Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар Жоспардың 16 және 17-тармақтарында көзделген заң жобаларын қоспағанда, заң жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспарда белгіленген айдың 1-күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда белгіленген айдың 1-күнінен кешіктірмей ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысымен бекiтiлген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.04.2021 № 228; 03.07.2021 № 465; 07.09.2021 № 617; 30.09.2021 № 696 қаулыларымен.
Р/с № | Заң жобасының атауы | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Ұсыну мерзімі | Заң жобаларын сапалы әзірлеу және уақтылы енгізу үшін жауапты тұлға |
---|---|---|---|---|
Әділетмині | Үкімет | Парламент |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы | ЭМ | қаңтар | қаңтар | наурыз | Қ.Б. Рахимов |
2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
|
|
|
|
|
3. | "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
|
|
|
|
|
4. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҰЭМ |
|
|
|
|
5. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ҚНРДА | қаңтар | ақпан | сәуір |
М.Ж. Хаджиева |
6. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2021 № 228 қаулысымен. | |||||
7. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2021 № 228 қаулысымен. | |||||
8. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | СИМ | ақпан | наурыз | маусым | Е.Қ. Қазанбаев |
9. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ИИДМ | наурыз | сәуір | маусым | Б.С. Қамалиев |
10. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | АШМ | наурыз | сәуір | маусым | Р.Ж. Құрманов |
11. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
СҚА | наурыз | сәуір | маусым | О.А. Бектенов |
12. | Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы | ДСМ | наурыз | сәуір | маусым | Е.А. Қиясов |
13. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ДСМ | наурыз | сәуір | маусым |
Е.А. Қиясов |
13-1. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 03.07.2021 № 465 қаулысымен. | |||||
13-2. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 03.07.2021 № 465 қаулысымен. | |||||
14. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің өту тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
БП | наурыз | мамыр | шілде | М.М. Ахметжанов |
15. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура жəне сот арасында өкілеттіктерді жəне жауапкершілік аймақтарының аражігін ажыра отырып, үш буынды модельді енгізу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
БП | маусым | тамыз | қазан | М.М. Ахметжанов |
16. | Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы | ҰЭМ | шілде | тамыз | тамыз | А.К. Әмрин |
17. | 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы | Қаржымині | тамыз | тамыз | тамыз | Т.М. Савельева |
18. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | АҚДМ | мамыр | шілде | қыркүйек | Б.А. Тілепов |
19. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.09.2021 № 696 қаулысымен. | |||||
20. | Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы | ЦДИАӨМ | маусым | шілде | қыркүйек | Ә.М. Ахметжанов |
21. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ЦДИАӨМ | маусым | шілде | қыркүйек | Ә.М. Ахметжанов |
21-1. | Қоғамдық бақылау туралы | АҚДМ | тамыз | қыркүйек | қазан | Б.А. Тілепов |
21-2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | АҚДМ | тамыз | қыркүйек | қазан | Б.А. Тілепов |
21-3. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ЦДИАӨМ | маусым | шілде | қараша |
А.С. |
22. | Әскери полиция органдары туралы | Қорғанысмині | шілде | қыркүйек | қараша | М.К. Бектанов |
23. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қорғанысмині | шілде | қыркүйек | қараша | М.К. Бектанов |
24. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | АҚДМ | тамыз | қазан | желтоқсан |
А.Р. Оралов |
25. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | МСМ | тамыз | қазан | желтоқсан | Н.М. Дәуешов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
СҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі