"Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі 2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 509 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі 2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 307 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарда:

      реттік нөмірі 67-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

67.

"Тax free" және "kids go free" тетіктерін енгізу бөлігінде туристік қызметті жетілдіру жөніндегі заң жобасының шеңберінде заңнамалық түзетулер қабылдаудың орындылығын пысықтау

Үкіметке ақпарат

2020 жылғы желтоқсан

МСМ, Қаржымині, ҰЭМ

                                                                        ";

      реттік нөмірі 72-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

72.

Даму институттарының ("Даму" КДҚ" АҚ) өңдеу өнеркәсібі субъектілері үшін негізгі борыштың 85 %-інен аспайтын көлемінде кепілдіктер беруі

Үкіметке ақпарат

2020 жылғы
тамыз

ҰЭМ, ИИДМ, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша)

                                                                        ";

      реттік нөмірі 132-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 142-жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады