"Қазавиақұтқару" және "Өрт сөндіруші" акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 180 қаулысы.


      "Қазавиақұтқару" және "Өрт сөндіруші" акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамы оған "Өрт сөндіруші" акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі түрлері төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою саласында авиациялық қызметтер көрсету, азаматтық авиация саласында өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру, азаматтық қорғау саласында жұмыстар мен қызметтерді орындау, өрттердің және табиғи және техногендік сипаттағы басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу, оларды жою болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі А. Мамин


      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 180 қаулысымен
бекітілген


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру


      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-68-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-201-жолмен толықтырылсын:

      "21-201. "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамы";

      "Алматы қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 123-129-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 295-7-жол алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Акционерлік қоғамдар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;

      осы қаулыға 2-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне берілетін заңды тұлғалардың, акциялардың мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарының тізбесінде:

      "Акционерлік қоғамдар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады