Прокуратура органдарына қызметке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне кіретін және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіби даярлықтан өтетін адамдар үшін стипендияның мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысы.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Прокуратура органдарына қызметке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне кіретін және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіби даярлықтан өтетін адамдар үшін стипендияның мөлшері 40532 теңге сомасында айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады