Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ескертпемен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы
2019 жылғы 11 қазанда Ашғабатта жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенция (бұдан әрі - Конвенция) мынадай ескертпемен ратификациялансын: "Қазақстан Республикасы Конвенцияның 2, 3 және 4-баптарында айтылған "заңды өкіл" термині Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық- процестік заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін "қорғаушы" термині ретінде түсінілетінін мәлімдейді".
Қазақстан Республикасының Президенті |