"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 216 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      92) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "92) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру, оңалтуды және банкроттық басқарушыларды тағайындау және шеттету тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 92-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "92-1) әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін айқындау;";

      99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "99) әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара

      іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 99-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "99-1) коэффициенттерді есептеу тәртібін айқындау және қаржылық орнықтылық сыныптарының шекараларын айқындау;";

      100) тармақша алып тасталсын;

      101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "101) уақытша әкімшінің, уақытша басқарушының және оңалтуды басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы, сондай-ақ банкроттықты басқарушының оңалту жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуын ескере отырып, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысандарын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 101-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "101-1) оңалту жоспарының үлгілік нысанын бекіту;";

      103) және 104) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "103) банкроттың мүлкiн сату бойынша электрондық аукционды өткiзу тәртібін және ұйымдастырушыны айқындау;

      104) уақытша әкімшінің немесе уақытша басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі шегін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 104-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "104-1) банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі және ең жоғарғы шегін бегілеу;";

      106) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "106) уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу тәртібін, сондай-ақ өзге де әкімшілік шығыстарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 106-1), 106-2), 106-3), 106-4) және 106-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "106-1) егер өтініш беруші салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға болып табылса, уақытша басқарушыны таңдау тәртібін айқындау;

      106-2) бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның және бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған, жою мүмкін емес бұзушылықтар туралы хабарламаның нысандарын бекіту;

      106-3) кредиторлар талаптарының тізілімін, нысанын, қағидаларын және мерзімін бекіту;

      106-4) кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін айқындау;

      106-5) борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшылары (қатысушылары) мен лауазымды адамдарының орналасқан жерін анықтаудың мүмкін болмауын растайтын құжаттарды жасау қағидалары мен нысанын бекіту;";

      ведомствоның функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 356-1) және 356-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "356-1) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар түлғалардың тізімін интернет-ресурста орналастыру;

      356-2) салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға таңдаған тұлғаны уақытша басқарушы етіп тағайындау;";

      359), 360) және 361) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "359) табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер, оның ішінде акцияларының пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасы бойынша банкрот деп танылған ұйымдар банкрот болған, олар үшін осындай тәртіп "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кезде мүліктік массаны өткiзудiң ерекше шарттары мен тәртiбiн және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгiлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      360) оңалтуды басқарушының – оңалту рәсiмiнің жүзеге асырылу барысы, уақытша басқарушының, банкроттықты басқарушының банкроттық рәсiмiнің жүргiзілу барысы туралы ағымдағы ақпаратын қарауы;

      361) жоқ борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы өтінішпен сотқа жүгіну;";

      мынадай мазмұндағы 361-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "361-1) уақытша және банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысын төлеу, сондай-ақ "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда кредиторлар комитетінің шешімі бойынша өзге де әкімшілік шығыстарды өтеу туралы өтінішхат беру;";

      362), 363) және 364) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "362) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 118-1-бабында белгіленген тәртіппен банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату рәсімін жүргізу;

      363) борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      364) әдейі банкроттық белгілерінің болуын көрсететін деректер туралы құқық қорғау органдарына хабарлау;";

      366), 367) және 368) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "366) оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      367) банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу және ұйымдастырушыны айқындау тәртібін әзірлеу;

      368) уақытша әкімшінің немесе уақытша басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі шегін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 368-1) және 368-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "368-1) банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі және ең жоғары шектерін әзірлеу;

      368-2) әкімшінің оңалту немесе банкроттық рәсімін жүзеге асыру барысы туралы ағымдағы және сұрау салынатын ақпаратты ұсыну нысандарын, қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;";

      370) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "370) уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларын төлеу қағидаларын, сондай-ақ өзге де әкімшілік шығыстарды өтеу тәртібі мен мөлшерін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 370-1), 370-2), 370-3), 370-4) және 370-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "370-1) егер өтініш беруші салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға болып табылса, уақытша басқарушыны таңдау қағидаларын әзірлеу;

      370-2) бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның және бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған, жою мүмкін емес бұзушылықтар туралы хабарламаның нысандарын әзірлеу;

      370-3) кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру нысандарын, қағидаларын және мерзімдерін әзірлеу;

      370-4) кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларын әзірлеу;

      370-5) борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін анықтаудың мүмкін еместігін растайтын құжатты жасау қағидаларын және нысанын әзірлеу;";

      371) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "371) оларды банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану, банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген борышкерлердің тізімін, сондай-ақ оларға қатысты оңалту рәсімін тоқтату туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізімін интернет-ресурста жариялау;";

      373) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "373) уәкілетті органның интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 373-1) және 373-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "373-1) әкімшінің біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеу;

      373-2) әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      374) және 375) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "374) қаржы орнықтылығы сыныптарының коэффициенттерін есептеу және шекараларын айқындау қағидаларын әзірлеу;

      375) оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыруды ескере отырып, уақытша әкімшінің, уақытша басқарушының және оңалтуды басқарушының – борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы, сондай-ақ банкроттықты басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысандарын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 375-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "375-2) оңалту жоспарының үлгілік нысанын әзірлеу;";

      386) және 387) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "386) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес интернет-ресурста:

      кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарламаны;

      банкроттық туралы іс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды;

      банкроттық рәсімін қозғай отырып, борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды;

      оңалту туралы іс бойынша өндірістік іс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды;

      кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізілімін;

      банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды орналастыру;

      387) оңалтуды не банкроттықты басқарушыларды әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен алып тастау туралы ақпаратты кредиторлар жиналысына жіберу;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады