Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 13-1, 13-2-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
18 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | АҚДМ | мамыр | шілде | қыркүйек | Б.А. Тілепов |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-1, 21-2-жолдармен толықтырылсын:
"
21-1. | Қоғамдық бақылау туралы | АҚДМ | тамыз | қыркүйек | қазан | Б.А. Тілепов |
21-2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | АҚДМ | тамыз | қыркүйек | қазан | Б.А. Тілепов |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |