Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы
2021 жылы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық жəне мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау жəне өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан əрі – Мемлекеттік комиссия) қосымшаға сəйкес құрамда құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау жəне өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын Мемлекеттік комиссияның қарауына 2021 жылғы 23 ақпанға дейін енгізуді қамтамасыз етсін.
4. Мемлекеттік комиссия:
1) Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау жəне өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды 2021 жылғы 1 наурызға дейін бекітсін;
2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |