Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.03.2022 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретке және папиростарға:
1) 2020 жылғы 1 қазаннан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін төрт жүз жетпіс теңге;
2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін бес жүз теңге;
3) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін бес жүз жиырма теңге;
4) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін бес жүз елу теңге;
5) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін бес жүз жетпіс теңге;
6) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алты жүз теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |