Алматы агломерациясының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2030 жылға дейінгі өңіраралық жоспары (бұдан әрі – Өңіраралық жоспар) бекітілсін.
2. Жауапты орталық атқарушы органдар, Алматы қаласы, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдары (келісу бойынша) Өңіраралық жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Өңіраралық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
|
2020 жылғы 28 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген |
Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2030 жылға дейінгі өңіраралық жоспары
1-тарау. Ағымдағы жағдай
Негізгі өзегі Алматы қаласы болып табылатын Алматы агломерациясының қолданыстағы даму схемасына сәйкес оған Есік қаласы мен Еңбекшіқазақ ауданының 14 ауылдық округі, Жамбыл ауданының 6 ауылдық округі, Өтеген батыр кенті және Іле ауданының 8 ауылдық округі, Қаскелең қаласы және Қарасай ауданының 10 ауылдық округі, Талғар қаласы және Талғар облысының 10 ауылдық округі, Қапшағай қаласы және Қапшағай қалалық әкімшілігіне әкімшілік тұрғыдан бағынысты 2 ауылдық округ, сондай-ақ жоспарланған Gate City қаласы кіреді. Бұл аумақтар Алматы қаласынан көліктік қолжетімділіктің 1,5 сағаттық изохронына кіреді (магистральдық байланыс жолдары бойымен 110 километрден немесе өзге учаскелерден 75 километрден аспайды). Көрсетілген изохрон іргелес елді мекендерден өзек қалаға күн сайынғы қарқынды еңбек көші-қонының халықаралық практикасына сәйкес келеді.
Алматы агломерациясының халық саны 2019 жылғы 1 қыркүйекте 3 103,6 мың адамды құрады, оның ішінде Алматы қаласында 1 884,6 мың адам тұрады.
Соңғы 10 жылдағы Алматы агломерациясының көші-қон сальдосы оң үрдіске ие және 2018 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы бойынша 222,824 мың адамды, қала маңы аймағы бойынша 74,37 мың адамды құрады.
Сонымен қатар, Алматы агломерациясын дамытудың негізгі проблемалы мәселелері Алматы агломерациясының елді мекендерін, жекелеген аумақтарын дамытудың әркелкілігі, қолда бар ресурстарды пайдаланудың тиімсіздігі (барлық әлеуметтік мәселелер бойынша көші-қон процестерімен және тапшылықтың өсуімен ұштасатын бірқатар себептер бойынша (еңбек, жер, табиғат және тағы басқа), сондай-ақ реттеу мен басқарудың жергілікті институционалдық базасының болмауы болып табылады. Олардың шешімі мынадай бағыттар бойынша бірқатар зерттеулер жүргізу қажеттілігімен айқындалады:
1) көші-қон процестерін жалпы талдау (Алматы қаласы, Алматы облысы);
2) жер ресурстарын пайдалануды жалпы талдау (Алматы қаласының, Алматы облыстарының жылдар бойынша бөлінісінде);
3) халықтың жұмыспен қамтылуын жалпы талдау (Алматы қаласы, Алматы облысы);
4) тұрғын үй қоры тапшылығының өсуін жалпы талдау (Алматы қаласы, Алматы облысы);
5) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде (мектептер, балабақшалар, емханалар) тапшылықтың өсуін жалпы талдау (Алматы қаласы, Алматы облысы);
6) инженерлік және көліктік инфрақұрылымның жүктемелігін жалпы талдау (Алматы қаласы, Алматы облысы);
7) сауда айналымы мен импортты жалпы талдау (Алматы қаласы, Алматы облысы);
8) азық-түлік қауіпсіздігі.
Алматы агломерациясы экономикасы бәсекеге қабілетті, өмір сүру мен қоршаған орта сапасы жоғары, еларалық және экономикалық байланыстар жүйесіне интеграцияланған көп функциялы өңір ретінде дамитын болады.
Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2030 жылға дейінгі өңіраралық жоспарының негізгі мақсаты агломерациясын қосылған құнның жаһандық тізбегіне кіріктірілген адами капиталдың жоғары деңгейі бар өңір ретінде қалыптастыру.
Қойылған мақсатты шешу үшін дамудың мынадай векторларын (стратегиялық бағыттар) шешу көзделуде:
1-стратегиялық бағыт: Агломерацияны аумақтық дамыту;
2-стратегиялық бағыт: Адами әлеуетті дамыту;
3-стратегиялық бағыт: Қала маңы аумағында бірыңғай көлік-логистика кешенін дамыту;
4-стратегиялық бағыт: Агломерацияның өзек-қаласы мен шеткері аймағының инженерлік инфрақұрылымын кешенді дамыту;
5-стратегиялық бағыт: Бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту;
6-стратегиялық бағыт: Экологиялық тұрақтылық және төтенше жағдайлар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу;
7-стратегиялық бағыт: Агломерацияны дамытуды басқару.
Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2030 жылға дейінгі өңіраралық жоспарын іске асыру нәтижесінде:
1) Халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, Алматы агломерациясының орнықты дамуын қамтамасыз етуге;
2) бірыңғай қызмет көрсету және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартуға;
3) Алматы қаласының экономикалық әлеуетін жүйелендіруге және Алматы агломерациясын дамытуға;
4) серіктес қалалар мен қала маңы аумақтарында тартылыс орталықтарын ығыстыру арқылы өзек қаласының тығыздалуын төмендету мүмкіндігіне;
5) экологиялық жағдайды жақсартуға;
6) жерді, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға;
7) аумақтардың экономикалық даму бағыттарын белгілеу арқылы адами капиталды арттыруға қол жеткізілетін болады.
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындалу мерзімі |
Болжамды шығыстар (млн. теңге) | Қаржыландыру көздері |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1-стратегиялық бағыт. Агломерацияны аумақтық дамыту | ||||||
1.1-міндет. Бірыңғай қала құрылысы саясатын әзірлеу | ||||||
1 | Аумақтың теңгерімін ескере отырып, аумақты дамытудың көпорталықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі норманы белгілеу мәселесін пысықтау | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, | 2020 жыл | талап етілмейді | |
2 | Алматы қаласы аумағы мен қала маңы аймағын сейсмикалық шағын аудандарға бөлуді ескере отырып, аумақта құрылыс салу бойынша ҚНжЕ әзірлеу | Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының бұйрығы |
Алматы қаласының, | 2020 – 2021 жылдар |
2020 жыл – 50,0* | жергілікті бюджет |
3 | Алматы облысының аумағында Алматы қаласының шекарасынан ҮАААЖ-ға және қаладағы 10-15 км іргелес аумақтарға дейін ҚҚЕРА, аумақтарды игеру және дамыту бойынша өзара іс-қимыл тетіктерін айқындау мәселесін пысықтау | ҰЭМ-ге ұсыныстар |
Алматы қаласының, | 2020 жыл | талап етілмейді | |
4 | Қала, ҚҚЕРА, сондай-ақ облыс аумағында тұратын тұрғындарды жаяу барып-келу мүмкіндігімен қамтамасыз ету: дүкенге 400 м, балабақшаға 500 м, мектепке 1 км, кітапханаға немесе қоғамдық орталыққа 1 км, поштаға 1 км, жергілікті орталыққа 1 км, қоғамдық тамақтану орнына 1 км, шағын ауруханаға (4 дәрігері бар) 1,5 км, коммерциялық ауданға 2 км (елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесінің шеңберінде) | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, Алматы облысының | 2020 – 2030 жылдар | талап етілмейді | |
5 |
Аумақтың теңгерімін және: | ЖАО қаулылары |
Алматы қаласының, | 2020 жыл | 2020 жыл – 2 526,4* | жергілікті бюджет |
6 |
ҚҚЕРА бойынша, атап айтқанда: | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, | 2020 – 2022 жылдар |
2020 жыл – 100,0* | жергілікті бюджет |
7 | Деректер базасын интеграциялау және Алматы қаласы мен Алматы облысының шекараларына іргелес аумақтардың бірыңғай геоақпараттық жүйесін жүргізу | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, | 2020 – 2022 жылдар |
2020 жыл – 210,0* | жергілікті бюджет |
8 | Алматы облысының бюджеттік бағдарлама әкімшісімен қала маңы аймағының жерлерін тексеруді жүзеге асыру бойынша техникалық ерекшелікті дайындауға және келісуге қатысу | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, | 2020 жыл | 2020 жыл – 50,0* | жергілікті бюджет |
9 | Қала маңы аймағының жерлерін тексеру (Алматы қаласының шекарасынан бастап ҮАААЖ-ға дейін), кәсіпкерлік қызметті дамытудың және Алматы агломерациясының әлеуметтік-экономикалық дамытудың перспективалық бағыттарын ескере отырып, инженерлік, әлеуметтік, өндірістік инфрақұрылым мен қоғамдық-мәдени, демалыс және АТК объектілері үшін жерге қажеттілікті қоса алғанда, аумақтың теңгерімін есептеу | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы облысының | 2020 – 2021 жылдар |
2020 жыл – 100,0* | жергілікті бюджет |
10 | Қала маңы аймағының іргелес аумақтарын дамытуға резервке қою үшін мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жерлерді сатып алу | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы облысының | 2020 жыл | 2020 жыл – 100,0* | жергілікті бюджет |
11 | Облыс және қала қажеттіліктерін ескеріп, мәртебесі мен шекараларын кеңейту мүмкіндігін айқындай отырып, Алматы қаласының екінші айналма жолына дейін зираттарды түгендеу | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы облысының | 2020 жыл | талап етілмейді | |
12 | Сібір жарасының ошақтарын және олардың санитариялық аймақтарын Алматы қаласының екінші айналма жолына дейін айқындау және санитариялық аймақты 300-500 м-ге дейін азайту мақсатында сібір жарасының ошақтарын консервациялау бойынша қажетті іс-шараларды жүзеге асыру | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы облысының | 2020 жыл | талап етілмейді | |
13 | Алматы қаласының екінші айналма жолға дейінгі аумақта орналасқан (Алматы қаласының қала маңы аймағының бас жоспарында айқындалған) жер учаскелерін және сібір жарасы көмілген ошақтардың санитариялық аймақтарының шекараларын айқындау | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы облысының | 2020 жыл | талап етілмейді | |
14 | ҚҚЕРА Алматы қаласының маңы мен Алматы облысының қала маңы аудандарының әзірлегеннен кейін осы іс-шаралар жоспарын түзету және қайта бекіту | Үкіметтің қаулысы |
Алматы қаласының, | 2021 жыл | талап етілмейді | |
1.2-міндет. Қала маңы аймағының құрамындағы жер қатынастарын дамыту | ||||||
15 | Қаланың қала маңы аймағының ЕЖЖ әзірленгенге дейін Алматы облысының аумағында орналасқан ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатын өзгертуге уақытша шектеу енгізу және сегметтеу бойынша мәселені пысықтау | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы облысының | 2020 жыл | талап етілмейді | |
16 | Мемлекет мұқтаждығы үшін жерлерді резервке қоюды қамтамасыз ету (жол құрылысы, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым үшін) | ЖАО қаулылары |
Алматы облысының | 2020 – 2030 жылдар | талап етілмейді | |
1.3-міндет. Тұрғын үй құрылысын дамыту және сапалы қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету | ||||||
17 | Ыңғайлы қалалық ортаны, балалар ойнайтын кеңістікті қалыптастыра отырып және жүріп-тұруы шектеулі топтар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, аула аумақтарын абаттандыру бойынша "Нұрлы Жер" бағдарламасына түзетулер енгізудің орындылығы мәселесін қарау | ҰЭМ-ге ұсыныстар |
Алматы қаласының, | 2021 жыл | талап етілмейді | |
18 | Алматы облысының аумағында салынған тұрғын үйлерді Алматы қаласының тұрғындары арасында бөлу бойынша тетікті әзірлеу мәселені пысықтау | ҰЭМ-ге ұсыныстар |
Алматы қаласының, | 2021 жыл | талап етілмейді | |
19 | Жалпы ауданы 0,9 млн. м2 14993 пәтерлік 256 кредиттік тұрғын үй салу | пайдалануға беру актісі |
ИИДМ, Алматы облысының | 2020 – 2030 жылдар |
2020 жыл – 2 522,4 |
бюджеттен тыс қаражат |
20 | Жалға берілетін тұрғын үй салу (сатып алу) | пайдалануға беру актісі/сатып алу-сату шарты |
ИИДМ, Алматы облысының | 2020 – 2030 жылдар |
2020 жыл – 2 438,2* |
республикалық бюджет |
21 | Алматы қаласының "G4 City" 4 серіктес қаласында тұрғын үй салу (Gate 1-кезек) | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының | 2020 – 2030 жылдар |
2020 жыл – 22 909,1 | жеке инвестициялар |
22 | Қала маңы аймағының аумағында тұрғын үй кешендері үшін инженерлік коммуникациялар салу | пайдалануға беру актісі |
ИИДМ, Алматы облысының | 2020 – 2021 жылдар |
2020 жыл – 2 785,8* |
республикалық бюджет |
2-стратегиялық бағыт. Адами әлеуетті дамыту | ||||||
2.1-міндет. Білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту | ||||||
23 | 20550 орындық 30 мектеп және 8400 орындық 20 қосымша құрылыс салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының | 2020 – 2025 жылдар |
2020 жыл – 11 182,7 | жергілікті бюджет |
24 | 5100 орындық 9 мектеп салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының | 2020 – 2025 жылдар |
2020 жыл – 927,0 | жеке инвестициялар |
25 | 8 білім беру объектісін күрделі жөндеумен сейсмикалық күшейту | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының |
2020 жыл |
2020 жыл – 2 073,3 | жергілікті бюджет |
26 | 95 мың орындық балабақша ашу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының | 2020 – 2030 жылдар |
2020 жыл – 2738,3 | жеке инвестициялар |
2.2-міндет. Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту | ||||||
27 | Қарасай ауданының Қаскелең қаласында емханасы бар 200 төсектік көпбейінді аурухана салу | пайдалануға беру актісі |
ДСМ, Алматы облысының | 2023 – 2024 жылдар |
2023 жыл – 2 500,0* |
республикалық бюджет |
28 |
Еңбекшіқазақ ауданының Қорам, Көктөбе ауылдарында, Жамбыл ауданының Сарыбай би, Үңгіртас ауылдарында, Іле ауданының Междуреченск, Тілендиев ауылдарында, Қарасай ауданының Долан, Іргелі ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар салу. | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының | 2020 – 2022 жылдар |
2020 жыл – 1 926,2* | жергілікті бюджет |
3-стратегиялық бағыт: Қала маңы аймағы аумағында бірыңғай көлік-логистика кешенін дамыту | ||||||
3.1-міндет. Радиалдық және айналма жолдар салу | ||||||
29 | Рысқұлов даңғылын Оңғарсынова көшесінен қаланың шекарасына дейін және қаланың шекарасына дейін көлік айрықтарын сала отырып, Солтүстік айналым көшесін ұзарту құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеу | пайдалануға беру актісі |
Алматы қаласының | 2020 – 2021 жылдар |
2020 жыл – 197,0* | жергілікті бюджет |
30 | "Алматы-Бішкек" трассасы бойындағы "Алтын Орда" базарының ауданындағы жол учаскесінің құрылысына түсетін 3 жер учаскесін алып қою | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы облысының | 2021 жыл | 2021 жыл – 226,8* | республикалық бюджет |
31 | ҮАААЖ-дан бастап қала шекарасына дейін облыстың 6 радиалдық жолын ұзарту: Ақын Сара көшесі, Рысқұлов көшесі, Саин көшесі, Абай көшесі, Тілендиев көшесі, Солтүстік айналым | пайдалануға беру актісі |
ИИДМ, Алматы облысының | 2021 – 2025 жылдар |
2021 жыл – 7 740,0* |
республикалық бюджет |
3.2-міндет. Теміржол көлігінің инфрақұрылымын дамыту | ||||||
32 | "Жетіген – Қазыбек-Бек" қатынасы бойынша "Алматы-1" торабын айналып өтетін айналма теміржол желісін салу мәселесін пысықтау | ҰЭМ-ге ұсыныстар |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2021 – 2025 жылдар | талап етілмейді | |
33 | "Алматы – Қапшағай", "Алматы – Ұзынағаш" қала маңы маршруттарын ұйымдастыру (Алматы қаласы әкімдігінен субсидиялау) | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, Алматы облысының әкімдіктері, "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2020 жыл | 2020 жыл – 1 000,0* | жергілікті бюджет |
3.3-міндет. Қоғамдық көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысын (көліктік-ауыстырып отырғызу кешенін) дамыту | ||||||
34 | ҚҚЕРА аумағында қоғамдық көлікті дамыту стратегиясын әзірлеу және көпорталықтылық қағидаты бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, | 2021 – 2025 жылдар |
2021 жыл – 40,0* | жергілікті бюджет |
35 | "ИТП" АЭА ("ИТП" АЭА аумағында көлік торабын ұйымдастыра отырып) және Алматы индустриялық аймағына дейін қоғамдық көлік маршруттарын ұйымдастыру | ҰЭМ-ге ақпарат | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жыл | 2020 жыл – 300,0 | жеке инвестициялар |
36 | Жолаушылар көлігін (қалалық, ауданішілік және қала маңы) субсидиялауды қамтамасыз ету | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, | 2024 – 2026 жылдар |
2024 жыл – 148,9* | жергілікті бюджет |
4-стратегиялық бағыт. Агломерацияның өзек-қаласы мен шеткері аймағының инженерлік инфрақұрылымын кешенді дамыту | ||||||
4.1-міндет. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту | ||||||
Сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамыту | ||||||
37 | Сорбұлақ көлінің жанында жасыл екпелер питомниктерін құру үшін Алматы қаласының әкімдігіне жер учаскесін бөлу | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2021 жыл |
2021 жыл – 50,0* |
жергілікті бюджет |
38 | Алматы облысының Қарасай ауданында Қаскелең топтық сутартқышын салу. І кезек (2 және 3-ші іске қосу кешені). Түзету | пайдалануға беру актісі |
ЭГТРМ, Алматы облысының | 2021 – 2023 жылдар |
2021 жыл – 1 475,9* | республикалық бюджет |
39 | Cу құбыры желілерін салу | пайдалануға беру актісі |
ИИДМ, Алматы | 2022 – 2025 жылдар |
2022 жыл – 1 355,4* |
республикалық бюджет |
40 | Алматы облысының Еңбекшіқазақ топтық сутартқышын салу (1-кезек, 2-ші іске қосу кешені) | пайдалануға беру актісі |
ЭГТРМ, Алматы облысының | 2021 – 2022 жылдар |
2021 жыл – 2 214,99* | республикалық бюджет |
41 | Құрылыс үшін жер учаскелерін алып қоюды ескере отырып, Қарасай, Іле және Талғар аудандарының кәріз коллекторларын салу | пайдалануға беру актісі |
ИИДМ, Алматы | 2022 – 2029 жылдар |
2022 жыл – 630,0* |
республикалық бюджет |
42 | Алматы қаласының "G4 City" 4 серіктес қаласында сумен жабдықтау жүйелерін, су жинағыштарды, кәріздік-тазарту құрылыстарын және су бұру жүйелерін салу (Gate City 1-кезек) | пайдалануға беру актісі |
ИИДМ, Алматы | 2021 – 2022 жылдар |
2021 жыл – 8 000,0* |
республикалық бюджет |
Электрмен жабдықтау желілерін дамыту | ||||||
43 | Қаланың электрмен жабдықтау желілерін салу (Gate City 1-ші кезек) | пайдалануға беру актісі |
ИИДМ, Алматы | 2021 – 2022 жылдар |
2021 жыл – 600,0* | республикалық бюджет |
44 | Қарасай ауданында "Қаскелең" ОРУ-110кВ КС-220кВ қоса отырып, "Көк өзек" 110/10кВ КС салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының | 2020 – 2021 жылдар |
2020 жыл – 1 200,0 | жеке инвестициялар |
45 | Қарасай ауданындағы Шамалған ст. 110/10кВ КС салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының | 2021 – 2024 жылдар |
2021 жыл – 245,0 | жеке инвестициялар |
46 | Іле ауданындағы Ащыбұлақ кентінде 110/10кВ КС салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының | 2021 – 2024 жылдар |
2021 жыл – 245,0 | жеке инвестициялар |
47 | Іле ауданындағы Өтеген батыр кентінде 110/10кВ КС салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының | 2021 – 2024 жылдар |
2021 жыл – 245,0 | жеке инвестициялар |
48 | Іле, Талғар, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында жұмыс істеп тұрған 110/10кВ КС реконструкциялау | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының | 2020 – 2025 жылдар |
2020 жыл – 150,0 | жеке инвестициялар |
Жылумен жабдықтау желілерін дамыту | ||||||
49 | Алматы қаласының Ибрагимов көшесі, 1 Алатау шағын ауданындағы Ядролық физика институтының ғимараттарын жылумен жабдықтау үшін қолданыстағы және жобаланатын қазандықтарды газбен жабдықтау | пайдалануға беру актісі |
ЭМ, Алматы облысының | 2020 – 2022 жылдар |
2020 жыл – 177,6* | республикалық бюджет |
50 | Қаланың жылумен жабдықтау желілерін салу (Gate City 2-кезек) | пайдалануға беру актісі |
ИИДМ, Алматы облысының | 2021 – 2022 жылдар |
2021 жыл – 1 307,3* | республикалық бюджет |
51 | Қапшағай қаласында жылумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау | пайдалануға беру актісі |
ҰЭМ, Алматы облысының | 2021 – 2022 жылдар |
2021 жыл – 1 013,5* |
республикалық бюджет |
Газбен жабдықтау желілерін дамыту | ||||||
52 | Алматы облысының 41 елді мекенін газбен қамтамасыз ету үшін "Байсерке-Жетіген" МГ салу | пайдалануға беру актісі |
ЭМ, Алматы облысының | 2021 – 2022 жылдар |
2021 жыл – 714,0* |
республикалық бюджет |
53 | Алматы облысының газ тарату желілерін салу | пайдалануға беру актісі |
ЭМ, Алматы облысының | 2021 – 2022 жылдар |
2021 жыл – 2 604,2* |
республикалық бюджет |
54 | "G4 City" серіктес қалаларының газбен жабдықтау желілерін салу (1-кезең бойынша 2-кезек) | пайдалануға беру актісі |
ИИДМ, Алматы облысының | 2020 жыл | 2020 жыл – 713,8 | республикалық бюджет |
5-стратегиялық бағыт: Бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту | ||||||
5.1-міндет. Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды дамыту | ||||||
55 | Алматы қаласының шекарасының шегінде орналасқан ауыл шаруашылығы жерлерінің кадастрлық құнын төлеуден босату тетігін пысықтау | ҰЭМ-ге ұсыныстар |
Алматы қаласының, | 2020 жыл | талап етілмейді | |
56 | Зираттардың су қорғау белдеулерін және санитариялық аймақтарын реттеу мәселесін пысықтау | ҰЭМ-ге ұсыныстар |
Алматы қаласының, | 2020 жыл | талап етілмейді | |
57 | Қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін халықтың әлеуметтік-мәдени және коммерциялық қажеттілігі үшін тұрғын үй алаптарының бірінші қабаттарын жайластыру | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, | 2020 жыл | талап етілмейді | |
5.2-міндет. Кластерлер мен жоғары технологиялық өндірістерді дамыту | ||||||
58 | Алматы облысының қала маңы аймағының жер учаскелерінде және Алматы қаласының Алатау шағын ауданындағы "ИТП" АЭА іргелес аумақта студенттер мен оқытушыларға (шамамен 15 мың) арналған жатақханалар, жалға берілетін тұрғын үйлер мен қонақүйлер салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы қаласының | 2025 жыл |
2025 жыл – 5 000,0* |
жергілікті бюджет |
59 | Азық-түлік белдеуі аймағында өндірісті дамыту үшін өндірістік алаңдарды кеңейтуге арналған модульдік үлгідегі тез салынатын өндірістік ангарлар салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы қаласының | 2022 жыл | 2022 жыл – 200,0* | жергілікті бюджет |
60 | "ИТП" АЭА аумағында білім беру кластері объектілерін салу ("ҚБТУ" АҚ, "ҚазҰТЗУ" КеАҚ, "ҚазҰМУ" КеАҚ) | пайдалануға беру актісі |
Алматы қаласының | 2025 жыл |
2025 жыл – 50 000,0* |
жергілікті бюджет |
61 | "ИТП" АЭА инфрақұрылым объектілерін кеңейту (газ, су, электр энергиясы) | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі, ИИДМ | 2025 жыл | 2025 жыл – 50,0* | жергілікті бюджет |
5.3-міндет. Алматы қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту | ||||||
62 | Алматы қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасын әзірлей отырып, Алматы агломерациясының азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етілуін зерттеу. Қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының шеңберінде шаралар қабылдай отырып, өндірушіден бөлшек сатушыға дейінгі баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша сауда үстемесінің мөлшерін мониторингтеу. Ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері мен сауда объектілері арасында өнімді өткізуге арналған ұзақ мерзімді тікелей келісімшарттар жасасу | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, | 2020 – 2022 жылдар | 2022 жыл – 135,0* | жергілікті бюджет |
63 | Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін дамыту кезінде қала маңы аумағында 50 мыңнан астам жұмыс орнын құру | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, | 2020 – 2030 жылдар | талап етілмейді | |
64 | Алматы облысының солтүстік-шығыс бағытында 4 көтерме-тарату орталықтарын салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2022 жыл | 2022 жыл – 32 300,0 | жеке инвестициялар |
65 | Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін дайындау, сақтау және өткізу инфрақұрылымын қалыптастыру мәселесін пысықтау | ҰЭМ-ге ұсыныстар |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2020 – 2025 жылдар | талап етілмейді | |
66 | Алматы облысының Панфилов ауылында заманауи жеміс-көкөніс сақтау қоймалары желісін дамыту (5000 тоннаға арналған жеміс-көкөніс сақтау қоймасын салу) | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2021 жыл | 2021 жыл – 1 240,0 | жеке инвестициялар |
67 | Алматы облысының Тұздыбастау ауылында заманауи жеміс-көкөніс сақтау қоймалары желісін дамыту (1000 тоннаға арналған жеміс-көкөніс қоймасын салу) | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2025 жыл | 2025 жыл – 570,0 | жеке инвестициялар |
68 | Алматы облысының Іле ауданында сүт өндірісін қамтамасыз ету (1200 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу) | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2021 жыл | 2021 жыл – 1 500,0 | жеке инвестициялар |
69 | Қапшағай қаласында сүт өндірісін қамтамасыз ету (1000 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу) | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2022 жыл | 2022 жыл – 10 600,0 | жеке инвестициялар |
70 | Алматы облысының қала маңы аймағында ет өндірісін қамтамасыз ету (2000 басқа арналған 2 бордақылау алаңын салу) | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2020 – 2025 жылдар |
2020 жыл – 7 500,0 | жеке инвестициялар |
71 | Ет өңдеу кешенін салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2022 – 2025 жылдар |
2022 жыл – 46,0 | жеке инвестициялар |
72 | Алматы облысы Жамбыл ауданының Шолақ Қарғалы ауылында көкөніс өндірісін қамтамасыз ету (15 га жылыжай салуы) | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2020 жыл | 2020 жыл – 7 700,0 | жеке инвестициялар |
73 | Алматы облысы Қарасай ауданының Елтай ауылында 5,1 га жылыжайын салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2020 жыл | 2020 жыл – 2 800,0 | жеке инвестициялар |
74 | Алматы облысы Талғар ауданының Еңбекші ауылында 1 га жылыжайын салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2020 жыл | 2020 жыл – 400,0 | жеке инвестициялар |
75 | Алматы облысы Қарасай ауданының Қошмамбет ауылында 1 га жылыжайын салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2021 жыл | 2021 жыл – 1 280,0 | жеке инвестициялар |
76 | Қапшағай қаласы Заречный ауылында 10 га жылыжайын салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2021 жыл | 2021 жыл – 1 000,0 | жеке инвестициялар |
77 | Алматы облысы Қарасай ауданының Қолашы ауылында 2 га жылыжайын салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2022 жыл | 2022 жыл – 1 670,0 | жеке инвестициялар |
78 | Алматы облысы Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында 1 га жылыжайын салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2025 жыл | 2025 жыл – 570,0 | жеке инвестициялар |
5.4-міндет. Мәдениет инфрақұрылымын дамыту | ||||||
79 | Кейіннен мемлекеттік меншікке сатып ала отырып, 29 ауылдық мәдениет үйі мен клуб, 3 музей салу және реконструкциялау, 19 мәдениет объектісін күрделі және ағымдағы жөндеу | пайдалануға беру актісі | Алматы облысының әкімдігі | 2020 – 2030 жылдар |
2020 жыл – 787,0* | жергілікті бюджет |
80 |
"Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркі базасында сақ мәдениетінің орталығын салу | пайдалануға беру актісі | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 – 2022 жылдар |
2020 жыл – 2 000,0* | жергілікті бюджет |
5.5-міндет. Туризмді, рекреацияны және спортты дамыту | ||||||
81 | Қала мен облыстың бірыңғай оқиғалық күнтізбесін құру | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, | 2020 – 2030 жылдар | талап етілмейді | |
82 | Алматы қаласы мен Алматы агломерациясының көрікті жерлері бойынша жағдайы төмен отбасылардың балалары, ересек мүгедектер мен зейнеткерлік жастағы азаматтар үшін тақырыптық экскурсиялар өткізу | ҰЭМ-ге ақпарат | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 – 2021 жылдар |
2020 жыл – 23,0* | жергілікті бюджет |
83 |
Мына мекенжайлар бойынша: | ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы | Алматы қаласының әкімдігі | 2020 жыл | 2020 жыл – 150,0* | жергілікті бюджет |
84 | Алматы тау кластерінің мастер-жоспарын іске асыру бойынша бірлескен жобалық офис құру | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2020 жыл | талап етілмейді | |
85 | Талғар ауданындағы "Орман ертегісі – Апорт Ақ-тас" тау шаңғысы курортын, Қарасай ауданындағы "Батырлэнд" тақырыптық паркін, Іле ауданындағы ХэппиЛэнд ойын-сауық кешенін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2020 – 2025 жылдар |
2020 жыл – 20,0 | жеке инвестициялар |
86 | 4 мемлекеттік ұлттық табиғи паркке бара отырып, "Алтын аймақ Жетісу" (алтын айналым) туристік бағытын, негізгі бағыттар бойынша туристік навигация құру | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы облысының, Алматы қаласының | 2020 жыл | 2020 жыл – 20,0* | жергілікті бюджет |
87 | Қала және облыстың қала маңы аумақтарында бір адамға 10 м2 қадамдық қолжетімділікті (қадамдық қолжетімділік 300-500 м тең) қамтамасыз етуді ескере отырып, өзендер мен көлдер аумақтарын абаттандыру, парктер мен гүлзарлар салу бойынша ЖСҚ әзірлеу | пайдалануға беру актісі |
Алматы қаласының, | 2021 – 2025 жылдар |
021 жыл – 176,0* | жергілікті бюджет |
6-стратегиялық бағыт. Экологиялық тұрақтылық және төтенше жағдайлардың алдын алу қауіпсіздігін қамтамасыз ету | ||||||
6.1-міндет. Қалдықтарды басқару жүйесін дамыту | ||||||
88 | Алматы облысы Қарасай ауданының "Әйтей" кентіндегі "Kaz Waste Conversion" ЖШС полигонында қалдықтарды қайта өңдеу (сұрыптау) үшін қоқыс сұрыптау желілерін салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы қаласының, | 2020 – 2022 жылдар |
2020 жыл – 350,0 | жеке инвестициялар |
89 | Алматы облысы Қарасай ауданының "Әйтей" кентіндегі "Kaz Waste Conversion" ЖШС полигонында тарихи жерлеу орындарын кезең-кезеңмен қалпына келтіру | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, | 2020 – 2025 жылдар |
2020 жыл – 200,0 | жеке инвестициялар |
90 | Алматы облысы Қарасай ауданының "Әйтей" кентіндегі "Kaz Waste Conversion" ЖШС полигоны аумағын көгалдандыру | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, | 2021 жыл | 2021 жыл – 0,5 | жеке инвестициялар |
91 | Алматы облысының қала маңы аймағының аумақтарында ҚТҚ жаңа полигондарына жер учаскелерін бөлу | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы облысының | 2020 – 2024 жылдар | талап етілмейді | |
92 | Іле ауданында 2 қоқыс өңдеу зауытын салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының | 2020 – 2022 жылдар |
2020 жыл – 8 248,0 | жеке инвестициялар |
93 | Еңбекшіқазақ ауданында ҚТҚ полигонын салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының | 2023 – 2024 жылдар |
2023 жыл – 450,0* | жергілікті бюджет |
94 | Қарасай және Талғар аудандарында, сондай-ақ Қапшағай қаласында 3 кешенді қайта тиеу алаңдарын салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының | 2021 – 2023 жылдар |
2021 жыл – 300,0 | жеке инвестициялар |
6.2-міндет. Жер сілкінуден қорғау бойынша іс-шара | ||||||
95 | Алматы қаласындағы жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлау жүйесін енгізу үшін ЖСҚ әзірлеу | мемлекеттік сараптама қорытындысы |
Алматы қаласының | 2020 – 2021 жылдар |
2020 жыл – 35,0* | жергілікті бюджет |
96 | "Толықтырылған шындық" жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер бойынша 4D плакаттар әзірлеу және көбейту | орындалған жұмыстар актісі |
Алматы қаласының | 2020 – 2022 жылдар |
2020 жыл – 1,5* | жергілікті бюджет |
6.3-міндет. Қала маңы аймағының аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу | ||||||
97 | Қарасай ауданының Шамалған станциясында үлгілік жобаны байланыстыру және тез құрастырылатын құрылымдардан 2 автомобильге арналған модульдік өрт сөндіру депосын салу бойынша ЖСҚ әзірлеу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының | 2020 – 2021 жылдар |
2020 жыл – 0,3* | жергілікті бюджет |
98 | Іле ауданы, Жетіген ауылында үлгілік жобаны байланыстыру және тез құрастырылатын құрылымдардан 2 автомобильге арналған модульдік өрт сөндіру депосын салу бойынша ЖСҚ әзірлеу | пайдалануға беру актісі |
ІІМ, Алматы облысының | 2029 – 2030 жылдар |
2029 жыл – 23,0* | республикалық бюджет |
99 | Есік өзенінің соңғы учаскесінде қорғаныс құрылыстарын салу | пайдалануға беру актісі |
ІІМ, Алматы облысының | 2023 – 2024 жылдар |
2023 жыл – 150,0* | республикалық бюджет |
100 | Талғар өзеніндегі селді ұстап қалу бөгетін күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі |
ІІМ, Алматы облысының | 2023 – 2024 жылдар |
2023 жыл – 297,5* | республикалық бюджет |
101 | "Ұзын Қарғалы" өзеніндегі селге қарсы құрылысты күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі |
ІІМ, Алматы облысының | 2023 – 2024 жылдар |
2023 жыл – 275,0* | республикалық бюджет |
102 | Фото-бейне тіркеу функциясы бар 30 бекет орнату (2024 – 20 бекет, 2025 – 10 бекет) | орындалған жұмыстар актісі |
Алматы облысының | 2023 – 2025 жылдар |
2023 жыл – 15,0* | жергілікті бюджет |
103 | Тұрғын үймен біріктірілген 25 учаскелік полиция пунктін салу | пайдалануға беру актісі |
Алматы облысының | 2020 – 2024 жылдар |
2020 жыл – 105,0* | жергілікті бюджет |
7-стратегиялық бағыт: Агломерацияны дамытуды басқару | ||||||
104 | Стратегиялық жалпыагломерациялық мәселелерді шешу жөнінде өкілеттіктер бере отырып, Алматы агломерациясын басқару жөнінде кеңес құру | бірлескен шешім |
Алматы қаласының, | 2020 жыл | талап етілмейді | |
105 | Агломерацияны дамытудың неғұрлым өткір мәселелерін талқылауға және шешуге қала мен облыстың бизнес құрылымдарын тарта отырып, Алматы агломерациясын басқару жөнінде іскерлік кеңес құру | бірлескен шешім |
Алматы қаласының, | 2020 жыл | талап етілмейді | |
106 | Жергілікті мемлекеттік органдардың қала аумақтарының ретсіз өсуінің алдын алуға, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерде аумақтарды жаңадан игеруге тыйым салуға бағытталған жер пайдалануды жоспарлау және бақылау жөніндегі өкілеттіктерін күшейту/реттеу келтіру жөнінде ұсыныстар енгізу | Үкіметке ұсыныстар |
Алматы қаласының, | 2020 жыл | талап етілмейді | |
107 | Алматы облысының қала маңындағы аудандарының аумақтарын қосу есебінен Алматы қаласын одан әрі кеңейтуге жол бермеу | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, | 2020 – 2030 жылдар | талап етілмейді | |
108 |
Қала мен облыстық Алматы агломерациясын дамыту бойынша жобалық офис құру: | ҰЭМ-ге ақпарат |
Алматы қаласының, | 2020 жыл | 2020 жыл – 10,0* | жергілікті бюджет |
Бюджеттік ресурстарға қажеттілік | ||||||
1 | Республикалық бюджет | 2020 | 6 115,4 | |||
2021 | 34 081,0 | |||||
2022 | 38 379,5 | |||||
2023 | 29 693,1 | |||||
2024 | 35 840,6 | |||||
2025 | 30 426,6 | |||||
2026 | 16 015,6 | |||||
2027 | 16 015,6 | |||||
2028 | 16 015,6 | |||||
2029 | 16 038,3 | |||||
2030 | 15 571,8 | |||||
Жиыны: | 254 193,1 | |||||
2 | Жергілікті бюджет | 2020 | 26 585,2 | |||
2021 | 26 685,2 | |||||
2022 | 31 418,1 | |||||
2023 | 34 173,3 | |||||
2024 | 36 367,4 | |||||
2025 | 85 314,0 | |||||
2026 | 8 290,6 | |||||
2027 | 8 141,7 | |||||
2028 | 8 141,7 | |||||
2029 | 8 141,8 | |||||
2030 | 8 050,6 | |||||
Жиыны: | 281 309,6 | |||||
3 | Өзге де көздер | 2020 | 57 964,8 | |||
2021 | 52 237,3 | |||||
2022 | 81 208,0 | |||||
2023 | 41 838,3 | |||||
2024 | 42 438,2 | |||||
2025 | 203 143,0 | |||||
2026 | 37 478,5 | |||||
2027 | 37 478,5 | |||||
2028 | 37 478,5 | |||||
2029 | 37 478,5 | |||||
2030 | 37 478,2 | |||||
Жиыны: | 666 221,8 | |||||
БАРЛЫҒЫ: | 1 201 724,5 |
Ескертпе:
* – Қаражат мөлшері республикалық және жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
"АЖК" АҚ | – | "Алатау жарық компаниясы" акционерлік қоғамы |
АӨК | – | агроөнеркәсіптік кешен |
АШМ | – | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ" | – | "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы |
БҒМ | – | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
ДСМ | – | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
ЕЖЖ | – | егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы |
ЖАО | – | жергілікті атқарушы органдар |
ЖСҚ | – | жобалау-сметалық құжаттама |
ЖШС | – | жауапкершілігі шектеулі серіктестік |
ИА | – | индустриялық аймақ |
ИИДМ | – | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
"ИТП" АЭА | – | "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы |
ІІМ | – | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ | – | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
км | – | километр |
КТК | – | көппәтерлі тұрғын үй кешені |
"ҚазҰМУ" КеАҚ | – | "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
"ҚазҰТЗУ" КеАҚ | – | "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
"ҚБТУ" АҚ | – | "Қазақстан-Британ техникалық университеті" акционерлік қоғамы |
ҚҚЕРА | – | қала құрылысын ерекше реттеу аймағы |
ҚНжЕ | – | құрылыс нормалары мен ережесі |
ҚС | – | қосалқы станция |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ | – | "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
ҚТҚ | – | қатты тұрмыстық қалдықтар |
МГ | – | магистралдық газ құбыры |
МСМ | – | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
СИМ | – | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
ҮАААЖ | – | Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ЭГТРМ | – | Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |
ЭМ | – | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |