"2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 587 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 21, 197-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. 2021 жылғы 1 – 30 қазан аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізілсін.

      2. Қоса беріліп отырған 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.";

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүктесін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2020 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 587 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 19 маусымдағы
№ 419 қаулысымен
бекітілген

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с№

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1.

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құру

бұйрық

ҰЭМ

2021 жылғы I – II тоқсандар

-

талап етілмейді

2.

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесу жөнінде өңірлік комиссиялар құру

әкімдердің өкімдері

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері

2021 жылғы I – II тоқсандар

-

талап етілмейді

3.

Санақ парақтарына, 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу бойынша әдіснамалық құралдарға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілерге өзгерістер енгізу

бұйрықтар

ҰЭМ, Қорғанысмині, Қаржымині, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша), СІМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері

2021 жылғы I – II тоқсандар

-

талап етілмейді

4.

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесін және шекараларын нақтылау, көше атауларын, квартал, үй және пәтер нөмірлерін ретке келтіру бойынша іс-шаралар өткізу, ПИК, ТҚК, басқарушы компаниялармен тұратын халық санын нақтылау бойынша жұмыстарды жүргізу

ҰЭМ-ге ақпарат

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері

2019 жылғы ІІІ – IV тоқсандар

бөлінген қаражат шегінде

жергілікті бюджет

5.

Жабдықтарды, ұйымдастыру техникасын, портативтік-есептеу құрылғыларын (планшеттер), бағдарламалық өнімдерді сатып алу, бағдарламалық қамтамасыз ету (е-Статистика) модульдерін пысықтау және басқалары

орындалған жұмыстар актісі

ҰЭМ, Қаржымині, ЦДҚАӨМ

2019 жылғы ІІІ – IV тоқсандар

081 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

6.

Картографиялық материалдарды (елді мекендердің карталарын және схемалық жоспарларын) дайындау, бекіту және ҰЭМ-ге ұсыну

бекітілген картографиялық материалдар

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері, АШМ

2020 жылғы І – ІІ тоқсандар

бөлінген қаражат шегінде

жергілікті бюджет

7.

Картографиялық материалдарды (елді мекендердің карталарын және схемалық жоспарларын) тираждау

картографиялық материалдар

ҰЭМ

2020 жылғы І – ІІ тоқсандар 2021 жылғы II – III тоқсандар

081 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

8.

Халық арасында 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу

роликтер, баннерлер, жарнама және басқалар

ҰЭМ, АҚДМ, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері

2020 жылғы ІІ тоқсан 2021 жылғы ІІ – IV тоқсандар

081 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер

9.

Санақ персоналын іріктеу және оқыту

бұйрық

ҰЭМ СК аумақтық органдары

2020 жылғы ІІ тоқсан 2021 жылғы ІІ – IV тоқсандар

081 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

10.

Санақ персоналын үй-жайлармен қамтамасыз ету

ҰЭМ-ге ақпарат

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері

2020 жылғы ІІ тоқсан 2021 жылғы ІІ – IV тоқсандар

081 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер

11.

Елді мекендердегі тұрғын үйлердің, ғимараттар мен тұрғын емес үй-жайлардың тізімін жасау

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰЭМ СК аумақтық органдары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері

2020 жылғы ІІ тоқсан 2021 жылғы ІІ – III тоқсандар

081 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

12.

Санақ құралдарын (анықтамаларды, түсіндірмелерді, санақ персоналының куәліктерін және басқаларды) тираждау

орындалған жұмыстар актісі

ҰЭМ

2020 жылғы I – II тоқсандар

081 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

13.

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу бойынша күнтізбелік жоспарды әзірлеу және бекіту

бұйрық

ҰЭМ

2020 жылғы IV тоқсан

-

талап етілмейді

14.

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру жоспарларын әзірлеу, бекіту және келісу

бұйрықтар

ҰЭМ

2021 жылғы III тоқсан

-

талап етілмейді

15.

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу, оның ішінде әскери бөлімдер аумақтарында және жабық әкімшілік-аумақтық бірліктерде тұратын әскери қызметшілер (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда) мен азаматтық халық; бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан және тергеу изоляторларында отырған адамдар; өзге де институционалдық бірліктерде емдеуде жүрген адамдар; қызметтік іссапармен немесе қызметтік міндеттерін орындауға байланысты елден тыс жерлерде, оқуда және өзге де себептермен жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда); әлеуметтік бейімделу немесе қамсыздандыру мекемелерінде тұратын және (немесе) орналасқан адамдар санағын жүргізу

2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы деректер базасын қалыптастыру

ҰЭМ, Қорғанысмині, Қаржымині, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша), СІМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері

2021 жылғы 1-30 қазан

081 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

16.

2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының деректер базасын өңдеу

2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының деректер базасы

ҰЭМ

2021 жылғы IV тоқсан, 2022 жыл

081 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

17.

2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының алдын ала қорытындыларын жариялау

қағаз және электрондық жеткізгіштердегі статистикалық жинақтар

ҰЭМ

2022 жылғы ІІ – IV тоқсандар

081 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

18.

2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы қорытындыларын жариялау

қағаз және электрондық жеткізгіштердегі статистикалық жинақтар

ҰЭМ

2023 жылғы І – IV тоқсандар

081 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

АҚДМ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;

АШМ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

БҒМ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

ДСМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі;

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

Қорғанысмині

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi;

СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

ҰҚК

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

СК

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті;

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

ІІМ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

ПИК

үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативі;

ТҚК

тұрғын үй-құрылыс кооперативі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады