"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және қылмыстың басқа да қауіпті түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 905 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 наурыздағы № 134 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және қылмыстың басқа да қауіпті түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 905 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кәріпов Дәурен Айтбайұлы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және қылмыстың басқа да қауіпті түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады