"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 696 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарында:

      реттік нөмірі 19-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-3-жолмен толықтырылсын:

      "

21-3.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЦДИАӨМ

маусым

шілде

қараша

А.С.
Жамбакин

          ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады