Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-кұжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-1, 19-11, 96-құжат; № 21, 122-кұжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-1, 100-құжат, № 19-11, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 20-VII, 117-құжат; № 21-1, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-1, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-11, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-1, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-қркат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-111, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-кұжаттар; № 16, 55-кұжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-кұжаттар; № 8, 45-құжат):
1) мазмұнында:
65-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"65-1-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері";
мынадай мазмұндағы 70-1 және 89-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
"70-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв";
"89-1-бап. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан карыз алушылардың шоттары";
92-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"92-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу";
мынадай мазмұндағы 116-1 және 117-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
"116-1-бап. Шоттардың бірыңғай жоспары";
"117-1-бап. Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілік";
2) 3-баптың 1-тармағында 30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"30) инвестициялық ұсыныс - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсатқа қол жеткізу үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, мақсатқа қол жеткізу жолдары мен ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін тұжырымдамалық ұсыныс;";
3) 4-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) уақтылылық қағидаты - республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есепке жатқызу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Үкіметтің, Жәбірленушілерге өтемақы қорының шоттарына аудару, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттеріне түсімдерді есепке жатқызу және бөлу, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жүргізу және Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, мерзімінде бюджет қаражатын бюджет қаражатын алушылардың шоттарына аудару;";
4) 5-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген ережелер жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттар шешімдеріне, сондай-ақ оларды іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.";
6-тармақ алып тасталсын;
5) 19-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын құқықтық актілерімен ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлем шегінде жүзеге асырылады.";
6) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кезекті қаржы жылында облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте олардың бюджеттерін кредиттеу үшін резерв көзделеді.
Кезекті қаржы жылында аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, кезекті қаржы жылына арналған облыстық бюджетте олардың бюджеттерін кредиттеу үшін резерв көзделеді.
Кезекті қаржы жылында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, кезекті қаржы жылына арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте олардың бюджеттерін кредиттеу үшін резерв көзделеді.
Кезекті қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, қарыз алу қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін және республикалық немесе жергілікті бюджеттерді нақтылауды талап етпейді.";
7) 24-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт мұнайға есептік баға кезінде мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына болжанатын түсімдердің көлемінен аспайтын мөлшерде жоспарланады.
Мұнайға есептік бағаны айқындау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайды.
Мұнайға есептік баға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тиісті жоспарлы кезеңге арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңмен белгіленеді.";
8) 32-баптың 4-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4-1. Бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландырудың жылдық көлемін өзгертпей, мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдардың келісімінсіз немесе осы Кодекстің 85-бабы 9-тармағының екінші бөлігінде, 9-1, 9-3-тармақтарында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша өзгерістер енгізіледі.";
9) 39-2-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданған аудиторлық қорытындыға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға пайдаланылмаған шығыстар сомасы нысаналы аударым шеңберінде үш ай ішінде республикалық бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.";
10) 44-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді жергілікті атқарушы органдар, осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес төмен тұрған бюджеттер кірістерінің шығындарын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоспағанда, тиісті бюджеттік бағдарламаларда айқындалған олардың нысаналы мақсатына сәйкес қана пайдаланады.
Осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес төмен тұрған бюджеттер кірістерінің шығындарын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер төмен тұрған бюджеттердің түсімдерінде ғана көрсетіледі.";
11) 45-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешімімен - аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің арасында жылдар және төмен тұрған бюджеттер шығыстарының бағыттары бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге абсолюттік мәнде белгіленеді.";
4-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4-2. Бюджеттің атқарылуы барысында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең аз көлемін айқындаған тиісті саланың (аяның) уәкілетті органымен келісу бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең аз көлемі белгіленген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаражатты шығыстардың басқа бағыттарына қайта бөлуге құқылы.";
12) 49-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар және бірыңғай қазынашылық шоттағы күн сайынғы ақша қаражатының қалдығына есептелген сыйақылар;";
13) 53-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік орган санының лимиттерін қысқартқан кезінде штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген, мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражат мөлшері мемлекеттік органдарда тиісті және кейінгі жылдарда сақталады.";
14) 57-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бюджеттік комиссия бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді және бюджетті нақтылау, түзету және атқару жөніндегі ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2. Республикалық бюджеттік комиссия, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ведомстволық бюджеттік комиссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары ведомстволық бюджеттік комиссиялар құрады, олар туралы ережені бекітеді, олардың құрамын айқындайды.";
15) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"58-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті
1. Республикалық бюджеттік комиссияның, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік комиссияларының құзыретіне:
1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының басым мақсаттары және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобалары немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
5) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) бюджеттерді нақтылау жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
7) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
8) бюджеттерді түзету жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
9) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктер кіреді.
2. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ведомстволық бюджеттік комиссиясының құзыретіне:
1) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасы немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулардың жобасы, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік өтінімі және оған есеп айырысулар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) Бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) осы Кодексте, сондай-ақ ведомстволық бюджеттік комиссия туралы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктер кіреді.";
16) 61-бапта:
1-1-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшада:
үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын;
бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын;";
2) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдыктарын;";
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының параметрлері ескеріле отырып әзірленеді.";
17) 61-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде ұсынады.";
18) 62-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар республикалық бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады, Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған немесе республикалық бюджетті түзету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде бекітіледі және Қазақстан Республикасының зацнамасына сәйкес мемлекеттік құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ағымдағы қаржы жылының үшінші тоқсанынан кешіктіріліп бюджеттік қаражаттың күтілетін игерілмеуіне байланысты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарын азайтуды көздейтін республикалық бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларының мәндері өзгертілуге жатпайды.";
19) 65-1 -бап мынадай редакцияда жазылсын:
"65-1-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері
1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.
2. Стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері Республикалық бюджеттік комиссияның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларына ұсыныстары, стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, өткен жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау ескеріле отырып, стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларының негізінде айқындалады.
Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік орган туралы ережеде айкындалған өкілеттіктер, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, бұдан бұрынғы жылдың бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау негізінде айқындалады.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері аумақтарды дамыту бағдарламалары және мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер негізінде айқындалады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары лимитінің құрамында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың ағымдағы әкімшілік шығыстарының лимитін айқындайды.
Шығыстар лимиттері бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін айқындалады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері тиісті бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып айқындалады.
Тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып айқындалған лимиттер ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарына жеткізіледі.
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";
20) 66-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін:
ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ведомстволық бюджеттік комиссия мақұлдаған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалар жобаларын;
стратегиялық жоспарлар жобаларының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін қаржылық қажеттілік есебін;
ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсыныстары бар стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
2. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 2-1 -тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қоспағанда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.";
21) 67-бапта:
1-1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Бюджеттік өтінім бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары лимиттерінің негізінде және шегінде жасалады.";
"3. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестицияларга және мемлекеттік- жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.";
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстарды ұлғайту жөніндегі жаңа бастамаларына шығыстарын жоспарлау бұдан бұрынғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебінен жүзеге асырылады.";
6-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік органдардың осы Кодекстің 65-1-бабы 2-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес лимиттері айқындалған мемлекеттік органдардың ағымдағы әкімшілік шығыстарын және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша базалық шығыстарды қоспағанда, мәлімделген қаржыландырудың бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпалын сипаттай отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің әрбір бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстардың түрлері бойынша есеп-қисаптар;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) мәлімделетін шығыстардан бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға экономикалық тиімділікті бағалау кіреді.
Мәлімделетін шығыстардан бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға экономикалық тиімділік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Бюджеттік субсидиялардан экономикалық тиімділік бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар бекіткен тәртіппен айқындалады.";
22) 68-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету, нысаналы индикаторларға қол жеткізу дәрежесі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері тұрғысынан;
2) стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалар нәтижелері көрсеткіштерінің стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелер керсеткіштеріне қол жеткізілу дәрежесі тұрғысынан қарайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жібереді.
Стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындының нысанын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып пысықтайды және осы Кодекстің 66-бабының 1-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.
2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік- экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және бюджеттік бағдарламалар жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры да пайдаланылады;
2) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін стратегиялық жоспардың мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан;
3) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген материалдарды қарау қорытындысы бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары мен Республикалық бюджет комиссиясының стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінін бюджеттік өтінімі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға қарау үшін жіберіледі, ол оған қорытынды дайындайды және оған өзгерістер енгізбей, республикалық бюджет жобасына қосады.";
5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді;";
23) 69-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қолданыстағы заттай нормаларға ағымдағы қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.";
24) мынадай мазмұндағы 70-1-баппен толықтырылсын:
"70-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв
1. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да бастамаларын қаржыландыру үшін жоспарлы кезеңнің бірінші жылына арналған республикалық бюджеттің құрамында қалыптастырылады.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв кезекті каржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарының жоспарланатын көлемінен екі процентке дейінгі мөлшерде жоспарланады.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілік ететін жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";
25) 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв мөлшері;";
26) 74-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді тұрақтылығы туралы талдамалық есепті;";
2) 2-1) және 3-2) тармақшалар алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны қамтитын ақпаратты ұсынады.
Түсіндірме жазбаға Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау шеңберінде енгізілген ұсынымдарын ескеру туралы ақпарат та енгізіледі.
Түсіндірме жазбаға бюджеттік инвестициялар тізбесі, оның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар бөлінісінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға бағытталған инвестициялар тізбесі қоса беріледі.";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысының қолы қойылған мыналарды:
стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
мәлімделетін шығыстардан бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларга экономикалық тиімділікті бағалауды бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қамтитын құжаттарына мыналарды:
ағымдағы жағдайдың, бар проблемалардың қысқаша сипаттамасын; жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланатын нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалар мақсаттарының және бюджеттік бағдарламалардың жоспарланатын түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсаудың бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалардың орындалуының және есепті екі қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің сипаттамасын, сондай-ақ жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражаты көлемінің алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бюджет қаражаты көлемінен ауытқуы туралы мәліметтерді (себептерін, салдарын);
республикалық бюджет жобасында жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және (немесе) бюджеттік кредиттер беруге бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есепті екі қаржы жылындағы қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері туралы мәліметтерді;
алдыңғы қаржы жылдарында республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінген және пайдаланылған шығыстар көрсетіле отырып, жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазбаны ұсынады.";
27) 75-бапта:
1-тармақтың төртінші бөлігінде:
2-1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысының қолы қойылған мыналарды:
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қамтитын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің құжаттарын; мыналарды:
есепті қаржы жылындағы кол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;
ағымдағы жағдайдың, бар проблемалардың қысқаша сипаттамасын; жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланатын нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалар мақсаттарының және бюджеттік бағдарламалардың жоспарланатын түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсаудың бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын түсіндірме жазбаны ұсынады.";
28) 79-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
"1-2) республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін өңірлер шығыстары бағыттарының белінісінде бюджеттік субвенцияларды бөлу;";
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
"1-2) жоғары тұрған бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін өңірлер шығыстары бағыттарының бөлінісінде бюджеттік субвенцияларды бөлу;";
29) 85-баптың 9-3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бюджет комиссиясында қарамай, бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаның бір бюджеттік даму кіші бағдарламасы шегінде бюджеттік инвестициялық жобалар арасында;";
30) 88-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
"13) бюджеттік ақшаны есепке жатқызуға және оны мемлекеттік бағдарламаларды қаржылай және (немесе) қаржылай емес қолдауды жүзеге асыру үшін пайдалануға (бұдан әрі - қаржылай және (немесе) қаржылай емес қолдау операторларының шоты);
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен берілген қарыз шарттарына сәйкес мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын есепке жатқызуға және жұмсауға;
15) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген агент және қарыз алушылар арасында жасалатын мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге (бұдан әрі - ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоты) сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге және өтеуге арналған ақшаны есепке жатқызуға және қарыз алушылардың жұмсауына байланысты операцияларды есепке алуға арналады.";
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналы қаржыландырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары бойынша түсетін түсімдер мен жүргізілген төлемдер бойынша операциялар мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.";
31) 17-тарау мынадай мазмұндағы 89-1-баппен толықтырылсын:
"89-1-бап. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттары
1. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың мынадай шоттары:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қарыз шарттарына сәйкес қарыз алушының мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын есепке жатқызуы және жұмсауы үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда валюта түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындағы мемлекет кепілдік берген қарыз шоты;
2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген агент пен қарыз алушы арасында жасалатын мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсету және өтеу жөніндегі операцияларды қарыз алушылардың жүргізуі үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда валюта түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындагы қызмет көрсету шоты болуы мүмкін.
2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекет кепілдік берген карызды тартқан қарыз алушылардың шоттарын ашу, жүргізу және жабу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады.";
32) 90-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді;";
33) 91-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мекемелердің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдағы шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау және есепке жатқызу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";
34) 92-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"92-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу
1. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында белуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жұмыс күні осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.
2. Түсімдерді бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін, бюджет түсімдерін бюджеттердіц деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арасында бөлу кестесінің, облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында кірістерді бөлу нормативтерінің, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдарының тізбесі негізінде жүзеге асырылады.";
35) 93-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"93-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертті тарту
"1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген тәртіппен:
1) республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша болжам және республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдықтары негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген оның көлемі шеңберінде кепілдік берілген трансферттің қажетті сомасын айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферта аудару туралы тиісті өтінімді жібереді.
2. Есепті қаржы жылының қорытындысы бойынша кепілдік берілген трансферт пайдаланылмаған немесе толық пайдаланылмаған жағдайларда кезекті қаржы жылындағы кепілдік берілген трансферт сомасы осы сомаға азайтылады.";
36) 96-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін шетел валютасында тіркеу үшін шарт сомасы шетел валютасында келтіріледі, тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тіркеу күні Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша жүргізіледі.";
37) 97-бапта:
1, 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер бойынша төлемдері төлеуге берілетін шоттар негізінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың, қаржылай және (немесе) қаржылай емес қолдау операторларының төлемдері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмаларының негізінде жүзеге асырылады.
2. Республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген мемлекеттің мекеменің төлеуге берілетін шоты және квазимемлекеттік сектор субъектісінің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының, қаржылай және (немесе) қаржылай емес қолдау операторларының төлем тапсырмасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі үшін ақша алушының пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға негіз болып табылатын құжаттарды білдіреді.
3. Мемлекеттік мекемелердің төлемдері мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қалдықтар шегінде, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жоспарлы мақсаттар сомалары және шартты тіркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегінде жүргізіледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік субсидияларды аударуы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері айқындаған рәсімдерге сәйкес ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде төлемнің негізділігін растайтын құжаттар негізінде бюджеттік субсидияларды түпкілікті алушыларға жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылай және (немесе) қаржылай емес қолдау операторларына аударуы төлемнің қаржылық-экономикалық негіздемеге немесе техникалық-экономикалық негіздемеге (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес негізділігін растайтын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттың өзге де түрінің негізінде, оларда ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылай және (немесе) қаржылай емес қолдау операторларының төлемдері мен ақша аударымдары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы және қаржылай және (немесе) қаржылай емес қолдау операторларының шоттарындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.
Ағымдағы жылы жарғылық капиталды қалыптастыруға (толтыруға) бөлінген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылай және (немесе) қаржылай емес қолдау операторларының шоттарындағы және есепті кезеңнің соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылай және (немесе) қаржылай емес қолдау операторларының ағымдағы жылы пайдаланылмаған қаражаты болып табылады және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына жатады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, ағымдағы шоттарындағы олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша бюджет қаражатын үнемдеу түрінде қалыптасқан пайдаланылмаған қалдықтар:
қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен бюджеттік инвестициялардың ағымдағы қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіп және (немесе) жаңасын әзірлей отырып, жаңа және (немесе) ағымдағы жобаны (жобаларды) іске асыруға бағыттау;
егер үнемдеу сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, үнемделген қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқару органының (құрылтайшының) шешімі бойынша жобаның қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізбестен, даму мақсаттарына (жаңғыртуға, активтер сатып алуға) қолдану арқылы пайдаланылуы мүмкін.
Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындысы бойынша бюджет қаражатын үнемдеу түрінде пайда болған қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті органының шешімі бойынша бюджетке қайтарылуы мүмкін.
Егер квазимемлекеттік сектор субъектісі алдыңғы бюджеттік инвестициялардың қорытындысы бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы үнемдеу қаражатын пайдаланбаған және (немесе) үнемдеу қаражатын бюджетке қайтармаған жағдайларда, жаңа мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған заңды тұлғалардын жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы үнемдеу сомасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есептелген тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуден түскен қаражат тиісті бюджеттің кірісіне аударылуға жатады.";
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
"3-2. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың төлемдері мен ақша аударымдары мемлекет кепілдік берген қарыз шоттарындағы және қызмет көрсету шоттарындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.";
5-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және (немесе) қаржылай емес қолдау операторларының төлемдерін жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол:";
6-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі, объектілерді салуға байланысты инвестициялық жобаны іске асыратын бас мердігер мен қосалқы мердігер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар және қаржылық және (немесе) қаржылай емес қолдау операторы:";
38) 99-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік мекемелер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің пайдасына шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Валюталардың түрлері бойынша шетел валютасын айырбастау Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен айырбасталатын күнгі Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады.";
"3. Мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы айырбастау, қайта айырбастау жөніндегі операцияларды ресімдеу кезінде деректемелердің дұрыстығын және төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асырудың негізділігін қамтамасыз етеді.";
39) 104-баптың 4-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-1) аяқталу мерзімі осы Кодекстің 157-бабының 1, 1-1 және 2-тармақтарында және 159-бабының 1 -1-тармағында көрсетілген бекітілген құжаттамаға сәйкес бюджеттік инвестицияларды іске асыру кезеңіне сәйкес келетін бюджеттік инвестицияларды одан әрі қаржыландыруға;";
40) 107-баптың 1-1 және 1-2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық бюджетті нақтылаулар:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру қажет болған;
2) осы Кодекстің 10-бабының 4-тармағында, 20-бабының 5-тармағында, 106-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
1-2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысы бойынша республикалық бюджетті нақтылау ағымдағы қаржы жылы ішінде бір рет:
1) республикалық бюджеттің түсімдері ағымдағы қаржы жылында олардың жылдық бекітілген көлемінен он пайыздан астам сомаға кеміген немесе ұлғайған;
2) республикалық бюджеттің шығыстары ағымдағы қаржы жылында олардың бекітілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға күтілетін игерілмеген жағдайларда жүзеге асырылады.";
41) 111-баптың 2-тармағының 3-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-2) Республикалық бюджет комисссиясында міндетті түрде қарай отырып, бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде, қарыздардың, гранттардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражат республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары арасында ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің шығыстары бойынша қаражатты он пайыздан астам көлемде қайта бөлуге жол беріледі;";
42) 112-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын мониторингілеу, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде алынған бюджет қаражатын пайдалану нәтижелері туралы есептер береді.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік даму бағдарламалары бойынша түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мониторингін жобалар аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде жүргізуге тиіс.";
43) 22-тарау мынадай мазмұндағы 116-1 -баппен толықтырылсын:
"116-1- бап. Шоттардың бірыңғай жоспары
1. Шоттардың бірыңғай жоспары- мемлекеттік, экономикалық және қаржылық қызметті қамтуды көздейтін бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, бірыңғай бюджеттік сыныптама шоттарын кодтау.
2. Шоттардың бірыңғай жоспарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.";
44) мынадай мазмұндағы 117-1-баппен толықтырылсын:
"117-1-бап. Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілік
1. Бухгалтерлік есеп деректеріне негізделген мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің берешегінің жай-күйін мониторингілеу үшін есептердің мынадай түрлері: дебиторлық берешек туралы есеп; кредиторлық берешек туралы есеп;
ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туралы есеп жасалады.
2. Дебиторлық және кредиторлық берешек туралы есептер және ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туралы есеп тоқсан сайын қаржылық есептілік құрамында жасалады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген есептілікті жасау және ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";
45) 124-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшада:
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Жәбірленушілерге өтемақы қоры бойынша түсімдер мен сомалардың жұмсалуы туралы есепті;";
төртінші және бесінші абзацтар алып тасталсын;
2) тармақшаның бесінші және алтыншы абзацтары алып тасталсын;
3) тармақшаның сегізінші және тоғызыншы абзацтары алып тасталсын;
3-1) тармақша алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.";
46) 127-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жүргізілген бюджеттік мониторинг және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру туралы есептер және есепті қаржы жылының нәтижелерін бағалау негізінде түсімдер, шығыстар бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептен тұрады.
Республикалық бюджеттің шығыстары жөніндегі талдамалық есепте бюджет қаражатымен және бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерімен өзара байланыста мемлекеттік органның стратегиялық жоспары мақсаттарының іске асырылуы және нысаналы индикаторларына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат камтылады.
Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша талдамалық ақпарат нәтижелер көрсеткіштерін көрсетіле отырып бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі.
Республикалық бюджеттің шығыстары жөніндегі талдамалық есеп бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде жасалады;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Түсіндірме жазба елдегі экономикалық ахуал және республиканың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.";
47) 128-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Парламентінің тұрақты комитеттері республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу туралы және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер жөніндегі баяндамаларын тыңдайды.";
48) 129-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.";
2-тармактың 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жүргізілген бюджеттік мониторинг, нәтижелерді бағалау, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы есептің негізінде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.";
49) 131-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.";
2-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жүргізілген бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау, ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы есептің негізінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.";
50) 151-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында айқындалған бағыттарды, мақсаттарды, міндеттер мен ережелерді іске асыру, заңдармен заңнамалық актілер нормаларын орындау шеңберінде, инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік- жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы қорытындының негізінде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін мемлекеттік органдардың мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлауы заңдар мен заңнамалық актілер нормаларын орындау және (немесе) олар әзірлеген даму жоспарларының шеңберінде, инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы қорытындының негізінде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
"15. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айқындайды.";
51) 153-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бюджеттік процесті жетілдіру мақсатында орталық мемлекеттік органдар құрылысы үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша болжанатын, техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын денсаулық сактау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларында объектілер салу жөніндегі қолданыстағы бюджет заңнамасында белгіленген мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мен іске асырудың өзге тәртібін кездейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (енгізуді) жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте мұндай жобаларды жоспарлау тәртібін мемлекеттік және бюджетгік жоспарлау жөніндегі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісім бойынша пилоттық жобаларды іске асыруға (енгізуге) бастамашылық жасаған орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және бекітеді.";
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4-1. Үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды қоса қаржыландыру болжанатын жобаларды қоспағанда, ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды көздейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.";
52) 157-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды қоса қаржыландыру болжанатын жобаларды қоспағанда, ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар инвестициялық ұсыныстарға және бекітілген техникалық тапсырмаларға сәйкес іске асырылады.";
53) 174-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бюджеттік кредиттеу субъектілерінің құқықтары мен міндеттері осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес кредиттік шарттарда және (немесе) тапсырма шартында айқындалады.";
54) 178-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған талаптармен берілетін бюджеттік кредиттің соңғы алушысы түпкілікті қарыз алушы болып табылады.";
55) 180-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) негізгі борышты төлеу басталатын күн.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бюджеттік кредиттің негізгі талаптары кредитордың шешімімен белгіленеді.";
56) 183-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету құны өтеу графигіне сәйкес негізгі борышты бірінші жоспарлы өтеуге дейін есептелетін сыйақы сомасы ескеріле отырып, бюджеттік кредит мөлшерінен кем болмауға тиіс.";
57) 192-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бюджеттік кредитті өтеу есебінен мемлекеттік меншікке айналдырылатын мүлікке бағалау жүргізуге арналған шығыстар қарыз алушының қаражаты есебінен төленеді.";
58) 193-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) толық немесе ішінара есептен шығару арқылы жүзеге асырылады.";
59) 202-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші белікпен толықтырылсын:
"Жергілікті атқарушы органдардың заңды тұлғалар қабылдайтын борыштық міндеттемелер бойынша оларға қаржылық қолдау көрсету жөніндегі кез келген түрдегі және кез келген нысандағы міндеттермелерді үшінші тұлғалар үшін қабылдауына жол берілмейді.";
60) 203-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
61) 206-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2-2. Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобаны немесе институционалдық жобаны тиімсіз іске асырумен байланысты емес себептер бойынша қарыз қаражаты игерілмеген жағдайларды қоспағанда, карыз шартында белгіленген мерзімде қарыз қаражатының игерілмегені үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірінші басшысы немесе қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобаны немесе институционалдық жобаны іске асыруға жауапты оның орынбасары жауаптылықта болады.".
2. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат):
45-баптың 5-тармағының бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қаржылай қамтамасыз етілуін айқындау бойынша келісу негізінде іске асыруға жоспарланатын ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекітеді.".
3. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 20, 96-құжат);
1-баптың 1-тармағы 21) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген мерзімде болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.".
2-бап. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының оныншы абзацын, 7) және 43) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |