"Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 455 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Мамин

Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады