Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 928 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 928 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында:

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданылуы 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін тоқтатыла тұрсын.".

      2. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      3. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 434-құжат):

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.";

      көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. Қызмет бабында пайдалану үшін.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 928 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 939 қаулысына
1-қосымша

Пилоттық органдардың тізбесі

      1.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.

      2.  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдары.

      3.  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет).

      4.  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдары.

      5.  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      6.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдары.

      7.  Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдары.

      8.  Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдары.

      9.  Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдары.

      10. Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары.

      11. Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары.

      12. Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары.

      13. Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады