Мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман иелену құқығымен беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 41 қаулысы

      2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі 12-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, мемлекеттік орман қорының кешенді пайдаланылуын ұйымдастыру үшін осы қаулыға қосымшаға сәйкес:

      1) Шымкент қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жасыл белдеу" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік орман қорының ауданы 752,8 гектар учаскелері;

      2) "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік орман қорының ауданы 4784,0 гектар учаскелері;

      3) "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік орман қорының ауданы 12430,0 гектар учаскесі орман иелену құқығымен берілсін.

      2. Шымкент қаласының және Атырау облысының әкімдері Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 9 ақпандағы
№ 41 қаулысына
қосымша

Орман иелену құқығымен берілетін мемлекеттік орман қоры учаскелерінің экспликациясы

  ауданы гектармен

Р/с №
 

Аумағынан мемлекеттік орман қорының учаскелері берілетін мемлекеттік мекемелердің атауы

Мемлекеттік орман қорының учаскелері
берілетін мемлекеттік мекемелердің атауы

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жасыл белдеу" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1 2 3 4 5

1

Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" мемлекеттік мекемесі



752,8

2

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" мемлекеттік мекемесі

4784,0

12430,0


ЖИЫНЫ:

4784,0

12430,0

752,8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады