2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 5) тармақшасына, 108-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Павлодар облысы Павлодар қаласының шекарасын (шегін) Павлодар ауданы жерлерінің жалпы ауданы 192,8 гектар бір бөлігін Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасында орналасқан Жетекші ауылының шекарасына (шегіне) қосу жолымен өзгерту туралы "Павлодар облысының Павлодар қаласы мен Павлодар ауданының шекараларын (шегін) өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге енгізу туралы" Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 маусымдағы № 353/31 бірлескен шешіміне және Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 5 қаулысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 61 қаулысына қосымша |
Павлодар қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын, Павлодар облысы Павлодар ауданы жерлері бөлігінің экспликациясы
Р/с№ | Атауы |
Жердің жалпы ауданы, га | Барлық ауыл шаруа-шылық алқаптар | Оның ішінде | Өзге жерлер | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
егістік | шабындық | жайылым | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1. |
Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасында орналасқан | 192,8 | - | - | - | - | 192,8 |
Жерлер жиыны | 192,8 |