"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 381 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 45 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2024 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 59, 815-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтары есепке қою тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібі";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Азаматтарды есепке қою үшін мынадай құжаттар ұсынылуы қажет (ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды азаматтардан талап етуге жол берілмейді):

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін жергілікті атқарушы органның тексеруіне келісімі көрсетілген коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш;

      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

      3) ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда азаматтық хал актілерін (туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері.

      Өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайларда, соңғылары өздерін өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады;

      4) ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар бұған қоса өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін отбасыларды қоспағанда) соңғы он екі ай ішіндегі табысы туралы мәліметтерді ұсынады;

      5) ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар бұған қоса жұмыс орнынан (қызметтен) анықтама ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;

      6) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмеген жағдайда, өтініш беруші санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады;

      7) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға сай келмеген жағдайда, өтініш беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық зерттеп-тексеру нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша ұсынады;

      8) отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болған, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші тиісті ауру түрін растайтын құжатты қосымша ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттардың, некеге тұру немесе бұзу туралы, қайтыс болу, баланың тууы туралы куәліктің, өзіне меншік құқығында тиесілі (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы анықтаманың мәліметтерін, тіркелген мекенжайы туралы мәліметтерді, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік осал тобына, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне тиесілілігін растайтын құжаттарды, салық салынатын табысы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы отбасының барлық мүшесі үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынады.

      Жұмыс орны бойынша есепке қою үшін мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы жергілікті атқарушы органның мәліметтерін мемлекеттік кәсіпорындар немесе мемлекеттік мекемелер www.gosreestr веб-порталында орналасқан "Мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерін жалдау шарттарының тізілімі" ақпараттық ресурсының құралдары арқылы алады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттардың мәліметтерін жаңарту, өзгерту немесе толықтыру үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) не "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы тармақта көзделген қажетті құжаттарды негіздер туындаған не ұялы телефонған sms-хабарлама алған сәттен бастап береді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік мекеме мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектегі реттік нөмірін хабарлап және көрсете отырып, есепке қою туралы немесе есепке қоюдан дәлелді бас тарту туралы шешімді өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды.

      Жергілікті атқарушы органдардың шешіміне сәйкес өтініш берушіге хабарлама Мемлекеттік корпорацияға не порталдағы "жеке кабинетке" электрондық құжат түрінде жіберіледі. Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің шешіміне сәйкес өтініш берушіге жазбаша түрде не пошта бойынша не қолма-қол хабарланады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған адамдардың тізімін өзектілендіру мақсатында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған Тұрғын үйге кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі арқылы автоматтандырылған режимде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізеді.

      Ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған не өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, өтініш берушіні жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік корпорация не портал арқылы тиісті құжаттарды жаңарту қажеттігі туралы ұялы телефонға sms-хабарлама арқылы хабардар етеді.";

      1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 23 маусымдағы
№ 381 қаулысына
1-қосымша
  Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйге мұқтаж
Қазақстан Республикасының
азаматтарын есепке
қою қағидаларына
1-қосымша

      Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеcінің атауы

      азаматтан (ша) ________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде),

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Өтініш

      Мені "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 75-бабының 1-тармағына сәйкес ___ бөлмелі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй/жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу үшін мыналарға сәйкес есепке қоюды сұраймын:

      1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есепке қою тізімі

      _______________________________________________________________________________

      (Заңның 74-бабының 2-тармағына сәйкес тізімнің атауы)

      2) санаты_________________________________________________________________

      3) отбасы құрамы:

      _______________________________________________________________________________

      (туыстық дәрежесі)

      ЖСН: ___________________;

      4) қосымша табысы туралы мәліметтер (жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына және мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасыларға жататын азаматтар үшін):

      _______________________________________________________________________________;

      (еңбекақы (зейнеткерлік салық салынатындарды қоспағанда), әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн; балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi; жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын, үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыстар, өзге де табыстар және жүгіну алдында соңғы он екі ай ішіндегі табыстың атауы мен сомасы);

      5) отбасында жиырма екі аптадан асқан жүкті әйелдің болуы туралы мәліметтер, ЖСН:

      _______________________________________________________________________________;

      6) мүгедек бала туралы мәліметтер, ЖСН

      _______________________________________________________________________________;

      7) мүгедектік, қарттық, жүрек-қан тамыр ауруларының және басқа ауыр науқастар туралы мәліметтер (қажеттісінің астын сызу), ЖСН:

      _______________________________________________________________________________;

      8) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектік туралы мәліметтер, ЖСН: _______________________________________________________________________________;

      9) жұмыс орны туралы мәліметтер: ________________________________________

      (бизнес сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттары бойынша азаматтардың тізімі үшін);

      10) қорғаншы туралы мәліметтер: ___________________________________________

      (ЖСН, шешімнің (қорғаншылық) нөмірі, қорғаншылыққа алған күні, шешім қабылдаған орган);

      11) авариялық тұрғын үй туралы мәліметтер ___________(жылжымайтын мүлік объектісінің түрі, кадастрлық нөмірі, ел, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй, корпус, пәтер);

      12) тиісті ауданы (тиісті ауданнан кем), жиынтығы және қабаттылығы бойынша тұрғын үй бөлінген кезде келісімі не бас тартуы:

      келісемін не келіспеймін (қажеттісінің астын сызу);

      13) ұялы телефон нөмірі: ___________________________________________________;

      14) электрондық мекенжай ________________________________________________.

      Менде және менімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ жылғы "__" __________ _____________

      (қолы)

      Қосымша:

      1.________________________

      2.________________________

      ___________________ (күні, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 23 маусымдағы
№ 381 қаулысына
2-қосымша
  Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйге мұқтаж
Қазақстан Республикасының
азаматтарын есепке
қою қағидаларына
2-қосымша

      Мемлекеттік мекеменің/мемлекеттік кәсіпорынның басшысы тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      _____________________________

      мекенжайы бойынша тұратын (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

      азаматтан(ша)

      ____________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі

      (бұдан әрі – ЖСН)

Өтініш

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 75-бабының 1-тармағына сәйкес мені отбасы құрамына сәйкес _____ санаты бойынша _____ бөлмелі мемлекеттік мекеменің/мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшін есепке қоюды сұраймын.

      Отбасының құрамы: 1. _____________________________________________________

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туыстық дәрежесі)

      ЖСН___________________________________________

      Менде және менімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ жылғы "__" __________ _____________

      (қолы)

      Қосымша: 1.________________________ 2.________________________ __________________ (күні, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 23 маусымдағы
№ 381 қаулысына
3-қосымша
  Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйге мұқтаж
Қазақстан Республикасының
азаматтарын есепке
қою қағидаларына
3-қосымша

      Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеcінің атауы

      ____________________________

      азаматтан (ша)

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған

      кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі

Өтініш

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 75-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу үшін есепке қоюға бұрын берілген менің деректерімді не менің отбасы мүшелерімнің деректерін жаңартуды, өзгертуді немесе толықтыруды сұраймын:

      1. Өтініш берушінің ЖСН: ____________________________

      2. Отбасы мүшесінің ЖСН (деректері жаңартылатын):

      ________________________________________________________________

      3. Деректерді өзгерту, жаңарту не толықтыру себебі және растайтын құжат: ______________________________________

      Менде және менімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ жылғы "__" __________ _____________.

      (қолы)

      Қосымша: 1. ________________ 2. ________________ __________________________ (күні, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады