Ақмола облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 647 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Ақмола облысының мынадай білім беру ұйымдарына:

      1) Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абайдың есімі;

      2) Көкшетау қаласы білім бөлімінің "ІТ мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әл-Фарабидің есімі берілсін.

      2. Ақмола облысы Степногорск қаласының мынадай білім беру ұйымдары:

      1) Степногорск қаласының білім бөлімінің "Н. Островский атындағы № 1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Степногорск қаласы білім бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы № 1 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Степногорск қаласының білім бөлімінің "А.М. Горький № 2 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Степногорск қаласы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) Степногорск қаласының білім бөлімінің "А.П. Гайдар атындағы № 8 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Степногорск қаласы білім бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы № 8 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) Степногорск қаласының білім бөлімінің "А. Косарев атындағы № 9 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Степногорск қаласы білім бөлімінің "Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады