Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 119 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 0,05 гектар жер учаскелері Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Жасыл аймақ" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола облысы аумағында орналасқан орман қоры жерлерінен өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін электр беру желілерін салу үшін "KB ENTERPRISES (КейБи Интерпрайсис)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) беруді қамтамасыз етсін.

      3. Серіктестік (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 17 наурыздағы
№ 119 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы,
гектар

оның ішінде:

орман
көмкерген

өзге жерлер

1

2

3

4

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Жасыл аймақ" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

0,05

-

0,05

Барлығы:

0,05

-

0,05



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады