"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 шiлдедегi № 465 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      50-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "50-1) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор мен астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияның, қорғаныс мұқтаждарына, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің импортын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті ұйымның және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін мемлекет кепілдігімен берілген мемлекеттік емес қарызды өтеу көздерінің бірі республикалық және жергілікті бюджеттерден берілетін төлемақылар (төлемдер) болып табылатын басқа квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларының және (немесе) инвестициялық бағдарламаларының тізбесін бекіту;";

      81), 82), 83) және 84) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "81) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын және даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін әзірлеу;

      82) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін әзірлеу;

      83) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының және даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін әзірлеу;

      84) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін әзірлеу;";

      144) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "144) шағын кәсіпкерлік саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыруға бағытталған шараларды іске асыруға ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ оларды іске асыру;";

      221) тармақша алып тасталсын;

      248-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "248-2) кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырғаны туралы хабарламаны сараптама қорытындысын алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде сараптама кеңестеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберу;";

      253) тармақша алып тасталсын;

      254) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "254) шағын және орта кәсiпкерлiктiң Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің инновациялық, инвестициялық және индустриялық даму саласындағы құжаттарын iске асыруға қатысуы үшiн жағдайлар жасау;";

      257) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "257) тауарлардың өзара алмастырылу, оларды сатып алуға қолжетімділік өлшемшарттарын, сондай-ақ тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, қаржы ұйымдарына қатысты қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемелерді бекіту;";

      257-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "257-6) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту;";

      317) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "317) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындау;";

      324) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "324) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын келісу;";

      339-21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "339-21) тиісті кезеңге арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың және (немесе) инвестициялық бағдарламалардың тізбесін қалыптастыру;";

      339-72) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "339-72) квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларын әзірлеу;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады