"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 қарашадағы № 772 қаулысы

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының Жоғары бизнес мектебін дамыту және халықаралық деңгейдегі жоғары білікті ғалымдарды тарту бастамаларын 2020 жылы қаржыландыруды;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр
А. Мамин




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады