"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абай есімі берілсін.
2. Батыс Қазақстан облысындағы мынадай білім беру ұйымдарының атаулары өзгертілсін:
1) "Дариян мектеп-гимназия-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Абай атындағы мектеп-гимназия-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Первосоветск жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Щапов жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) "Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Батурин жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Талғат Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) "Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Новенький жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Қасым Қайсенов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) "Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Ульянов жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Ілияс Есенберлин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Белогор негізгі орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Ақтау ауылының негізгі білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Полтава негізгі орта білім беретін мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Ардақ ауылының негізгі білім беретін орта мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |