Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 110 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі
өзара достық карым-қатынастарды одан әрі дамытуға және әскери саладағы ынтымақтастыққа ұмтыла отырып,
1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастық туралы шартты басшылыққа ала отырып,
Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту қажеттілігін негізге ала отырып,
Қырғыз Республикасының Қарулы Күштерін дамытуға жәрдем көрсету мақсатында,
қалыптасқан өзара достық қарым-қатынастарды және әскери саладағы ынтымақтастықты күшейтуге ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Қазақстан тарапы Қырғыз тарапына осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшада көрсетілген әскери мүлікті беру түрінде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді.
Осы Келісімді іске асыру бойынша уәкілетті органдар:
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қырғыз тарапынан - Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы болып табылады.
Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
Қазакстан тарапы әскери мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан Қырғыз Республикасының аумағына (Қой-Таш елді мекені) дейін автомобиль көлігімен жеткізуді қамтамасыз етеді, онда Тараптардың уәкілетті органдары тағайындаған өкілдер актіні ресімдей отырып, әскери мүлікті қабылдау-беруді жүргізеді. Қой-Таш елді мекеніне дейінгі көлік шығыстарын Қазақстан тарапы төлейді.
Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекараларын кесіп өткенге дейін 30 тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан тарапының уәкілетті органы Қырғыз тарапының уәкілетті органына әскери мүлікті жеткізуді жүзеге асыратын жеке құрамның атаулы тізімін береді.
Атаулы тізім мынадай мәліметтерді камтиды: тегі мен аты-жөні, туған күні, әскери атағы, лауазымы, жеке басты куәландыратын құжаттың атауы, сериясы мен нөмірі. Атаулы тізімді Қазақстан тарапының уәкілетті органы бекітеді.
Қазақстан тарапының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери киімінде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсете отырып, атаулы тізімге сәйкес Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекараларын кесіп өтеді.
Қырғыз тарапы осы Келісім шеңберінде Қазақстан тарапынан алған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермейді.
Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті хаттамалармен рәсімделеді.
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы Қазақстан тарапының жазбаша хабарламасын Қырғыз тарапы дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім Қырғыз тарапына осы Келісімге сәйкес берілетін әскери мүлік толық берілген кезден бастап өз қолданысын тоқтатады, оны Тараптар дипломатиялық арналар арқылы растайды.
Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылған кезде Қырғыз тарапының осы Келісімнің 5-бабында көзделген міндеттемелері күшінде қалады.
20__ жылғы "_" ___________ _____________ қаласында әркайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Қырғыз РеспубликасынынҮкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қосымша |
Берілетін әскери мүліктің тізбесі
Р/с № | Мүлік атауы |
Өлшем бірлігі | Саны |
---|---|---|---|
1. | БО оғы бар 5,45 мм патрон | дана | 6 000 480 |
2. | Жарықшақты-фугасты бастиегі бар 122 мм реактивті снаряд | дана | 1 000 |
3. | Қызғылт сары түсті түтінді жерүсті сигналдық патрон | дана | 2 000 |
4. | 26 мм сары түсті отты сигналдық патрон | дана | 1 000 |
5. | "Восток-СП" есту-қабылдау бекеті | бірлік | 4 |
6. | "Галактика" РПҚ | бірлік | 6 |
7. | "Калина 12x80" антенналық коммутаторы | бірлік | 1 |