"Кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестері құрамдарының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 475 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 115 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестері құрамдарының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 475 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы" ;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әсет Арманұлы Ерғалиевты "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады