ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері";
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жазалауларды орындау;";
орталық аппараттың функцияларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) құқық бұзушылық профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күрес, қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жазалауларды орындау салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;";
мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"24-1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
24-2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, ішкі істер органдарының объектілерін, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;";
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"25) жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3), 26-4), 26-5), 26-6), 26-7), 26-8), 26-9) және 26-10) тармақшалармен толықтырылсын:
"26-1) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының мемлекеттiк кадастрын бекiтедi;
26-2) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттердi бекітеді;
26-3) криминалистiк талаптар мен азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сынау әдiстерiн әзiрлейдi және бекітеді;
26-4) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекітеді;
26-5) азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын бекітеді;
26-6) азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын бекітеді;
26-7) азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттарды бекітеді;
26-8) заңсыз сақталатын атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтеулі тапсыру тәртібін белгілейді;
26-9) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрын әзірлеу, басып шығару және жүргізу қағидаларын бекітеді;
26-10) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;";
31-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"31-1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің қоғамдық тәртіпті сақтауды және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуі жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;";
38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"38) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекітеді;";
40) тармақша алып тасталсын;
42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"42) халықты жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелері бойынша құқықтық сауаттандыруды және оларға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;";
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"45) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен заңды тұлғаларға есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге рұқсаттар беруді жүзеге асырады;";
50) және 51) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"50) Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды Біріккен Ұлттар Ұйымының Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетiнің бекiтуі үшiн Үкiметке Қазақстан Республиканың есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға қажеттiлiк нормаларын ұсынады;
51) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну профилактикасы жөнiндегi өңiрлiк комиссиялардың қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады;";
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"53) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттiң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға қажеттiлiк нормаларын айқындайды;";
мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын:
"57-1) Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларды бекітеді;";
58) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 59-1) және 59-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"59-1) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекітеді;
59-2) шекаралық аймақта тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймақ тұрғынының куәлігін беру қағидаларын бекітеді;";
71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"71) ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"75) ішкі істер органдарының жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;";
78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"78) ішкі істер органдарында басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;";
80) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"80) мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында Министрліктің қарамағындағы олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүзеге асырады;";
91) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"91) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, арнаулы, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бөлімшелерін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;";
95-41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"95-41) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, сондай-ақ бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін бекітеді;";
95-47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"95-47) уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ әкімшілік қамауға алынған адамдарды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
95-63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"95-63) денсаулық сақтау органдарына есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың теріс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу бойынша психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруда және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiгін қамтамасыз етуде жәрдемдеседi;";
95-64) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 95-85), 95-86), 95-87), 95-88), 95-89), 95-90), 95-91), 95-92) 95-93) және 95-94) тармақшалармен толықтырылсын:
"95-85) бас бостандығы шектелген адамдарға, сондай-ақ соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
95-86) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзету қағидаларын бекітеді;
95-87) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзетудің инженерлік-техникалық құралдарымен жабдықтау қағидаларын бекітеді;
95-88) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын келіседі;
95-89) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95-90) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердегі (ұйымдардағы) тиісті контингентке медициналық қарап-тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімділігін белгілейді;
95-91) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
95-92) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені әзірлейді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
95-93) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды әзірлейді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен келісу бойынша бекітеді;
95-94) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;";
ведомстволардың функцияларында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) заңнамаға сәйкес лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;";
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының марапаттық қаруды сақтауына және алып жүруіне рұқсаттар беруді жүзеге асырады.
Заңды тұлғаларға экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензиялар алу үшін өтінішті келіседі (азаматтық пиротехникалық заттар және олар қолданылып жасалған бұйымдар);";
16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;";
16-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16-3) жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
"27-1) облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы берген рұқсат болған кезде келіседі;";
мынадай мазмұндағы 35-1), 35-2), 35-3) және 35-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"35-1) бас бостандығы шектелген адамдарға, сондай-ақ соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын әзірлейді;
35-2) қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзетуді қамтамасыз етеді;
35-3) қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзету қағидаларын әзірлейді;
35-4) қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзетудің инженерлік-техникалық құралдарымен жабдықтау қағидаларын әзірлейді;";
39) тармақша алып тасталсын;
67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"67) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, сондай-ақ уақтылы орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды жеткізуді ұйымдастырады;";
мынадай мазмұндағы 68-1), 68-2), 68-3) және 68-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"68-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
68-2) Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларын әзірлейді;
68-3) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
68-4) шекаралық аймақта тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймақ тұрғынының куәлігін беру қағидаларын әзірлейді;";
мынадай мазмұндағы 81-1) тармақшамен толықтырылсын:
"81-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені әзірлейді;";
84-29) және 84-30) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"84-29) көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады;
84-30) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласында шаралар жүйесін әзірлейді;";
84-31) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 84-36), 84-37), 84-38), 84-39), 84-40), 84-41), 84-42) және 84-43) тармақшалармен толықтырылсын:
"84-36) жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын әзірлейді;
84-37) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын әзірлейді;
84-38) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының мемлекеттiк кадастрын әзiрлейдi;
84-39) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;
84-40) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын әзiрлейдi;
84-41) азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын әзiрлейдi;
84-42) азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлейдi;
84-43) азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттарды әзірлейді;";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Министрліктің қызметін ұйымдастыру";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Министрліктің мүлкі";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату".
2. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың қырық бесінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |