"Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің қаражаты есебінен ұсталатын органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 100 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің каражаты есебінен ұсталатын органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің қаражаты есебінен ұсталатын органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін заңнамада белгіленген тәртіппен:

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда, орталық атқарушы органдардың, олардың ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің;

      жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің штат санының лимиттерін 5 процентке қысқартуды қамтамасыз етсін.

      2. Мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, олардың штат санының лимиттерін қысқарту кезінде олардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, осы Жарлық қолданысқа енгізілгенге дейін есептелген қаражаттың мөлшері тиісті және кейінгі жылдарға мемлекеттік органдарға сақталады.

      3. Жергілікті атқарушы органдардың басшылары ауылдық округтер мен ауылдардағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны лимиттерінің сақталуын қамтамасыз етсін.

      4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      мына:

      "

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау 132

      жөніндегі есеп комитетінің аппараты

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау 125

      жөніндегі есеп комитетінің аппараты

      мына:

      "

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының       6243

      Жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету      6015

      департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы

      Сотының аппараты), оның ішінде:

      облыстардағы, астанадағы      және республикалық

      маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот әкімшілері)

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының       5931

      жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету       5714

      департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы

      Сотының аппараты), оның ішінде:

      облыстардағы, астанадағы      және республикалық

      маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот әкімшілері)

      мына:

      "

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет       661

      істері агенттігі, соның ішінде оның аумақтық органдары

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет 628

      істері агенттігі, соның ішінде оның аумақтық органдары

      ";

      мына:

      "

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1688

      (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), соның ішінде

      оның аумақтық органдары

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1679

      (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), соның ішінде

      оның аумақтық органдары

      ";

      Жарлықка 2-қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармақты қоспағанда, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы " "
№ Жарлығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 22 қаңтардағы
№ 29 Жарлығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы прокуратурасының жалпы штат саны

      Қазақстан Республикасының прокуратурасы, оның ішінде: 5690

      Бас прокуратура, Құқық қорғау органдары академиясы,

      прокуратура органдары, Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитет, Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық органдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады