1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге және 2017 жылғы 19 қыркүйекте Венада жасалған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасын дәйектеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 26 қыркүйектегі № 616 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге және 2017 жылғы 19 қыркүйекте Венада жасалған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевқа 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге және 2017 жылғы 19 қыркүйекте Венада жасалған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан дәйектеуге өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 616 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба



1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге және 2017 жылғы 19 қыркүйекте Венада жасалған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге хаттамаға өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1. 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1.1. Келісімнің 8-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап

      1. Осы Келісім:

      Қазақстан Республикасы іске асырылған төмен байытылған уранның толық құнын Ресей Федерациясының осыған байланысты шығындарын шегере отырып алғаннан кейін;

      осы Хаттаманың 3-бабында көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы іске асырылмаған бастапқы материал үлесі құнының ақшалай баламасын алғаннан кейін;

      Тараптар ядролық оқ-дәрілерден алынған плутонийді пайдалануға қатысты келісілген шешім қабылдағаннан кейін орындалған деп есептеледі.

      2. Тараптар дипломатиялық арналар арқылы осы Келісімнің қолданысын тоқтату күнін келіседі.".

      2. 2017 жылғы 19 қыркүйекте Венада жасалған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттамаға (бұдан әрі – Хаттама) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2.1. Хаттаманың 2-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тараптардың құзыретті органдары осы Хаттама шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін мынадай қазақстандық және ресейлік ұйымдарды (бұдан әрі – уәкілетті ұйымдар) тартады:

      қазақстандық уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      ресейлік уәкілетті ұйым – "Техснабэкспорт" акционерлік қоғамы.".

      2.2. Хаттаманың 3 және 4-баптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап

      1. Америка Құрама Штаттарынан Ресей Федерациясына ауыстырылған, іске асырылмаған бастапқы материалдың жалпы көлемі 2014 жылғы 1 қаңтарда уран бойынша 37 939 213 килограмды құрады.

      2. Қазақстан Республикасының іске асырылмаған бастапқы материалдағы үлесі 1995 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге Кәдеге жаратылатын ядролық оқ-дәрілер үшін өзара есеп айырысу мерзімі мен тәртібі туралы хаттамаға сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген санның 8,98 пайызы ретінде айқындалады және іске асырылмаған бастапқы материалдың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін іріктелген сынамаларды ескергенде 2014 жылғы 1 қаңтарда уран бойынша 3 406 783 киллограмды, соның ішінде Куәландырулар туралы келісім қолданылатын уран бойынша 2 654 194 киллограмды құрады.

      3. Қазақстан Республикасы Келісімнің 3-бабында көзделген құнның белгіленген үлесін алумен қатар осы Хаттаманың 3-бабының 2-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының үлесін құрайтын іске асырылмаған бастапқы материал құнының ақшалай баламасын алады.

      4. Ресей Федерациясы Үкіметінің шешімі бойынша Ресейдің құзыретті органы Қазақстан Республикасының үлесін құрайтын, іске асырылмаған бастапқы материалды ресейлік уәкілетті ұйымға береді, ол шарт негізінде 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтау құнын шегере отырып, Қазақстан Республикасының үлесін құрайтын құнының нарықтық баға белгіленімдері негізінде есептелген ақшалай баламасын қазақстандық уәкілетті ұйымға аударады.

      5. Қажет болған кезде Тараптардың құзыретті органдары осы баптың 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының үлесін құрайтын іске асырылмаған бастапқы материал құнының ақшалай баламасын Қазақстан Тарапының алғаны туралы дипломатиялық арналар арқылы Америка Құрама Штаттарының тиісті органын жазбаша түрде хабардар етеді.

      4-бап

      1. Қазақстан Республикасының үлесін құрайтын, іске асырылмаған бастапқы материалды сақтау 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін Келісімнің 3-бабында көзделгендей, сатылған уранның әрбір партиясының құнында Қазақстан Республикасының белгіленген үлесі есебінен жүзеге асырылып келді.

      2. Қазақстан Республикасының үлесін құрайтын, іске асырылмаған бастапқы материалды 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтау құны уәкілетті ұйымдар арасындағы шартта іске асырылмаған бастапқы материал құнының аударылатын ақшалай баламасы ретінде ескерілетін болады.".

      2.3. Хаттаманың 5-бабы алып тасталсын.

      2.4. Хаттаманың 8-бабының 3-тармағы алып тасталсын.

2-бап

      1. Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 60 күн өткен соң уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.

      2. Осы Хаттама қолданысын Келісім қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады.

      20 ___ жылғы "___" ________ _______ әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей ФедерациясыныңҮкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады