"Индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 878 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 78 қаулысымен

"Индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.02.2023 № 78 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакция жазылсын:

      "2. Жауапты мемлекеттік органдар мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамы ай сайынғы негізде есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жобалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобалардың іске асырылу барысының мониторингі бойынша ақпарат берсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген индустрияландыру картасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 787 қаулысына
  қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1418 қаулысымен
бекітілген

Индустрияландыру картасы

Р/с

Жобаның атауы

Жауапты мемлекеттiк орган және/немесе ұлттық холдинг

Өңiр

Жобаға өтiнiш берушi

Iске асыру мерзiмi*/ жобаның мәртебесі

      кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

1.

Болат өндiрiсiн жылына 5 млн тоннаға дейiн ұлғайту
 

ИИДМ

Қарағанды облысы

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ

2010 – 2022 жылдар

2.

Бозшакөл КБК салу

ИИДМ

Павлодар
облысы

"KAZ Minerals Bozshakol (КАЗ Минералз Бозшакөл)" ЖШС

2010 – 2015 жылдар

3.

Ақтоғай КБК салу

ИИДМ

Шығыс Қазақстан облысы

"KAZ Minerals Aktogay (КАЗ Минералз Ақтоғай)" ЖШС

2011 – 2017 жылдар

4.

Рельсті арқалық зауытын салу

ИИДМ, Ақтөбе облысының әкімі
 

Ақтөбе облысы

"Ақтөбе рельсті арқалық зауыты" ЖШС

2012 – 2015 жылдар

5.

Өскемен қаласында толық циклдi автозауыт және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу

ИИДМ

Шығыс Қазақстан облысы

"АЗИЯ АВТО Қазақстан" АҚ

2010 – 2022 жылдар

6.

Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыт салу

ИИДМ

Жамбыл облысы

"ЕвроХим-Тыңайтқыш" ЖШС

2011 – 2021 жылдар

7.

Қызылорда қаласында қуаты жылына 197,1 мың тонна табақты шыны өндіретін және өңдейтін зауыт салу

ИИДМ

Қызылорда облысы

"Орда Гласс" ЖШС

2013 – 2021 жылдар

8.

Атырау МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту (мұнайды тереңдетіп қайта өңдеу кешенін салу)

ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

Атырау облысы

"Атырау МӨЗ" ЖШС

2010 – 2016 жылдар

9.

Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу (бірінші фаза)

ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

Атырау
облысы

"Kazakhstan
Petrochemical
Industires Inc." ЖШС,
"АЛМЭКС ПЛЮС фирмасы" ЖШС

2010 – 2021 жылдар

10.

Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу (екінші фаза)

ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

Атырау
облысы

"KLPE" ЖШС

2010 – 2025 жылдар

11.

К5 экологиялық класты мотор отынының өндірісі

ЭМ

Батыс Қазақстан облысы

"Конденсат" АҚ

2012 – 2016 жылдар

12.

Павлодар МХЗ жаңғырту

ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

Павлодар облысы

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС

2010 – 2017 жылдар

13.

Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту

ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

Шымкент қаласы

"ПетроКазахстан ойл Продактс" ЖШС

2010 – 2018 жылдар

14.

"Шалқия" полиметалл кен орны базасында КБК салу

ИИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

Қызылорда облысы

"Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ

2014 – 2023 жылдар

15.

Қарағанды кешенді қорытпа зауытын салу

ИИДМ

Қарағанды облысы

"Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты" ЖШС

2011 – 2022 жылдар

16.

Теміржолға арналған дөңгелектер шығару кешені

ИИДМ

Павлодар облысы

"Проммашкомплект" ЖШС

2014 – 2018 жылдар

17.

Үшхлорлы фосфор және глифосат өндірісі
 

ИИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

Жамбыл облысы

"Біріккен химия компаниясы" ЖШС

2014 - 2021 жылдар

18.

Минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытты жаңғырту (2-кезең)

ИИДМ

Маңғыстау облысы

"ҚазАзот" ЖШС

2015 – 2021 жылдар

19.

Минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытты жаңғырту

ИИДМ

Жамбыл облысы

"Қазфосфат" ЖШС

2015 – 2020 жылдар

20.

Кальцийлендірілген сода өндіру зауытын салу

ИИДМ

Қызылорда облысы

"АралСода" ЖШС

2017 – 2021 жылдар

21.

Үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын өндіретін зауыт салу

ИИДМ

Алматы қаласы

"Эйжа Стил Пайп Корпорейшн" ЖШС

2015 – 2018 жылдар

22.

Ферросилиций өндіру зауытын салу

ИИДМ

Қарағанды облысы

"YDD Corporation" ЖШС

2017 – 2019 жылдар

23.

Ақтоғай КБК өңдеу қуатын жұмыс істеп тұрған сульфидий фабрикасын қайталау арқылы кеңейту

ИИДМ

Шығыс Қазақстан облысы

"KAZ Minerals Aktogay" ЖШС

2018 – 2021 жылдар

24.

ЭТБЭ/МТБЭ және ұнтақ полипропилен шығаратын зауыт салу

ЭМ

Шымкент қаласы

"Шымкент Химия Компаниясы" ЖШС

2017 – 2022 жылдар

25.

Тау-кен комбинаты құрылысы және "Айдарлы" мыс кен орнын және "Жанар" жерасты суы кен орнын өнеркәсіптік игеру

ИИДМ

Шығыс Қазақстан облысы

"Айдарлы Проджект (AidarlyProject)" ЖШС

2019 – 2069 жылдар

26.

Ақмола облысы Бурабай және Бұланды аудандарында инженерлік инфрақұрылымын орналастырумен жылына 5,0 млн тонна кен өндіретін тау-кен гидрометаллургия кешенінің құрылысы

ИИДМ

Ақмола облысы

"RGProcessing" ЖШС, "RGGold" ЖШС

2018 – 2022 жылдар

27.

Қуаты жылына 400 000 тонна кальцийленген сода зауытының құрылысы

ИИДМ

Жамбыл облысы

"Qazaq-Soda" ЖШС

2020 – 2022 жылдар

      * iске асырылуы республикалық бюджеттен қаражат бөлуге де байланысты жобалар бойынша іске асыру мерзімдері тиiстi кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемiне байланысты нақтыланатын болады

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АҚ

-

акционерлiк қоғам

ЖШС

-

жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк

ИИДМ

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

МӨЗ

-

мұнай өңдеу зауыты

МХЗ

-

мұнай-химия зауыты

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

-

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамы

"Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ

-

"Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлiк қоғамы

ЭМ

-

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады