"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 168 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЬІҚ ЗАҢЫ

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2015 ж., № 14, 75-құжат; № 22-III, 150-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; № 12, 33-құжат; 2018 ж., № 12, 38-құжат; № 24, 92-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) 89-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Партиялық тізімде жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың және әйелдердің саны оған енгізілетін адамдардың жалпы санының кемінде отыз процентін құрауы тиіс.";

      2) 104-баптың 4-тармағы "бір саяси партиядан" деген сөздерден кейін "жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың және әйелдердің саны оған енгізілетін адамдардың жалпы санының кемінде отыз процетін құрауы тиіс" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады