2020 жылғы 21 тамызда "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 530 қаулысы (бұдан әрі – қаулы) қабылданды.
Қаулы "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286 Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру үшін әзірленді.
Заңға сәйкес кейбір функциялар Қазақстан Республикасының Үкіметінен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету салаларындағы уәкілетті органдар деңгейіне берілді.
Осыған байланысты қаулы Үкіметтің:
– "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ-ның бағалы қағаздармен және басқа қаржы құралдарымен байланысты қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау туралы;
– Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу және олар бойынша өндіріп алу Қағидаларын бекіту;
– Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ережесін бекіту бойынша кейбір шешімдерінің күшін жою жөніндегі нормалар көздейді.