының жауапты орындаушысы ретінде бекітілетін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұдан әрі – Университет) пайдалануы үшін Қытай Тарапы өтеусіз көмек түрінде құны 109,66 млн. юань суперкомпьютер жүйесінің жиынтығын (бұдан әрі – жабдық) ұсынады.

      Жабдық мынадай тізбемен айқындалады:

      1. Rack System.

      2. SKVM.

      3. Management Nodes.

      4. Login Nodes.

      5. High-precision meteorological numerical forecasting system.

      6. Gene information processing system.

      7. AI & Deep learning Platform System.

      8. Simulation Compute Node.

      9. Parallel File System.

      10. Backup file system.

      11. High-end Fault-Tolerant Computer.

      12. Infiniband High Speed Network.

      13. Gigabit Network.

      14. 10 Gigabit Network.

2-бап

      Қытай Тарапы жабдықты Алматы қаласына тасымалдау, жабдықты монтаждау және пайдалануға енгізу үшін техникалық персоналды Қазақстан Республикасына жіберу, сондай-ақ операциялар мен техникалық қызмет көрсетуге оқытуды өткізу үшін Қазақстан Тарапының персоналы үшін өз қаражаты есебінен орнатылған жабдықта сақталуға жататын электрондық ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін көлемде жауапты болады.

      Барлық қажетті іске қосу-реттеу іс-шаралары жүргізілгеннен кейін Қазақстан Тарапы Университет атынан және Қытай Тарапы модельдердің сапасын, санын және стандарттарын бекітеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жабдықты пайдалануға қабылдау-беру актісіне қол қояды.

3-бап

      Қазақстан Тарапы Қазақстан Республикасының аумағына жабдық келгеннен кейін кедендік ресімдеуге, материалды алуға, тасымалдауға және қоймаға орналастыруға жауапты болады.

      Университет тіршілікті қамтамасыз етудің тиісті жүйесі бар жабдықты орнатудың тиісті шарттарына сәйкес келетін үй-жаймен қамтамасыз етуге жауап береді және өз қаражаты (бюджеттен тыс) есебінен барлық шығыстарды өзіне алады.

4-бап

      Осы Келісіммен өзара жабдықтың өтеусіз сипаты расталады.

5-бап

      Қазақстан Тарапы осы Келісімнің шеңберінде ұсынылған жабдықтар мен техникалық қызмет көрсетуге қатысты Қытай Тарапы Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес кедендік алымдарды, кедендік әкелу бажын және қосылған құн салығын төлеуден босату ұсынылатынын растайды. Жобаны іске асыру кезінде туындайтын басқа да салықтар мен алымдарды Университет өзіне алады.

6-бап

      Жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру бойынша егжей-тегжейлі мәселелер Тараптар тағайындаған органдар арасында қосымша қол қойылған келісімшартта көзделетін болады.

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны Тараптар дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.

      Осы Келісім оның ережелерін іске асыру аяқталған сәттен бастап өз қолданысын тоқтатады.

      2019 жылғы 11 қыркүйекте Бейжіңде әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Осы Келісім мәтіндерінің арасында алшақтық болған жағдайда орыс тіліндегі мәтіннің күші басым болады.

      Қазақстан Республикасының Қытай Халық
      Үкіметі үшін Республикасының Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады