Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 14-2) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"14-2) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті органға терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіндегі ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін жіберу;
14-3) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті органға ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен адамдар тізбесінен алып тастау туралы мәліметтерді жіберу;";
60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"60) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;";
61-7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"61-7) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін бекіту;";
61-10) және 61-11) тармақшалар алып тасталсын;
62-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"62-1) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдігінің орналасқан жері бойынша салық органына осындай дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктің аккредиттелуі мен орналасқан жерін растайтын құжаттарды аккредиттеу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде беру;";
79) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"79) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарға келу, оның ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат беру;";
82) 83), 84), 85), 86) тармақшалар алып тасталсын;
87) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"87) Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту және одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және оларды қарау тәртібін әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 88), 89) және 90) тармақшалармен толықтырылсын:
"88) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
89) Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал шет елдердегі мекемелерінің санаттарына сәйкес олардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
90) Инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу тәртібін салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша бекіту.";
ведомстволардың функцияларында:
46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"46) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 49-1), 49-2) және 49-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"49-1) инвестициялық салық кредитін беру туралы келісімдер жасасу;
49-2) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттар қолданысының тоқтатылғаны туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мерзімде және нысан байынша салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беру;
49-3) инвестициялар туралы жасалған келісімдер және мұндай келісімдердің бұзылуы туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мерзімде және нысан байынша салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беру;";
мынадай мазмұндағы 50-2) тармақшамен толықтырылсын:
"50-2) инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу тәртібін салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша әзірлеу;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |