Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Экономикалық Форум арасындағы Қазақстандағы Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы мен Дүниежүзілік Экономикалық Форум арасындағы қосылуға және ынтымақтастыққа қатысты келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 894 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Экономикалық Форум арасындағы Қазақстандағы Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы мен Дүниежүзілік Экономикалық Форум арасындағы қосылуға және ынтымақтастыққа қатысты келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусинге Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Экономикалық Форум арасындағы Қазақстандағы Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы мен Дүниежүзілік Экономикалық Форум арасындағы қосылуға және ынтымақтастыққа қатысты келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 894 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Экономикалық Форум арасындағы Қазақстандағы Төртінші өнеркәсіптік революциясының орталығы мен Дүниежүзілік Экономикалық Форум арасындағы қосылуға және ынтымақтастыққа қатысты КЕЛІСІМ

      Осы Келісім (бұдан әрі "Келісім" деп аталады) Қазақстан, Нұр-Сұлтан, Мәңгілік ел 8 мекенжайында тіркелген Қазақстан Республикасының Үкіметін білдіретін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі "Қабылдаушы Үкімет" деп аталады)

      және Дүниежүзілік Экономикалық Форум – Швейцария, 9193 Ру де ла Капита, 1223 Кологни/Женева мекенжайы бойынша тіркелген Швейцария қоры (бұдан әрі "Форум" деп аталады) арасында,

      жеке-жеке "Тарап" деп аталады, ал бірлесіп "Тараптар" деп аталады,

      Қазақстандағы Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы мен Форум арасындағы қосылуға және ынтымақтастыққа қатысты жасалды.

      Осы Келісім 2021 жылғы 1-ші қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      МЫНАЛАРДЫ:

      1971 жылы Женевада, Швейцария, коммерциялық емес қор ретінде құрылған Форум тәуелсіз болып табылатынын және саяси, партиялық немесе ұлттық мақсаттары мен мүдделері жоқ екенін;

      2015 жылғы 23 қаңтарда Форумның мемлекеттік-жекешелік ынтымақтастықтың халықаралық ұйым ретіндегі мәртебесін тану мақсатында Швейцария Федералды Үкіметі мен Форум Швейцарияның Қабылдаушы мемлекет туралы заңына сәйкес Форумның мәртебесі бекітілген Штаб-пәтер туралы келісімге қол қойғанын;

      Тараптар әлеуметтік дамусыз экономикалық прогресс орнықты емес, ал экономикалық прогрессіз әлеуметтік даму мүмкін емес деп санайтынын;

      Форум Форумның және "Дүниежүзілік экономикалық форум" Жауапкершілігі шектеулі қоғамының (бұдан әрі – "Форум" ЖШҚ) іскери, саяси, академиялық және қоғамның басқа да көшбасшыларын жаһандық, өңірлік, салалық күн тәртібін қалыптастыруға тарту арқылы әлемнің жай-күйін жақсарту жөніндегі миссиясын орындау мақсатында ынтымақтастық туралы келісім жасасатынын;

      Форум мен "Форум" ЖШҚ Төртінші өнеркәсіптік революция деп аталатын трансформациялық дәуір үшін, қоғамның жаһандық жария мүддесі мақсатында ғылым мен технологияны қолдануды жеделдететін басқару қағидаттарын, саясаттары мен хаттамаларын әзірлеуге арналған ынтымақтастықтың жаңа алаңы ретінде Сан-Францискода орналасқан Төртінші өнеркәсіптік революция орталығын (бұдан әрі – "4ӨР" орталығы") құрғанын;

      Қабылдаушы Үкімет Форумға тиесілі емес, ортақ иелік етілмейтін және Форум басқармайтын ел аумағында 4ӨР Үлестес орталығын құруға, қолдауға және дамытуға ниет білдіргенін;

      Тараптар 4ӨР-дің тиісті Үлестес орталығы мемлекет меншігіндегі ұйым ретінде де не егер субъект белгіленген мақсаттарға сай, Қабылдаушы Үкіметтің мандатын қабылдауға және 4ӨР Үлестес орталығының миссиясын орындауға әзір болса, Қазақстан Республикасының аумағындағы осындай субъектінің ішінара және толық жеке иелігінде болатын ұйым ретінде құрылуы мүмкін деп пайымдайтынын;

      Тараптар Қабылдаушы Үкіметтің 4ӨР Үлестес орталығына үнемі қолдау көрсетіп, ілгерілетуі 4ӨР Үлестес орталығы мен Форум арасындағы жемісті әрі табысты ынтымақтастықтың кілті болып табылады деген пікірге ортақтасатынын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,

      ОСЫ АРҚЫЛЫ Тараптар төмендегілер туралы өзара түсіністікке қол жеткізді:

      Анықтамалар

      Егер осы 1-тармақта тікелей өзгеше көрсетілмесе, 4ӨР Үлестес орталығы мен Дүниежүзілік Экономикалық Форум арасындағы 2021 жылғы 1 қаңтардағы Қосылу және ынтымақтастық туралы келісімде көрсетілген анықтамалар осы Келісімге де қолданылады.

      "4ӨР Жаһандық Кеңесі" Төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын ұжымдық басқаруға және жаһандық қоғамдық мүдделер үшін ынтымақтастыққа қатысатын үкіметтік, корпоративтік, азаматтық және техникалық көшбасшылардың озық қоғамдастығын білдіреді.

      Қабылдаушы Үкіметтің куәландыруы

      4ӨР Үлестес орталығын Қабылдаушы Үкімет Форуммен консультация жүргізе отырып, 4ӨР Үлестес орталығының миссиясын орындау үшін қолайлы деп анықтады және 4ӨР Үлестес орталығының миссиясын орындауға әзірлігін және Форуммен тиісті уағдаластық пен келісімдер жасасуға ұмтылатынын білдірді, содан кейін 4ӨР Үлестес орталығын Қабылдаушы Үкімет таңдап, Форуммен Қосылу және Ынтымақтастық туралы келісім және Лицензиялық келісім жасасуға өкілеттік берді.

      4ӨР Үлестес орталығы "Астана" халықаралық қаржы орталығының базасында "Астана" халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің қарамағында құрылады.

      Қабылдаушы Үкімет, егер қолданыстағы заңнамада өзгесіне тыйым салынбаса, Қосылу және ынтымақтастық туралы келісімнің және Лицензиялық келісімнің шарттарына қатысты хабардар екенін және қарсылығы жоқ екенін растайды.

      Қабылдаушы Үкіметтің міндеттемелері

      - 4ӨР Үлестес орталығы ретінде тағайындалатын ұйымды құру (егер мүмкін болса) және таңдау бөлігінде Форуммен консультация жүргізу және бұл ретте, егер Форум осындай тағайындауға қарсылық білдірсе, ұйымды 4ӨР Үлестес орталығы етіп тағайындамау және оған өкілеттіктер бермеу;

      - құру (егер университет сияқты бұрыннан бар ұйым 4ӨР Үлестес орталығы ретінде анықталмаса, таңдалмаса және уәкілеттік берілмесе), сондай-ақ үнемі қабылдау, қолдау және 4ӨР Үлестес орталығы ретінде өз қызметін жүзеге асыруына және Қосылу және ынтымақтастық туралы келісім бойынша өз міндеттерін атқаруына мүмкіндік беру үшін 4ӨР Үлестес орталығын өз аумағында қолдау (оның ішінде, егер жеке келісімде өзгесі көзделмесе, қажетті қаржы құралдарымен);

      - 4ӨР Үлестес орталығымен және Форумның 4ӨР орталығымен ынтымақтастық жасау, Қосылу және ынтымақтастық туралы келісімде жазылғандай 4ӨР Жаһандық Кеңесіне қатысу;

      - Қосылу және ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес 4ӨР Жаһандық кеңесімен келісілген бағдарлама мен хаттамаларды бірлесіп әзірлеу және пилоттық енгізуде 4ӨР Үлестес орталығына қолдау көрсету;

      - (i) Форумға жыл сайынғы жарнаны уақытында төлеуді қоса алғанда, 4ӨР Үлестес орталығының өзінің қаржылық міндеттемелерін орындауы, және жалпы алғанда (ii) Қосылу және ынтымақтастық туралы келісім бойынша міндеттемелерді орындау үшін тұрақты ұйым ретінде жұмыс істеуі үшін 4ӨР Үлестес орталығына жеткілікті қаржы ресурстарын қамтамасыз ету;

      - Қабылдаушы Үкімет пен 4ӨР Үлестес орталығы арасында анықталғандай, қажет немесе ұсынылған мөлшерде сарапшылық штат сияқты 4ӨР Үлестес орталығына қаржылық емес ресурстар ұсыну мәселесін қарастыру;

      - 4ӨР Үлестес орталығының Қосылу және ынтымақтастық туралы келісім шарттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдар мен нормативтік актілердің және халықаралық құқықтың тиісті нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;

      - 4ӨР орталығының Консультативтік кеңесінің құрамына Қабылдаушы Үкіметтің кем дегенде бір өкілін тағайындау;

      1. осы Келісімді 4ӨР Үлестес орталығына жария ету.

      Форумның куәландыруы мен міндеттемелері

      Форум мен 4ӨР Үлестес орталығы арасында Қосылу және ынтымақтастық туралы келісім жасалғаннан кейін Форум:

      - Қабылдаушы Үкіметке 4ӨР орталығының Консультативтік кеңесіне кем дегенде бір өкіл тағайындауды ұсынуға;

      - Қабылдаушы Үкіметті және 4ӨР Үлестес орталығын Форумның 4ӨР Жаһандық Кеңесіне қатысуға шақыруға;

      - қабылдау өлшемшарттарын ескере отырып, Форумның Бас ғылыми-техникалық саммитіне 4ӨР Үлестес орталығының 5 өкіліне дейін шақыруға;

      - Төртінші өнеркәсіптік революция саласындағы жобаларды іске қосу үшін пайдаланушыға бағдарланған жобалау әдіснамасына қатысты озық практика жөніндегі басшылықты қоса алғанда, Төртінші өнеркәсіптік революция бойынша ұлттық орган қалыптастыру бөлігінде тәжірибе алмасуға;

      - 4ӨР Үлестес орталығына Форумның Технологиялық саясат жөніндегі жаһандық қоғамдастығы әзірлеген және сынақтан өткізген жаңа саясат хаттамаларымен танысуға, оның ішінде эксклюзивті вебинарлар арқылы танысуға мүмкіндік беруге;

      - 4ӨР Үлестес орталығына өздерінің зерттеулері мен ұсыныстарын таратуға, сондай-ақ 4ӨР жаһандық желісі арқылы тәжірибе бөлісуге мүмкіндік беруге;

      - 4ӨР Үлестес орталығының Төртінші өнеркәсіптік революциянікіндей бағыттардағы жобаларын қалыптастыру үшін тоқсан сайынғы қоңыраулар мен басқа да іс-шаралар арқылы Форумның 4ӨР орталығында негізделген жаһандық жобалардың жетекшілерінен ұсынымдар беруге және белгілі бір бағыттар бойынша Төртінші өнеркәсіптік революция орталықтары желісінің пилоттық жобаларының масштабтарын келісуге;

      - Форумның кең желісінің жетекші сарапшыларының 4ӨР Үлестес орталығы жылына ұйымдастыратын бір іс-шараға қатысуын қамтамасыз етуге. Тақырыптар біртұтас технологияға, Форумның 4ӨР бағыттары бойынша сектораралық мәселелерге қатысты болуы мүмкін; және

      - 4ӨР Үлестес орталығына Лицензиялық келісімде көрсетілген құқықтарды беруге міндеттенеді.

      Өзге ережелер

      1. Келісімнің қолданылу мерзімі және оны тоқтату тәртібі.

      Егер қосылу және ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ Лицензиялық келісім тоқтатылса және тоқтатылған кезде, осы Келісім өз күшін тоқтатады.

      2. Хабарландырулар мен байланысушы тұлғалар.

      Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастықты жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатында өзара байланыс келесі түрде жүзеге асырылады:

      Қабылдаушы Үкімет атынан:

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" АҚ

      Аты-жөні: Ернұр Рысмағамбетов

      Лауазымы: "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" АҚ Басқармасының төрағасы

      Мекенжайы: 55/18 Мәңгілік ел, С3.3., 010000, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы

      Tел.: +7 7172 61 36 38

      Эл. пошта: y.rysmagambetov@aifc.kz

      Форум атынан:

      Аты-жөні: Алекс Рот

      Лауазымы: Еуразия аумағымен өзара іс-қимыл жөніндегі маман

      Мекенжайы: 91-93 Ру де ла Капита, 1223 Кологни / Женева, Швейцария

      Тел.: +41 79 480 55 28

      Эл. пошта: alex.roth@weforum.org

      Кез келген Тарап екінші тарапқа жазбаша хабарлама жіберу арқылы қосымша өкілдерді тағайындай алады немесе осы тармақта көрсетілгендердің орнын басқа өкілдермен алмастыра алады.

      3. Тараптардың атаулары мен логотиптерін пайдалану.

      Тараптардың ешқайсысы басқа Тараптың нысанын, мазмұнын және контексін пайдалануға алдын ала жазбаша келісімінсіз екінші Тараптың атауын және/немесе логотипін пайдаланбайды.

      4. Қолданылатын құқық және дауларды шешу.

      Осы Келісім халықаралық келісім болып табылмайды және Тараптар үшін халықаралық-құқықтық міндеттемелер туғызбайды.

      Осы Келісім кез келген халықаралық шарт пен кезкелген қайшылық қағидаттарын қоспағанда, Ағылшын заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі.

      Осы Келісім Қосылу және ынтымақтастық туралы келісіммен және Лицензиялық келісіммен бірге Форумның 4ӨР орталығының анықтамалығынан, 4ӨР Үлестес орталығы брендингінің басшылық қағидаттарынан басым болады, олар мезгіл-мезгіл жаңартылып тұрады.

      Осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау барысында даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды бейбіт жолмен шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Егер дауды "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" АҚ Басқармасының төрағасы және тиісінше Төраға/Бас директор деңгейінде дауды бейбіт жолмен реттеуге қол жеткізілмесе, осы Келісімнің әрбір Тарапы Халықаралық Сауда палатасының Төрелік регламентіне сәйкес аталған регламентке сай көрсетілген бір немесе бірнеше төрешілермен түбегейлі шешуге келіседі.

      Төрелік қарау Лондонда (Англия) өтуі керек және істі қарау, барлық қаулылар мен шешімдер ағылшын тілінде өткізіліп, ұсынылуы керек.

      Барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады және түсіндіруде алшақтықтар болған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтіннің күші басым болады.

      Осы Келісімнен туындайтын өзара пайданы назарға ала отырып, Тараптар осы Келісім екі тарап та оны орындағаннан кейін олардың екеуіне де қолданылатын болады деп уағдаласты НЕ шешті. Осы Келісім Қосылу және ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ 4ӨР Үлестес орталығы мен Дүниежүзілік Экономикалық Форум арасындағы Лицензиялық келісім күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

      2020 жылғы "__" _______ _______ қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада қол қойылды.


"Астана" халықаралық қаржы орталығы

Дүниежүзілік Экономикалық Форум

Қолы: ___________________

Аты-жөні: Қайрат Келімбетов

Лауазымы: Басқарушы

Қолы: ______________

Аты-жөні: Жульен Гаттони

Лауазымы: Басқарушы директор

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі білдіретін Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қолы: ___________________

Қолы: ___________________

Аты-жөні: Бағдат Мусин

Аты-жөні: Борге Бренде

Лауазымы: Министр

Күні:

Лауазымы: Президент, Басқарма

Күні:



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады