"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 163 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2015 ж., № 14, 75-құжат; № 22-III, 150-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; № 12, 33-құжат; 2018 ж., № 12, 38-құжат; № 24, 92-құжат; 2019 ж., № 24-І, 117-құжат; 2020 ж., № 4, 89, 104-құжаттар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-бап "депутаттарының" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 3-баптың 1-тармағы "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 4-бапта:

      2-тармақ "депутаты" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта:

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңда белгіленген тәртіппен танылған адам Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкіміне кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.";

      4) 5-баптың 1-тармағы "мәслихаттарының депутаттары" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 6-бап "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 8-бап "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 9-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау кезінде басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланды деп есептеледі.";

      8) 12-бапта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Президенттi және Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөнiндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысаны мен мәтiнiн, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды жасау тәртiбiн, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне, өзге де сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктiң нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн белгiлейдi; Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;";

      15) тармақша "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      16-6) тармақша "депутаттарының," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 13-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасы "депутаттарының," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін он күннен, ал аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы жеті күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.";

      10) 14-бапта:

      2) тармақша "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) тармақша "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды тіркейді; кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркейді; кандидаттар мен сенім білдірілген адамдарға тиісті куәліктер береді; бұқаралық ақпарат құралдарында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабар жариялайды;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі сайлау учаскелері бойынша дауыс беру нәтижелерін белгілейді, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін тіркейді және бұқаралық ақпарат құралдарында бұл туралы хабар жариялайды; сайлау қорытындыларын шығару және Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында жариялау үшін тиісті сайлау округтері мен учаскелері бойынша дауыстарды санау хаттамаларын жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсынады;";

      10) тармақша "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды, шығып қалғандардың орнына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, мүшелерді қайта сайлауды және сайлауды тағайындайды және ұйымдастырады; аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне, мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне кандидаттарды, олардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді; жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тіркеу туралы хабар жариялайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау қорытындыларын шығарады; жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы хабар жариялайды;";

      11) 17-бапта:

      1-тармақ "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жөнiндегi учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн – он бес күннен кешiктiрiлмей, ал аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы жеті күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.";

      12) 18-баптың 1) тармақшасы "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 20-баптың 12-тармағының 2) тармақшасы "депутаттығына," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне," деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 21-бапта:

      1-тармақ "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау кезінде тиісті аумақтық сайлау комиссиясы құратын аумақтық сайлау округі құрылады.";

      15) 24-баптың 1-тармағы "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін," деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 28-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттар телевизиядағы сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатыса алады, оларды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастыруға құқылы.";

      17) 29-баптың бірінші бөлігі "депутаттығына," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне," деген сөздермен толықтырылсын;

      18) 33-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Осы мақсаттарға бюджет қаражатына иелік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Жергілікті бюджет қаражатынан мынадай:

      1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және олардың қызметіне, үй-жайларды жалға алуға, іссапар шығыстарына, консультанттардың, сарапшылардың, электрондық сайлау жүйесін пайдалануды қамтамасыз ететін мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;

      2) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкіміне кандидаттардың осы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуіне;

      3) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкіміне кандидаттардың осы Конституциялық заңның
28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес жүргізілетін сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге;

      4) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясы белгілейтін мөлшердегі көліктік шығыстарына;

      5) сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға арналған шығыстар жабылады.";

      19) 35-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау кезінде сайлау іс-шараларын қаржыландыру осы мақсаттар үшін ашылатын жергілікті атқарушы органдардың шоттары арқылы жүзеге асырылады.";

      20) 37-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сайлау бюллетенiне мемлекеттiк тiлдiң әлiпбилiк тәртiбiмен тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, барлық тiркелген кандидаттар және "Бәріне қарсы" деген баған енгiзiледi. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенiне жеребемен айқындалған тәртiппен саяси партиялардың атаулары және "Бәріне қарсы" деген баған енгiзiледi. Жеребе тартуды Орталық сайлау комиссиясы жүргiзедi. Жеребе тартуды өткiзудiң тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.";

      21) 38-баптың 1-тармағы "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      22) 39-баптың 1-тармағы "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      23) 40-баптың 1-тармағы "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      24) 42-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші бөлік "бос шаршының iшiне" деген сөздерден кейін "не "Бәріне қарсы" деген жолдың оң жағында орналасқан шаршыға" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік "оң жағындағы бос шаршыға" деген сөздерден кейін "не "Бәріне қарсы" деген жолдың оң жағындағы шаршыға" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ "бос шаршының iшiне" деген сөздерден кейін "не "Бәріне қарсы" деген жолдың оң жағындағы шаршыға" деген сөздермен толықтырылсын;

      25) 43-баптың 1-тармағы "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      26) 44-бапта:

      2-тармақ "депутаттарын," деген сөзден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау туралы хабарды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.";

      5-тармақта:

      бірінші бөлік "мәслихаттардың депутаттары," деген сөздерден кейін "аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік "депутаттығына" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне" деген сөздермен толықтырылсын;

      27) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-бап. Президентті, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін тіркеу

      Тиiстi сайлау комиссиялары осы Конституциялық заң белгiлеген тәртiппен жетi күн мерзiм iшiнде олардан Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес Президенттiң, Парламент, мәслихат депутатының, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң мәртебесiмен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғару туралы жазбаша өтiнiштерiн алғаннан кейiн сайланған Президенттi, Парламент, мәслихат депутаттары, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін тiркейдi.";

      28) 46-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-бап. Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутатының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің куәлігі және жергiлiктi өзi-өзi басқару органдары мүшелерiнiң куәлiгi мен төсбелгiсi";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне – олардың әрқайсысына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi куәлiгiн бередi.";

      29) 47-баптың 1 және 2-тармақтары "депутаттығына" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне" деген сөздермен толықтырылсын;

      30) 88-бапта:

      2-тармақтағы "жеті" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші бөліктегі "бестен жетіге" деген сөздер "үштен беске" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "үштен беске" деген сөздер "бірден үшке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "жеті" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      31) 97-1-бапта:

      1-тармақтағы "жеті" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын, "жеті проценттік" деген сөз "бес проценттік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "жеті" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      екінші бөліктегі "Жеті проценттік" деген сөз "Бес проценттік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "Жеті проценттік" деген сөз "Бес проценттік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтың екінші бөлігіндегі "жеті проценттік" деген сөз "бес проценттік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      32) 104-бапта:

      1-тармақта:

      үшінші бөліктегі "жеті" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "бестен жетіге" деген сөздер "үштен беске" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөліктегі "үштен беске" деген сөздер "бірден үшке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы бөліктегі "жеті" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      33) 111-1-бапта:

      1-тармақтағы "жеті" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын, "Жеті пайыздық" деген сөз "Бес пайыздық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "жеті" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      екінші бөліктегі "Жеті пайыздық" деген сөз "Бес пайыздық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "Жеті пайыздық" деген сөз "Бес пайыздық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтың екінші бөлігіндегі "жеті пайыздық" деген сөз "бес пайыздық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      34) мынадай мазмұндағы 13-1-тараумен толықтырылсын:

      "13-1-тарау. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау

      113-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тағайындау

      1. Сайлауды тағайындау үшін:

      1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің заңмен белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуы;

      2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуы немесе заңмен белгіленген жағдайларда әкімшілік-аумақтық бірлікті өзгерту негіз болып табылады.

      2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын тағайындайды және осы Конституциялық заңның 113-3-бабының
6-тармағында және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, олардың заңмен белгіленген өкілеттік мерзімі өткенге дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс.

      3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сайлауды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы бір ай ішінде тағайындайды және ол тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімінде өткізеді.

      4. Сайлау күні туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      113-2-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне қойылатын талаптар

      Қазақстан Республикасының азаматы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып сайлану үшін осы Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген талаптарға сай келуге тиіс.

      113-3-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну

      1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар өз мүшелері қатарынан, азаматтар – өзін-өзі ұсыну тәртібімен тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күні екеуден аз кандидат ұсынылған болса, аудан әкімі жүргізеді.

      Саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы.

      2. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар ұсыну туралы шешімі хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді.

      3. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі:

      1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі;

      2) кандидаттың дауысқа түсуге келісуі туралы өтінішімен бірге тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну туралы хаттамадан үзінді көшірмемен бір мезгілде жіберіледі.

      4. Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

      5. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидаттар ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он бес күн бұрын аяқталады.

      6. Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күні аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне екеуден аз кандидат ұсынылса, онда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша кемінде екі кандидат ұсынуға құқылы.

      113-4-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидатты қолдау үшін қол жинау

      1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидат дауыс беруге құқығы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз даусымен қолдау табуға тиіс.

      2. Сайлаушылардың қолдауы олардың қолдарын жинаумен куәландырылады.

      3. Әкімге кандидатты қолдау үшін қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың осы Конституциялық заңда және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күндік мерзімнен кешіктірілмей тиісінше аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы беретін қол қою парақтарымен ресімделеді.

      4. Әрбір қол қою парағының реттік нөмірі болуға және онда кандидат пен қол жинайтын адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), кандидаттың жеке қолы, сондай-ақ өз қолдарын қоятын сайлаушылар туралы мынадай мәліметтер:

      1) тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

      2) туған күні, айы және жылы;

      3) тұрғылықты жерінің мекенжайы;

      4) жеке қолы қамтылған бағандар болуға тиіс.

      5. Қол жинайтын адам қол жинау кезінде тиісті қол қою парағында жеке қолы тұратын кандидаттың сенім білдірілген адамын тіркеу туралы куәліктің көшірмесін көрсетуге тиіс.

      6. Қол қою парағының үлгісін Орталық сайлау комиссиясы бекітеді.

      7. Толтырылған қол қою парақтары тиісінше аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына тапсырылады, ол үш күндік мерзімде паспорт қызметтерінің жұмыскерлерін тарта отырып, жиналған қолдардың анықтығын тексеруді жүзеге асырады және тиісті хаттама ресімдейді.

      8. Қойылған қолдардың анықтығын тексеру осы баптың 1-тармағына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидатқа қажеттi мөлшерде қолдардың анықтығы белгіленгенге дейiн жүргізiледi.

      113-5-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу

      1. Кандидаттарды тіркеуді аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

      2. Саяси партия ұсынған кандидатты қоспағанда, кандидат өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

      Кандидат ұсынған саяси партия өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына ұсынылған бір кандидат үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

      3. Тіркелгенге дейін кандидат және оның зайыбы (жұбайы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс етеді.

      Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кірістер органдары кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде тексереді.

      Бұл ретте кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтерді табыс етуі туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап үш күн ішінде табыс етуге міндетті.

      4. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттың құжаттарын тіркегеннен кейін оны арнайы тексеру жүргізу үшін Қазақстан Республикасының аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарына жібереді.

      Арнайы тексерудің нәтижелерін Қазақстан Республикасының аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдары кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынады.

      Бұл ретте арнайы тексеру барысында ұлттық қауіпсіздік органдарының мәліметтерді ұсыну туралы талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап үш күн ішінде ұсынуға міндетті.

      5. Саяси партия ұсынған кандидатты тіркеу мынадай құжаттар:

      1) саяси партияны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, осы саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы отырысының кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;

      2) азаматтың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат болып дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініші;

      3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

      4) кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды табыс еткені туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

      5) саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

      6) адамның саяси партияға мүшелігін растайтын құжат болған кезде жүргізіледі.

      6. Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу мынадай құжаттар:

      1) азаматтың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініші;

      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік сайлаушыларының кандидатты қолдап қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының хаттамасы;

      3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

      4) кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды табыс еткені туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

      5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат болған кезде жүзеге асырылады.

      7. Осы Конституциялық заңның 113-3-бабының 6-тармағында көзделген тәртіппен аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ұсынған кандидатты тіркеу мынадай құжаттар:

      1) аудан әкімінің ұсынымы;

      2) азаматтың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат болып дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініші;

      3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

      4) кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды табыс еткені туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

      5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат болған кезде жүргізіледі.

      8. Аудандық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеу туралы хаттама жасайды.

      9. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, ұсынылу әдісін, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға тиесілігі мен ұлты туралы мәліметтерді көрсете отырып, тіркеу туралы хабарлама жариялайды.

      10. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы тіркеу кезінде кандидаттарға тиісті куәлік береді.

      11. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы:

      1) кандидат ұсыну қағидаларын бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды табыс етпеген;

      2) кандидат өзіне осы Конституциялық заңда және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

      3) кандидат өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған;

      4) кандидат, сондай-ақ кандидатты ұсынатын саяси партия сайлау алдындағы үгітті тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау күні не оның алдындағы күні жүргізген;

      5) сот кандидаттың және (немесе) оның сенім білдірген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне зиян келтіретін, оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін анықтаған;

      6) сот кандидаттың және оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактісін анықтаған;

      7) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес декларацияны табыстау кезінде кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің анық еместігі анықталған жағдайда;

      8) арнайы тексерудің теріс нәтижелері алынған жағдайда;

      9) осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда кандидатты тіркеуден бас тартады немесе кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

      12. Дауыс беру күнінен екі күн бұрын кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді.

      13. Кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға саяси партия, кандидаттарды ұсынған аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі немесе кандидат үш күндік мерзімде тиісті облыстық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасай алады. Шағым бойынша шешімді сот немесе жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясы шағым берілген күннен бастап үш күндік мерзімде шығарады.

      14. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидатты тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және сайлау күніне дейін он күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.

      113-6-бап. Кандидатураны алып тастау, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою

      1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс бергенге дейін екі күн қалғандағы кезеңде аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгіне отырып және саяси партияны немесе кандидатты ұсынған аудан әкімін хабардар ете отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.

      2. Кандидатты ұсынған саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы немесе аудан әкімі тіркеуге дейін екі күн бұрын әкімге кандидатқа хабарлай отырып, кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жоя алады.

      3. Кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жою туралы өтініш тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына жіберіледі, ол осының негізінде кандидатты тіркеуді жүргізбейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

      113-7-бап. Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну

      1. Егер кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған күнгі жағдай бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне екеуден аз кандидат тіркелсе, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы өз шешімімен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол он бес күннен аспайды.

      2. Егер тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттардың шығып қалуы нәтижесінде тиісті сайлау округі бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне екеуден аз кандидат қалса, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы өз шешімімен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол он бес күннен аспайды.

      3. Мұндай жағдайларда кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      113-8-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау кезінде дауыстарды санау

      1. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына жеткізіледі.

      2. Дауыстарды санау нәтижесін айқындауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлімінде белгіленген қағидаларға сәйкес шешіледі.

      113-9-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін қайта сайлау

      1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.

      2. Егер кандидаттар ең көп бірдей дауыс санын алса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.

      3. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейін бір ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Дауыс беру сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сайлаушылардың сол тізімі бойынша жүргізіледі.

      Қайта сайлау кезінде жүзеге асыру көзделген сайлау іс-шаралары осы Конституциялық заңға сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы айқындайтын мерзімдерде өткізіледі.

      113-10-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау қорытындыларын белгілеу және жариялау

      1. Сайлау қорытындылары учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының отырысында сайлаудан кейін үш күндік мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.

      Сайлау қорытындылары туралы хаттама жасалады, оған аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

      2. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп даусын жинаған кандидат аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып сайланды деп есептеледі.

      3. Сайлау қорытындыларын белгілеудің және жариялаудың өзге мәселелері осы Конституциялық заңның Жалпы бөлімінде белгіленген қағидаларға сәйкес шешіледі.

      113-11-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін тіркеу

      1. Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сайланған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімде тіркейді.

      2. Егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау кезінде не сайлау нәтижелерін айқындау кезінде осы Конституциялық заңды бұзушылық орын алса, тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың өтініштері бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын жарамсыз деп тануы және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін тіркеуден бас тартуы мүмкін.

      Кандидаттар аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес күн ішінде оған сотқа не жоғары тұрған сайлау комиссиясына шағым жасай алады, олар бес күндік мерзімде шешім қабылдайды.".

      2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады