Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 293 қаулысы.

      Ауғанстан Ислам Республикасында орын алған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша материалдық кұндылықтар Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен броньнан шығарылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыны айқындасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ізгілік жүкті Ауғанстан Ислам Республикасындағы межелі пунктке дейін тасымалдауды және жеткізуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 13 мамырдағы
№ 293 қаулысына
қосымша

Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар тізбесі


Р/с

Материалдық құндылықтардың
атауы

Өлшем бірлігі

Мөлшері

1

2

3

4

1

Жоғары сұрыпты бидай ұны

тонна

1 900

2

Макарон өнімдері

тонна

500

3

Өсімдік майы

литр

400 000

4

Сүт консервілері

физикалық банка

200 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады