"Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" және "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін cыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 558 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҰАҒБО" КеАҚ) "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" және "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің (бұдан әрі – серіктестіктер) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің 100 (жүз) процентін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "ҰАҒБО" КеАҚ-мен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

      2) серіктестіктердің мемлекеттік жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2020 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 558 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы 400-2 және 400-3-жолдармен толықтырылсын:

      "400-2. "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      400-3. "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2019 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 26-27, 236-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      2. "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      3. "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады