"Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 210 қаулысы.



      2021 жылғы 6 сәуірде "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 210 қаулысы (бұдан әрі – қаулы) қабылданды.

      Қаулы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 382-VI Қазақстан Республикасы Заңына Салық Кодексінің 341-бабының редакциясын 2025 жылға дейін ұзарту бөлігінде сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

      Осыған байланысты, қаулы Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін 3-1) тармақшамен Салық Кодексінің 341-бабына сілтеме норманы көрсете отырып толықтыруды көздейді.

      Салық Кодексінің 341-бабында Қағидалардың 6-тармағының 3-1) тармақшасы шеңберінде салық салудан, міндетті зейнетақы жарналарды төлеудін босатылатын жеке тұлғалардың табыстары көзделген.




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз