Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 444-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiнде:
"Сүт қоректiлер класы Mammalia Класс – Млекопитающие" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 128-1-жолмен толықтырылсын:
"
128-1 | Каспий итбалығы | Pusa caspica | Каспийский тюлень |
". |
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |