Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жүктелсін.

      3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар Жоспардың 16 және 17-тармақтарында көзделген заң жобаларын қоспағанда, заң жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспарда белгіленген айдың 1-күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда белгіленген айдың 1-күнінен кешіктірмей ұсынсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 910 қаулысымен
бекiтiлген


Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.04.2021 № 228; 03.07.2021 № 465; 07.09.2021 № 617; 30.09.2021 № 696 қаулыларымен.

 
Р/с
Заң жобасының атауы Әзірлеуші мемлекеттік орган Ұсыну мерзімі Заң жобаларын сапалы әзірлеу және уақтылы енгізу үшін жауапты тұлға

Әділетмині

Үкімет

Парламент


1

2

3

4

5

6

7

1.

Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы

ЭМ

қаңтар

қаңтар

наурыз

Қ.Б. Рахимов

2.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 
ЭМ

 
қаңтар

 
қаңтар

 
наурыз

 
Қ.Б. Рахимов

3.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 
ҰЭМ

 
қаңтар

 
қаңтар

 
наурыз

 
Е.А. Алпысов

4.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

 
қаңтар

 
қаңтар

 
наурыз

 
Е.А. Алпысов

5.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚНРДА
(келісу бойынша)

қаңтар

ақпан

сәуір

М.Ж. Хаджиева
 

6.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2021 № 228 қаулысымен.

7.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2021 № 228 қаулысымен.

8.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

СИМ

ақпан

наурыз

маусым

Е.Қ. Қазанбаев

9.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ИИДМ

наурыз

сәуір

маусым

Б.С. Қамалиев

10.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

АШМ

наурыз

сәуір

маусым

Р.Ж. Құрманов

11.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

СҚА
(келісу бойынша)

наурыз

сәуір

маусым

О.А. Бектенов

12.

Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы

ДСМ

наурыз

сәуір

маусым

Е.А. Қиясов

13.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСМ

наурыз

сәуір

маусым

Е.А. Қиясов
 

13-1.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 03.07.2021 № 465 қаулысымен.

13-2.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 03.07.2021 № 465 қаулысымен.

14.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің өту тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БП
(келісу бойынша)

наурыз

мамыр

шілде

М.М. Ахметжанов

15.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура жəне сот арасында өкілеттіктерді жəне жауапкершілік аймақтарының аражігін ажыра отырып, үш буынды модельді енгізу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БП
(келісу бойынша)

маусым

тамыз

қазан

М.М. Ахметжанов

16.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

ҰЭМ

шілде

тамыз

тамыз

А.К. Әмрин

17.

2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

Қаржымині

тамыз

тамыз

тамыз

Т.М. Савельева

18.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

АҚДМ

мамыр

шілде

қыркүйек

Б.А. Тілепов

19.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.09.2021 № 696 қаулысымен.

20.

Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы

ЦДИАӨМ

маусым

шілде

қыркүйек

Ә.М. Ахметжанов

21.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЦДИАӨМ

маусым

шілде

қыркүйек

Ә.М. Ахметжанов

21-1.

Қоғамдық бақылау туралы

АҚДМ

тамыз

қыркүйек

қазан

Б.А. Тілепов

21-2.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

АҚДМ

тамыз

қыркүйек

қазан

Б.А. Тілепов

21-3.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЦДИАӨМ

маусым

шілде

қараша

А.С.
Жамбакин

22.

Әскери полиция органдары туралы

Қорғанысмині

шілде

қыркүйек

қараша

М.К. Бектанов

23.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қорғанысмині

шілде

қыркүйек

қараша

М.К. Бектанов

24.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

АҚДМ

тамыз

қазан

желтоқсан

А.Р. Оралов
 

25.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

МСМ

тамыз

қазан

желтоқсан

Н.М. Дәуешов


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

      СҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады