Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 6, 7-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 13-1, 13-2-жолдармен толықтырылсын:
"
13-1. | Қоғамдық бақылау туралы | АҚДМ | наурыз | сәуір | мамыр | Б.А. Тілепов |
13-2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | АҚДМ | наурыз | сәуір | мамыр | Б.А. Тілепов |
";
реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
19. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ЦДИАӨМ | маусым | шілде | қыркүйек |
А.С. |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |