Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-11, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-IIІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-1, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-1, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65- құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-Ш, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41- құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар, № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 23 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) мазмұнында:
325-баптың тақырыбы алып тасталсын;
326-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"326-бап. Экологиялык рұқсаттың шарттарын орындамау
327-баптың тақырыбы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 327-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
"327-1-бап. Экологиялық заңнамада көзделген міндетті мәліметтерді беру туралы талаптарды бұзу
мынадай мазмұндағы 327-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
"327-2-бап. Экологиялық залалды өткізбеу немесе ремедиациялаудан (жоюдан) жалтару";
328, 331, 334-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"328-бап. Қоршаған ортаға антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу";
"331-бап. Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу";
"334-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден (техникалық нормативтерден) асып кететін автомотокөлік және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану";
335-баптың тақырыбы алып тасталсын;
336-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"336-бап. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау";
мынадай мазмұндағы 343-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
"343-1-бап. Қазақстан Республикасының метеорологиялық мониторинг саласындағы заңнамасын бұзу;
344-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"344-бап. Қалдықтармен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды бұзу";
351-баптың тақырыбы алып тасталсын;
397-баптың тақырыбы алып тасталсын;
399-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"399-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды, қызметтер көрсету кезіндегі бұзушылықтар";
2) 32-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режимді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы туралы заңнамасын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын, жол жүру қағидаларын, қызмет орнынан тыс жердегі кеден қағидаларын, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының бюджет және салық заңнамасын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын, аң аулау, балық аулау қағидаларын, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғау, экологиялық заңнаманың басқа да қағидалары мен нормаларын бұзғаны үшін осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдар жалпы негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықта болады. Аталған адамдарға атыс және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жазалар қолдануға болмайды.";
3) 44-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем ставкаларының сомасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан алынған экономикалық пайда сомасы;";
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) жер қойнауының ресурстарына мемлекеттік меншік құқығын бұзу нәтижесінде келтірілген залалдың сомалары;";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы баптың бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген айыппұл осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген айыппұлдардың белгіленген мөлшерінен асатын немесе одан аз мөлшерде белгіленуі мүмкін.";
4) 57-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Кодекстің 61-бабында көзделген мерзім ішінде тұлға әкімшілік жазаға тартылған адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты қайталап жасауы;";
5) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"61-бап. Тұлға әкімшілік жазаға тартылды деп есептелетін мерзім
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған адам әкімшілік жазаны орындау аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері жасаған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша үш жыл ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі.";
6) 62-бапта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа, адам - әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі ай өткеннен кейін, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын бұзғаны үшін оны жасаған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
2. Жеке тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, қоршаған ортаны қорғау, бәсекелестікті қорғау саласында, кеден ісі саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы, мемлекеттік құпиялар туралы, табиғи монополиялар туралы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, ал заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасы саласында, сондай-ақ жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін - оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін, ал салық салу, Қоршаған ортаны қорғау, бәсекелестікті қорғау саласындағы, кеден ісі саласындағы, Қазакстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, табиғи монополиялар туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылығы үшін оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.";
7) 139-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмілелер жасау -
келтірілген залалдың жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттары тәркілене отырып, келтірілген залалдың екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе. Осы бапта көзделген әкімшілік құқық бұзуды жасау нәтижесінде мемлекетке келтірілген нұқсан деп заңсыз алынған жер қойнауы ресурстарының нарықтық құны танылады.";
8) 324-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың нормаларын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
9) 325-бап алып тасталсын:
10) 326-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"326-бап. Экологиялық рұқсаттың шарттарын орындамау
"1. Экологиялық рұқсат шарттарын орындамау -
лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне. - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін үш жыл ішінде -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, экологиялық залал келтірумен ұштасқан әрекеттер -
экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата отырып немесе оны болдырмай, лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы - экологиялық рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
Ескертпе.
1. Осы бапта көзделген экологиялық рұқсат шарттарын бұзғаны үшін жауаптылық, экологиялық рұқсаттың жекелеген шарттарын бұзғаны үшін осы тараудың басқа баптарында әкімшілік жауаптылық көзделмеген жағдайларда туындайды.
2. Егер экологиялық рұқсат бірнеше объектіге берілсе, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген рұқсаттың қолданылуы бұзушылық жойылмаған объекті бойынша тоқтатылады.";
11) 327-бап алып тасталсын:
12) мынадай мазмұндағы 327-1-баппен толықтырылсын:
"327-1-бап. Экологиялық заңнамада көзделген міндетті мәліметтерді ұсыну туралы талаптарды бұзу
1. Қазақстан Республикасының Экологиялық заңнамасында көзделген есептілікті немесе өзге міндетті мәліметтерді және ақпаратты ұсынбау, толық емес немесе уақтылы ұсынбау -
жеке тұлғаларға жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, нақ сол есептілікке қатысты қайталап жасалған немесе әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде ақпарат беруге міндетті, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін үш жыл ішінде қайталап жасалған не қоршаған ортаға ластаушы заттардың өндірістік нормативтен тыс эмиссиялары мен қалдықтарды жинақтау немесе көму лимиттерінің артуымен және қоршаған ортаға басқа да зиянды әсерлермен байланысты әрекеттер -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасыныц экологиялық заңнамасында көзделген дұрыс емес есептілікті немесе міндетті мәліметтер мен ақпаратты қасақана ұсыну -
жеке тұлғаларға бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік керсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, бір жыл ішінде қайталап, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін үш жыл ішінде қайталап жасалған не экологиялық рұқсатты бұзумен немесе қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндетті іс-шараларды орындамаумен байланысты әрекеттер -
жеке тұлғаларға - екі жүз мөлшерінде, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сегіз жүз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың жүз айлық есептік көрсеткіш мелшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
13) мынадай мазмұндағы 327-2-баппен толықтырылсын:
"327-2-бап. Экологиялық залалды ремедиациялаудан (жоюдан) өткізбеу немесе жалтару
Келтірілген экологиялық залалды ремедиациялаудан (жоюдан) өткізбеу, тиісті түрде өткізбеу немесе жалтару -
тиісті экологиялық рұқсаттың немесе қызметтің тоқтату арқылы, бұзушылықтан алынған экономикалық пайданың жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
14) 328-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"328-бап. Қоршаған ортаға рұқсат етілген антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу
1. Шығарындылардың технологиялық нормативтерінің, төгінділердің технологиялық нормативтерінің, эмиссиялардың технологиялық үлестік нормативтерінің немесе қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің асып кетуі, экологиялық рұқсатта көрсетілмеген көздерден эмиссияларды жүзеге асыру, сол сияқты қоршаған ортаға зиянды әсер ететін жұмыс істеп тұрған объектіге жаңадан берілген экологиялық рұқсат болмаған кезде эмиссияларды жүзеге асыру -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға ластаушы заттардың асып кеткен мөлшеріне қатысты қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемнің тиісті мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, эмиссиялардың сол кезінде бір жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін үш жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
қоршаған ортаға ластаушы заттар эмиссиясының тиісті көзін немесе өндірістік учаскені пайдалануға экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға ластаушы заттардың асып кеткен мөлшеріне қатысты қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемнің тиісті мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін тиісті объект үшін оны алу міндетті болған кезде қоршаған ортаға антропогендік әсер етуді жүзеге асыру, экологиялық рұқсат болмаған кезде жүзеге асыру не қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсынбау - үш жылға дейінгі мерзімге қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бұзушылықтан алынған экономикалық пайда сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қоршаған ортаға әсер ету туралы дұрыс емес декларация беру -
қызметті тоқтата отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Қалдықтарды жинақтау немесе көму лимиттерін бұзу - белгіленген лимиттен жоғары жинақталған немесе көмілген қалдықтар санына қатысты қалдықтарды кему үшін төлемақы мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, қалдықтарды жинақтау немесе көму объектісінде бір жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін үш жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, белгіленген лимиттен жоғары жинақталған немесе көмілген қалдықтар санына қатысты қалдықтарды көму үшін төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Қалдықтардың жинақталу мерзімдерін бұзу -
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген мсрзімнен тыс әрбір күн үшін жинақталған қалдықтардың мөлшеріне қатысты қалдықтарды көму үшін төлемақы мөлшерлемесінің жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу кезінде пайда болатын, күкірт карталарындағы ашық түрдегі күкіртті орналастыру лимиттерін бұзу -
белгіленген лимиттен асып кеткен ашық түрде орналастырылған күкірт массасына қатысты төлем мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшеріндегі айыппұлға әкеп соғады.
9. Экологиялық рұқсатсыз, көмірсутектерге барлау және өндіру жүргізу кезінде пайда болатын, күкірт карталарында ашық түрде күкіртті орналастыру -
экологиялық рұқсат жоқ кезде, ашық түрде орналастырылған күкірт массасына қатысты төлем мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшеріндегі айыппұлға әкеп соғады.
10. Табиғи ортаға шекті рұқсат етілген нормативтерді бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
Осы баптың бірінші және екінші бөлігінің мақсаттары үшін салық заңнамасында тиісті төлемақы мөлшерлемесі белгіленбеген ластаушы заттардың шығарындылары немесе төгінділері бойынша әкімшілік өндіріп алу сомасын айқындау кезінде ластаушы заттардың шығарындылары кезінде бір тонна үшін елу айлық есептік көрсеткішке және ластаушы заттардың төгінділері кезінде бір тонна үшін екі жүз айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерлемесі танылады.";
15) 331-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"331-бап. Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын және сарқынды сулардың төгілуін бақылау және тазалау үшін құрылыстарды немесе жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзу, ақаулы құрылыстарды немесе жабдықтарды пайдалану немесе пайдаланбау -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, сол құрылысқа, жабдыққа немесе эмиссия кезіне қатысты бір жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін үш жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
қоршаған ортаға ластаушы заттар эмиссиясының көзіне немесе өндірістік учаскеге қатысты экологиялық рұқсаттың колданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бұзушылықтан алынған экономикалық пайда сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айьшпұл салуға әкеп соғады.
3. Сарқынды суларды осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген жерден тыс төгу, оның ішінде сарқынды сулардың төгінді коллектордың (каналдың, суағардың) бүлінуі немесе бүтіндігінің бұзылуы нәтижесінде авариялық төгінділер -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз айлық есептік көрсеткіш мвлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылықтан алынған экономикалық пайда сомасының жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
16) 332-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мсмлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті түрде жүргізу туралы заңнама немесе мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтпеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру талаптарын орындамау -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъсктілеріне бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"2. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында қамтылған талаптарды орындамау -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
17) 1334-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"334-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден (техникалық нормативтерден) асып кететін автомотокөліктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану
1. Жеке тұлғалардың шығарындыларда ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі кезінде шығатын шудың деңгейі белгіленген нормативтерден асып кететін автомотокөліктерді және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалануы -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
18) 335-бап алып тасталсын;
19) 336-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"336-бап. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау немесе өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау
Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау немесе өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
20) 337-бапта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Топырақтың құнарлы қабатының біржола жоғалуын болдырмау үшін мұндай алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, оны басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын жою немесе заңсыз алу -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жерді сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезінде агрохимикаттармен, пестицидтермен, тыңайтқыштармен, өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштармен және өзге де қауіпті биологиялық және радиоактивті заттармен ластау немесе өзге де бүлдіру, сол сияқты жердің тозуына немесе адамның денсаулығына зиян келтірмей топырақ құнарлылығының нашарлауына әкеп соққан бактериялық-паразиттік немесе тән зиянды организмдерді жүқтыру -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"3. Жерді экологиялық залал келтіруге әкеп соқпаған қауіпті химиялық заттармен ластау немесе өзге де бүлдіру -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Жерді экологиялық залал келтіруге әкеп соққан қауіпті химиялық заттармен ластау, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
21) мынадай мазмұндағы 343-1-баппен толықтырылсын:
"343-1-бап. Қазақстан Республикасының метеорологиялық мониторинг саласындағы заңнамасын бұзу
1. Мына:
1) алынған метеорологиялық ақпаратты белгіленген тәртіппен Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке ұсынбау;
2) Метеорологиялық ақпаратты өндірушілердің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін хабарламаны жіберу кезінде ұсынылған қандай да бір деректердің өзгерістері туралы хабарламау не уақтылы хабарламау түріндегі міндетті талаптарды бұза отырып, метеорологиялық мониторинг саласындағы жұмстарды жүзеге асыру-
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілсріне жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Метеорологиялық ақпаратты өндірушілердің мемлекеттік тізіліміне енгізу кезінде көрінеу дұрыс емес ақпарат беру -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъекілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасалған әрекет-
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
22) 344-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"344-бап. Қалдықтармен жұмыс жасауға қойылатын талаптарды бұзу
1. Экологиялық заңнамада көзделген калдықтардың жекелеген түрлерін көмуге тыйым салуды бұзу -
экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып, бұзушылықтан алынған экономикалық пайда сомасының жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2. Қалдықтарды жинақтауға немесе көмуге арналмаған арнайы белгіленген орындардан тыс жинақтау, сол сияқты экологиялық рұқсат болмаған кезде қалдықтарды көму -
қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бұзушылықтан алынған экономикалық пайда сомасының бір жүз пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қалдықтарды жинақтау, жинау, тасымалдау, есепке алу, қалпына келтіру, жою және залалсыздандыру жөніндегі талаптарды бұзу -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қалдықтарды басқару жәніндегі операцияларды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін үш жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері - әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін үш жыл ішінде қайталап жасалған іс- әрекеттер -
қауіпті қалдықтарды қайта өңдеуге, залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға арналған экологиялық рұқсаттың немесе лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларға қойылатын талаптардың жекелеген бұзушылықтары үшін осы баптың өзге бөліктерінде әкімшілік жауаптылық көзделмеген жағдайларда туындайды.";
23) 347-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"347-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзу
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің экологиялық нормалары мен қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет экологиялық залал келтіруге әкеп соқпаса -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл мерзім ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
24) 351-бап алып тасталсын;
25) 353-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"353-бап. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы зацнамасында белгіленген мерзімдерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындамау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Салдарын жою "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес қамтамасыз етілмеген пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану және кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүргізу, сол сияқты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуы талап етілетін қамтамасыз етуді белгіленген мерзімде ұсынбай жүргізу -
тиісті учаскедегі немесе жер қойнауы учаскелеріндегі қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.
3. Жер қойнауын пайдаланушының осы баптың екінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды тиісті учаскедегі немесе жер қойнауы учаскелеріндегі қызметті тоқтата тұру мерзімі ішінде жоймауы -
жер қойнауының тиісті учаскесінде немесе учаскелерінде қызметке (жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға) тыйым салуға әкеп соғады.";
26) 394-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
27) 397-бап алып тасталсын;
28) 399-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"399-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезіндегі бұзушылықтар";
бірінші - үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың қызметтер көрсету кезінде дұрыс емес деректерді ұсынуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, экологиялық залал келтіруге әкеп соққан не үш реттен артық жасалған әрекеттерді жасау, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылған іс-әрекет белгілері болмаса -
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъекілеріне - алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
29) 684-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 73, 73-1, 73-2, 74, 75 (бірінші, екінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 76, 77, 78, 79, 80 (төртінші бөлігінде), 81 (екінші бөлігінде), 82 (екінші бөлігінде), 82-1, 85, 86 (төртінші бөлігінде), 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екінші бөлігінде), 145, 149, 150, 151 (екінші бөлігінде), 153, 154, 156-1, 158, 159, 160 (екінші бөлігінде), 169 (екінші, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 171, 173, 174 (екінші бөлігінде), 175, 175-1, 176, 182, 183, 185, 187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 189, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 191, 193 (екінші және үшінші бөліктерінде), 199 (екінші бөлігінде), 200, 211 (бірінші бөлігінде), 214, 216, 219, 233 (үшінші бөлігінде), 235, 236, 237, 239-1, 245, 246, 247 (алтыншы, 7-1, тоғызыншы, он бірінші бөліктерінде), 251, 252 (екінші бөлігінде), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктерінде), 283, 283-1, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (екінші бөлігінде), 310, 311, 312 (екінші бөлігінде), 313, 314, 316 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде), 319, 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 326 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 327-1 (төртінші бөлігінде), 327-2, 328 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 333 (екінші бөлігінде), 344 (екінші бөлігінде), 353 (екінші және үшінші бөліктерінде) 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірінші бөлігінде), 381-1, 382 (екінші және үшінші бөліктерінде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екінші бөлігінде), 389, 392 (үшінші бөлігінде), 395 (екінші бөлігінде), 396 (екінші бөлігінде), 398, 399 (екінші және үшінші бөліктерінде), 400 (екінші бөлігінде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде), 404 (тоғызыншы бөлігінде), 407 (екінші және үшінші беліктерінде), 409 (жетінші және 7-1- бөліктерінде), 410-1, 413, 413-1, 414, 415 (екінші бөлігінде), 415-1 (екінші бөлігінде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екінші бөлігінде), 422, 423 (екінші бөлігінде), 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 425 (екінші бөлігінде), 426 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 427, 433 (екінші бөлігінде), 434, 436, 439, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 443 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445, 445-1, 446, 449 (екінші және үшінші бөліктерінде), 450, 451 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 452 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 453, 456-1, 460-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 461, 462, 463, 464 (екінші бөлігінде), 465, 469 (екінші бөлігінде), 470 (екінші бөлігінде), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 489-1, 490, 495 (екінші бөлігінде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 498, 506, 507, 508, 509, 510 (төртінші бөлігінде), 512 (екінші бөлігінде), 513 (екінші бөлігінде), 514 (екінші бөлігінде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (1-1-бөлігінде), 532 (екінші бөлігінде), 543 (бірінші, 1-1 және үшінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екінші бөлігінде), 549, 550, 552 (екінші бөлігінде), 563 (екінші бөлігінде), 564 (бесінші бөлігінде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 583 (екінші бөлігінде), 590 (төртінші бөлігінде), 596 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 604 (екінші бөлігінде), 605 (екінші бөлігінде), 606 (екінші бөлігінде), 607 (екінші бөлігінде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртінші бөлігінде), 618, 621 (үшінші бөлігінде), 637 (сегізінші, тогызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 638 (екінші бөлігінде), 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";
30) 687-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 349, 350, 352, 353 (бірінші бөлігінде), 354, 355, 356 (бірінші бөлігінде), 391-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";
31) 687-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 346, 349, 353 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";
32) 688-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде), 281 (жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 345, 348, 349, 350, 353 (бірінші бөлігінде), 356 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және он үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 635 (үшінші болігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";
33) 688-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 345, 346, 349, 350, 353 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";
34) 697-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 139 (бірінші бөлігінде), 230 (екінші бөлігінде шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 297 (бірінші бөлігінде), 324, 326, 327-1, 327-2, 328 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы), 329, 330, 331, 332, 333 (бірінші бөлігінде), 334, 336, 337 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 343-1, 344 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші), 344-1, 344-2, 346, 347, 352, 353 (бірінші бөлігінде), 356 (екінші бөлігінде), 358, 377 (бірінші бөлігінде), 399 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";
екінші бөліктің 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға елуге дейінгі, лауазымды адамдарға - бір жүз елуге дейінгі, заңды тұлғаларға - екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан алынған экономикалық пайда сомасынан не жер қойнауына арналған мемлекеттік меншік құқығын бұзу нәтижесінде келтірілген залал сомасынан қоршаған ортаға келтірілген теріс әсер етуі үшін төлем мөлшерлемесінің сомасынан пайызбен көрсетілген айыппұл салуға;
5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі, лауазымды адамдарға - бір жүз елуге дейінгі, заңды тұлғаларға - екі мыңға дейінгі мөлшерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан алынған экономикалық пайда сомасынан не жер қойнауына арналған мемлекеттік меншік құқығын бұзу нәтижесінде келтірілген залал сомасынан қоршаған ортаға келтірілген теріс әсер етуі үшін төлем мөлшерлемесінің сомасынан пайызбен көрсетілген айыппұл салуға құқылы.";
35) 710-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Кодекстің 137, 341, 342, 342-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органы осы Кодекстің 136, 137, 138 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 339, 340-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";
36) 729-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші бөлігінде көзделген электр энергиясын қоспағанда), 172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде (барлық қуаттардағы қазандықтар, жылу желілері мен жылу энергиясы бөлігінде), 193 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250 (астық кабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу бөлігінде), 300 (барлық куаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар мен жылу желілері бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттардағы қазандықтар мен жылу желілері бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар мен жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 338, 353 (екінші және үшінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405, 406 (2) тармақшаны (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), бірінші бөліктің 3) және 5) тармақшаларын қоспағанда), жетінші және сегізінші бөліктерінде), 408-1, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1 -бөлігінде), 455 (бірінші бөлігінде, екінші бөліктің 1), 2), 4), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында, үшінші және бесінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 488-1, 491 -баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";
37) 806-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Осы Кодекстің 139, 327-1, 328 (үшінші бөлігі), 331 (екінші және үшінші бөліктері), 334 (бірінші және екінші бөліктері), 337 (төртінші бөлігі)- баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға келтірілген залал сомасының мөлшерін белгілеу талап етілетін жағдайларда, экологиялық залал келтіру фактісін, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан алынған экономикалық пайда сомасынан не жер қойнауына арналған мемлекеттік меншік құқығын бұзу нәтижесінде келтірілген залал сомасынан Қоршаған ортаға келтірілген теріс әсер етуі үшін төлем мөлшерлемесінің сомасынан пайызбен көрсетілген айыппұл сомасының көлемін анықтау қажет етіледі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама экологиялық залал келтіру фактісі, жер қойнауына арналған мемлекеттік меншікке келтірген залалдың сомасы не тиісінше алынған экономикалық пайда сомасы анықталған сәттен бастап бір тәулік ішінде жасалады.".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |